Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Қоғамдық талқылау

05.02.2019

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 342 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы»қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

  Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 516 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17942 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 342 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2900 болып тіркелген, 2015 жылғы  21 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

  «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

    3- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  «3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: есту аппараттарын таңдау мен теңшеуді қоса алғанда, мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдар ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу, соңдай-ақ сервистік қызмет көрсету туралы хабарлама.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;

    «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

2

«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы («Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

    1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).»;

8 тармақтың он бірінші және он екінші азат жолдары жаңа редакцияда жазылсын:

«3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасымен өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ӨМ-нің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген) бекітілген Оралман мәртебесін беру қағидаларының 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талаптарға өтініш берушінің сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері.»;

  «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  «1. «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудан және қала жергілікті атқарушы органы (Маңғыстау облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

    Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы арқылы жүзеге асырылады.»;

  Келесі мәтіндегі 4 бөліммен толықтырылсын:

  «4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;

  Келесі мәтіндегі 9-1 тармақпен толықтырылсын:

3

«9-1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат арқылы оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.

Құжаттар туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі; тұрғын үйге тіркелген құқықтар туралы; мекен-жай анықтамасы, көрсетілетін қызмет алушының кәсіпкерлік және басқа қызметтен түскен әлеуметтік жәрдемақы көмек, балалар мен басқа да асырауындағы табыс түрлерінің анықтамасы, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы жұмыссыз мәртебесін растайтын құжатты «электрондық үкімет» шлюз арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.».

Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерің шығарады, көрсетілетін қызмет алушыға түпнұсқаларды кейін қайтарады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияға ұсынған нысанда пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.»;

  Келесі мәтіндегі 10 тармақпен толықтырылсын:

«10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып Мемлекеттік корпорация арқылы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:

    1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді және құжаттарды жинақтау жүйесіне береді - 20 (жиырма) минут;

    2) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды жинайды, тізілімдеме жасайды және Мемлекеттік корпорацияның курьері арқылы құжаттарды көрсетілетін қызмет көрсету кеңсесіне жібереді - 1 (бір) күн ішінде;

    3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі Мемлекеттік корпорациядан келген құжаттарды қабылдайды, қолхат беріледі, электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді, бұрыштамаға қол қою үшін басшысына құжаттарды жолдайды– 15 (он бес) минут;

    4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны белгілейді және орындауға жібереді – 1 (бір) күн ішінде;

    5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді, нәтижесін ресімдейді және материалдармен бірге құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – күнтізбелік 6 (алты) күні ішінде;

4

    6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды –1 (бір) күн ішінде;

    7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды – 1 (бір) күн ішінде.»;

  Келесі мәтіндегі 11 тармақпен толықтырылсын:

    «11. Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін талап етілмеген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жіберу тізілімімен көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтау үшін береді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.»;

  «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – Орталық) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

    1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3)www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;

3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жұмыссыз ретінде тіркеу туралы қағаз және электрондық түрдегі хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйырығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10 тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.»;

Келесі мәтіндегі 9-1 тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат арқылы оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.

5

Құжаттар туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі; тұрғын үйге тіркелген құқықтар туралы; мекен-жай анықтамасы, көрсетілетін қызмет алушының кәсіпкерлік және басқа қызметтен түскен әлеуметтік жәрдемақы көмек, балалар мен басқа да асырауындағы табыс түрлерінің анықтамасы, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы жұмыссыз мәртебесін растайтын құжатты «электрондық үкімет» шлюз арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.».

Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерің шығарады, көрсетілетін қызмет алушыға түпнұсқаларды кейін қайтарады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияға ұсынған нысанда пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.»;

Келесі мәтіндегі 10 тармақпен толықтырылсын:

«10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып Мемлекеттік корпорация арқылы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:

    1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді және құжаттарды жинақтау жүйесіне береді - 20 (жиырма) минут;

    2) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды жинайды, тізілімдеме жасайды және Мемлекеттік корпорацияның курьері арқылы құжаттарды көрсетілетін қызмет көрсету кеңсесіне жібереді - 1 (бір) күн ішінде;

    3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі Мемлекеттік корпорациядан келген құжаттарды қабылдайды, қолхат беріледі, электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді, бұрыштамаға қол қою үшін басшысына құжаттарды жолдайды– 15 (он бес) минут;

    4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны белгілейді және орындауға жібереді – 1 (бір) күн ішінде;

    5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді, нәтижесін ресімдейді және материалдармен бірге құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – күнтізбелік 6 (алты) күні ішінде

    6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды –1 (бір) күн ішінде;

    7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды – 1 (бір) күн ішінде.»;

6

Келесі мәтіндегі 11 тармақпен толықтырылсын:

«11. Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін талап етілмеген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жіберу тізілімімен көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтау үшін береді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.»;

  «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудан және қала жергілікті атқарушы органы  көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы жүзеге асырылады.»;

3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жұмыссыз ретінде тіркеу туралы қағаз және электрондық түрдегі хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйырығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10 тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.».

3. «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Қ.С. Берішбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  А.С. Қыраубаевқа жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі  Тоғжанов Е.


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz