Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

2017 жылға Маңғыстау облысына шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесі бойынша ақпарат

24.05.2018

Бүгінгі таңда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бірінші кезекте жоғары білікті мамандарды облыста жүргізіліп жатқан маңызды жобаларға тартылуға берілуде,  ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында төртінші  санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға мейлінше шектеу қойылуда.

 Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру функциясы 2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсету реестріне енгізілді.

«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту»  мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітіліген стандарты және облыс әкімдігінің 2017 жылғы 4 мамырдағы  № 103 қаулысымен бекітілген регламетімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің   м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы  № 559 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары» (бұдан әрі-Қағида) бойынша реттеледі.

Жергілікті атқарушы орган рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссия ұсынымдарының негізінде қабылдайды.

Комиссияның құрамына ішкі істер органдарының, білім беру саласындағы органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның өкілдері кіреді.

  2017 жылғаҚазақстан Республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  шетелдік жұмыс күшін тартуға 5 042 (бірлік) квота бөлді, оның ішінде I санат – 239 бірлік, II санат – 1445 бірлік,  III санат – 1957 бірлік, IV санат – 1120 бірлік.

  Ауыл шаруашылығының, атап айтқанда егін, балық  шаруашылығының дамуына байланысты жыл сайын облыста ауыл шаруашылық жұмыстарымен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының саны өсуде. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облысқа маусымдық жұмыстарға  281 (бірлік) квота бөлді.

2017 жылы Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен шетелдік жұмыс күшін тартуға 2270 рұқсат берді (2016 жылы -2489), оның ішінде:

I санат бойынша – 60 (2,6%),

II санат бойынша –887 (39,1%),

III санат бойынша – 755 (33,2%),

IV санат бойынша – 353 (15,6%),

маусымдық жұмысшылар бойынша – 185 (8,2%),

корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 30 (1,3%).

Тартылған шетелдік жұмыс күшінің ішінде жоғары білікті мамандардың үлесі 76,3%-ды құрап отыр.

Сондай-ақ 198 (2016 жылы - 122) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруден  бас тартылды

  2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға алған рұқсаты үшін әрбір шетелдік азаматқа алым төлеуге тиісті.

Жұмыс берушілер облыстық басқармаға 2017 жылы  798 715 228 (жеті жүз тоқсан сегіз миллион жеті жүз он бес мың екі жүз жиырма сегіз) теңге мөлшерінде алым төлегенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынды.

Жыл басынан бері облысқа негізгі шетелдік жұмыс күшін әкелуші келесі елдер болып табылады: Қытай - 443, Таиланд - 413, Үндістан - 223, Филиппин – 193, Италия – 156.

2018 жылғы 1 қаңтарына шетелдік жұмыс күшін тартатын 165 жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген қолданыста 1787 рұқсаты бар. Квотаның орындалысы 35,4 %-ды құрап отыр. 

 Маңғыстау облысы бойынша жұмыс жасайтын шетелдіктердің үлесі -  6,5 % (2190 адам, оның ішінде 474 шетелдік рұқсатсыз), сәйкесінше шетелдік жұмыс күшін тартатын облыс мекемелеріндегі қазақстандықтардың үлесі 93,5%-ды (31372 адам) құрайды.

 Шетелдік жұмыс күшін тартатын ұйымдарда 2017 жылы қазақстандық азаматтар үшін 4698 жаңа жұмыс орны құрылды, 14297  қазақстандық қызметкер кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтті, оның ішінде ерекше шарттарды орындау мақсатында 542 адам оқытудан өтті.

  Сонымен қатар 159 рұқсаттың қолданылуы тоқтатылды:

- жұмыс беруші рұқсатты уәкілетті органға өз еркімен қайтаруына байланысты 153 рұқсат;

- жұмыс берушілердің  шетелдік жұмыс күшін тарту барысында төленетін алымды растайтын құжаттарының уақытылы ұсынылмауына байланысты 6 рұқсат.

Аталған мемлекеттік қызметті электрондық форматта көрсету көрсеткіштерін арттыру үшін, мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар тұрақты түрде жұмыс берушілерге электрондық форматта құжаттар тапсыруына кеңес беріп отырады.

 Сондай-ақ 2017 жылдың 20 маусымы мен 3 қазанында шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге дөңгелек үстел өткізіліп, оларға электрондық форматқа көшу жолдары түсіндіріліп, толықтай мағлұматтар берілді.


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz