Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы «17»сәуірдегі№ 115 қаулысымен бекітілген«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттiк мeкeмeci туралы ЕРЕЖЕ

20.01.2016

8-қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2013 жылғы «17»сәуірдегі № 115

қаулысымен бекітілген

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»

мемлекеттiк мeкeмeci туралы

Е Р Е Ж Е

Ұйымдық-құқықтық нысаны: мемлекеттік мекеме (ММ)

Мемлекеттік меншік түрі: коммуналдық

Құрылтайшысы: Маңғыстау облысының әкімдігі

Орналасқан жері:    Қазақстан Республикасы,

Маңғыстау облысы, 130000,

Ақтау қаласы, 24 шағын аудан,

7 ғимарат

2013 жыл

1. Жалпы ережелер

1. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан, 7 ғимарат. 

9. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Управление координации занятости и социальных программ Мангистауской области».

10. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.

11. Осы Ереже «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

14. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

15. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Маңғыстау облысы аумағында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты icкe асыру болып табылады.

16. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

1) гендірлік аспектіні есепке ала отырып, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы салааралық үйлестіру және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де міндеттер болып табылады.

17. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіпте келесідей функцияларды жүзеге асырады:

1) жұмыспен қамту, мұқтаж азаматтар санаты мен балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау саласында, сондай-ақ, облыстық және жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және төлеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлейді;

2) облыстық деңгейде жасалатын өңірлік келісімдерді әзірлейді;

3) қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне әдістемелік және ұйымдастыру басшылығын жүзеге асырады;

4) еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжам жасайды, халықты және Қазақстан Республикасының жоғарғы органдарын өңірдегі еңбек рыногының жай-күйі туралы хабардар етеді;

5) халықты жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламасын, облыс халқын жұмыспен қамтуды жетілдіру жөніндегі ic-шарала жоспарын әзірлеуге қатысады;

6) ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында инвестициялық келсім-шарт жобаларын қарауға қатысады;

7) облыс аумағында, облыстар арасында жұмыс берушілердің өз қызметін жүзеге асыруы үшін шетелдік жұмыс күшін тарту негіздемесін әзірлейді;

8) мүдделі органдармен бipгe мамандарды даярлау және оларды жұмысқа орналастыру кажеттілігін анықтайды;

9) облыстағы еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын жасақтайды;

10) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласы бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдарды әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестіруді жүзеге асырады;

11) облыс мүгедектерін оңалту жөніндегі кешенді бағдарламалар әзірлейді;

12) мүгедектерді оңалту бойынша өңірлік және қалалық (аудандық) бағдарламалардың мониторингін ұйымдастырады;

13) кемтар балаларды әлеуметтік қолдау бағдарламасын әзірлейді;

14) әлеуметтік қызметтерді әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;

15) азаматтардың жеке санаттарын және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

16) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік балалар жәрдемақысын тағайындау және төлеу мәселелері бойынша уәкілетті органдарға мониторинг жүргізіп, әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

17) жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдер алушылардың құрамы мен санының мониторингін жүзеге асырады;

18) мүгедектерді жекелей оңалту бағдарламаларының мониторингін және icкe асырылуын бақылауды жүзеге асырады;

19) әлеуметтік төлемдер мөлшерін арттыру жөнінде ұсыныстар  әзірлейді;

20) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасымен «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

18. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерді іске асыруда және өз функцияларын жүзеге асыруда белгіленген тәртіпте мыналарға:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

2) «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша семинарлар мен кеңестер ұйымдастыруға және оларға қатысуға;

3) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

19. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1) «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;

3) «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;

4) «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

3. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметін ұйымдастыру

20. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

21. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы облыс әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

22. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

23. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) өз орынбасарларының, бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

2) «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіпте «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады;

5) «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

6) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің  мүддесін білдіреді;

7) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

8) «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

24.   «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

25. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде оның консультативтік-кеңесші органы ретінде алқа құрылады.

Алқаның дербес құрамын лауазымы бойынша алқа төрағасы болып табылатын «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы бекітеді.

Алқа шешімі алқа мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда, алқа төрағасы шешім қабылдайды.

Алқа туралы ереже «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысымен бекітіледі. Алқаның шешімдері алқаның қаулыларымен ресімделеді.

26. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі және тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін куәландыру жөніндегі комиссияның жұмыс органы, сонымен қатар облыс әкімі жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

27. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентімен белгіленеді.

4. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүлкі

28. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

29. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

30. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген  қаражат  есебінен  сатып  алынған  мүлікті  өз  бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

32. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

33. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан  Республикасының  заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату

34. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігімен жүзеге асырылады.

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

1.   Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат-үйі» мемлекеттік мекемесі;

2.   Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Психоневрологиялық интернат-үйі» мемлекеттік мекемесі;

3.    «Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі;

4.   Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі» мемлекеттік мекемесі.


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz