Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 134 20.03.2019ж. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2019 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидаларын бекіту туралы

10.04.2019

Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2019 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидаларын бекіту туралы

«2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»  2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және  «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 808 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2019 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері:

1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;

2) есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептерді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

  Премьер-Министрі   А. Мамин


 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2019 жылғы  « » _____________

  қаулысымен

бекітілген

Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2019 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2019 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 808 қаулысына сәйкес әзірленді.

2. Қағидалар 213 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің 058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 058 бюджеттік бағдарлама) бойынша көзделген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар, астана бюджеттерінің пайдалану тәртібін айқындайды.

3. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 058 бюджеттік бағдарламаның мынадай бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша пайдаланылады:

1) 105 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» (бұдан әрі – 105 кіші бағдарлама);

2) 107 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін  қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» (бұдан әрі – 107 кіші бағдарлама).

5. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды 058 бюджеттік бағдарламаның 105 және 107 кіші бағдарламалары бойынша қаржыландырудың жеке жоспары негізінде «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығында белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) тәртіппен төлемдер бойынша жүргізеді.

2-тарау. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2019 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін

ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

6. Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:

1) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға;

2) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға;

3) жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге;

4) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен, несеп қабылдағыштармен және нәжіс қабылдағыштармен) қамтамасыз ету нормаларын «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларының 93-тармағында көзделген мөлшерге дейін ұлғайтуға;

5) «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген) бекітілген оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларына сәйкес ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге;

6) «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарының тізбесін кеңейтуге (бұдан әрі – тізбені кеңейту);

7) Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір реттік қолданылатын катетерлерді ұсынуға пайдаланылады.

7. Осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2), 3) тармақшалары бойынша республикалық бюджеттен қаражат бөлу жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды ескере отырып, мынадай қатынаста: республикалық бюджеттен – іс-шараларды іске асыруға қажетті көлемнің 30 %-ы, жергілікті бюджеттен – 70 %-ы жүзеге асырылады.

8. Міндетті гигиеналық құралдарға, мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарға, естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтеріне қажеттіліктің және (немесе) олардың құнының артуы салдарынан ағымдағы нысаналы трансферттер сомалары жеткіліксіз болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жөргектермен, несеп қабылдағыштармен және нәжіс қабылдағыштармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге, тізбені кеңейтуге шығыстарды тиісті жергілікті бюджет қаражатының есебінен көздейді.

9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астана әкімдері келіп түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мына бюджеттік бағдарламалар бойынша:

1) мынадай:

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге, тізбені кеңейтуге, Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне кейіннен трансферттерді аудару үшін 045 «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;

тізбені кеңейтуге облыстық деңгейде шығыстарды қаржыландыру үшін 046 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» жергілікті бюджеттік бағдарламалары бойынша 256 «Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

2) жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге 077 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 263 «Облыстың ішкі саясат басқармасы», 328 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі саясат және дін істері басқармасы» және 362 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі саясат басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша;

3) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне кейіннен трансферттерді аудару үшін 045 «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 268 «Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

4) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге, тізбені кеңейтуге, Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге 045 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 333 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» және 355 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша;

5) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 046 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша  335 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

6) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 013 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша  348 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша көздейді.

10. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органдары келіп түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді:

1) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге, тізбені кеңейтуге, Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге 050 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 451 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» және 801 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша;

2) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 050 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша  458 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

3) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 059 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша  483 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

4) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 050 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша  485 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

5) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 050 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша  490 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

6) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 050 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша  492 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі,  автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

7) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 050 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша  495 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша көздейді.

11. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы жергілікті уәкілетті органдардың мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнату және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтау;

2) қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуды ескере отырып, міндетті гигиеналық құралдар (жөргектер, несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар) сатып алу, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну көлемін жылына отыз сағаттан алпыс сағатқа дейін ұлғайту, тізбені кеңейту, әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті билік органдарының Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір реттік қолданылатын катетерлерді ұсыну;

3) жергілікті уәкілетті органдардың өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі жаңалықтар телебағдарламаларының трансляциялануын сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.

12. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астана әкімдері есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есептерді республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ұсынады.

3-тарау. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2019 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртiбi

  13. Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:

  1) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын сатып алуға;

  2) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге пайдаланылады.

14. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астана әкімдері:

053 «Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсету» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстарды облыстық деңгейде қаржыландыру үшін 256 «Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»;

шығыстарды республикалық қала, астана деңгейінде қаржыландыру үшін 333 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы», 355 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері бойынша келіп түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді көздейді.

15. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астана әкімдері есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есептерді республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ұсынады.

______________________


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz