Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы «30»шілдедегі № 225 қаулысымен бекітілген «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeci туралы Ережесіне еңгізілген өзгерістер

20.01.2016

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeci туралы

Ережесіне еңгізілген өзгерістер

2-бөлімнің 15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«15. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласында және өз құзыреті шегінде көші-қоны саласында мемлекеттік саясатты icкe асыру болып табылады.»;

2-бөлімі 16-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) гендерлік аспектіні есепке ала отырып, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласында және өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласында және өз құзреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы салааралық үйлестіру және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;»;

2-бөлімнің 17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«17. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

2) жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

3) еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжам жасайды, халықты және Қазақстан Республикасының жоғарғы органдарын өңірдегі еңбек рыногының жай-күйі туралы хабардар етеді;

4) мүгедектерді жекелей оңалту бағдарламасын, мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау және беруді, тұрғын үй көмегін, 18 жасқа дейiнгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар және өзге де жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдер мониторингін және бақылауды жүзеге асырады;

5) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер берудің мониторингін жүзеге асырады;

6) жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттк қызметтердің мониторингін жүзеге асырады;

7) жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат береді, сондай-ақ көрсетілген рұқсатты тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;

8) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

9) жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және өз құзыреті шегінде көші-қоны мәселелері үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

10) қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдарға әдістемелік және ұйымдастыру басшылығын жүзеге асырады;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды ұйымдастырады.».

3-бөлімнің 26-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«26. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.».


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz