Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Мемлекеттік қызметшілердің әдебі және мінез-құлық нормалары түсіндірілді

23.08.2019
12:45
162

Ағымдағы жылдың 20 тамызында Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен және басқармаға бағынысты мемлекеттік коммуналдық мекемелердің басшылық құрамымен мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы нормаларын сақтау мәселелерi бойынша кездесу шарасы  өтті.

Аталмыш шараға арнайы шақырылған облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Есенәлі Жарылқасынұлы Иса қызметкерлердi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексiнiң негiзгi ұғымдарымен, ережелерiмен және талаптарымен, әдеп жөніндегi уәкiлдiң атқарып жатқан жұмысы, оның негiзгi функциялары таныстырылды. Тыйым салулар мен шектеулердi бұзу немесе этикалық нормаларды бұзу, соның iшiнде мемлекеттік қызметшінің беделiн түсiретiн терiс қылық жасау салдары, сондай - ақ уәкіл өз сөзiнде өңiрлерге iссапарға келген мемлекеттiк қызметшiлердiң Әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселесi ерекше бақылауға алынғанын атап өттi. Басқарманың барлық қызметкерлерiн мемлекеттiк қызметшілердің iс-сапарларындағы тәртiбi туралы Жадынамамен, "Мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық нормалары" покетбугіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жұмыстан тыс уақыттағы сын тудыратын іс-әрекеттері, жұмыс кестесінен тыс уақытта артық жұмыс жасауы туралы, қызметтiк автокөлiктiң пайдаланылуына, мүдделер қақтығысына және тағы басқа мәселелерге тоқталып өттi.

Кездесу барысында басқарма қызметшілер тарапынан сауалдар қойылып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. 

Шара  соңынан Есенәлі Жарылқасынұлы басқарма қызметшілерімен жеке қабылдау өткізіп, оларды толғандырып жүрген мәселелерге назар аударды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет саласына қызығушылық танытып жүрген, басқармада қызмет ететін жас маман - инспектор М.Тобағұлға   уәкіл тарапынан мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі, меритократия, әдептілік принциптері, мемлекеттік қызметке орналасу және оны өткеру туралы, мемлекеттік қызметтің  маңызы мен бүгінгі таңда алатын орны бойынша кеңінен ақпарат берілді. 

Әдеп жөніндегі уәкілмен болған кездесу өте қызықты және ақпараттық мазмұнды болды. 

Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz