Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Кіру Тіркелу

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

2017 жылға «Үздік әлеуметтік жобалар көрмесі» облыстық конкурсы

10.03.2017
12:07
172

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен ағымдағы жылғы қазан айында 2017 жылға «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесін өткізу жоспарланды.

Өңірлік  деңгейде іс-шараны ұйымдастыруды Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) жүзеге асырады.

    2017 жылға облыстық үздік әлеуметтік жобалар көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жергілікті атқарушы орган өңірлік деңгейдегі іріктеу турының ұйымдастыру қызметін үйлестіру үшін үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияны құрады.

    Іс-шаралар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, қоғамдық  бірлестіктерге көмек көрсету, халықтың әлеуметтік осал топтарының өмірлік деңгейін көтеру мақсатында әзірленді және ұсынымдық сипатқа ие.

    Өңірлік деңгейде әлеуметтік жобаларды іріктеу ағымдағы жылдың қыркүйек айында комиссиямен жүргізіледі.

    Аталған іс-шараларға қаржыландыру көздеріне қарамастан халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде қызмет атқарып отырған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектердің қоғамдық ұйымдары, басқа мекемелер, ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

    Әлеуметтік жобаларды іріктеу келесі критериялар бойынша жүргізіледі:

1.  жобаның әлеуметтік маңыздылығы;

2.  жобаның уәжді негіздемесі;

3.  өмірлік қиын жағдайда жүрген халықтың әлеуметтік көмекпен қамтылуы, әлеуметтік қолдаудың әртүрлілігі,  жобаны тәжірибелік іске асырудағы оң нәтижелер;

4.  ұсынылған құжаттардың, презентациялау материалдарының ресімделу сапасы;

5.  жобалардың жүзеге асырылуы, 1 жылдан астам мерзімде;

6.  жобаға қатысушылардың жас шамасы шектелмеген;

7.  жобалар презентациясы слайд немесе ролик түрінде көрсетілуі мүмкін (роликтің ұзақтығы 4-5 минут және сөз сөйлеу 3 минуттан кем болмауы керек).

Іріктеу турына қатысуға өтінімнің нысаны қосымша беріледі.

Комиссия іріктеп алған жобалар материалдары ағымдағы жылдың тамызында министрлікке  жолданады.

  Қосымша сұрақтар бойынша: 8/7292/ 605253 (152, 149) телефонына хабарласуға болады.


 
Ақпараттық ресурстар
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы