Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Маңғыстауда көпбалалы аналар жеке кәсіп ашып жатыр

09.11.2017
13:11
589

Маңғыстаулық көпбалалы аналар «Өрлеу» бағдарламасымен мемлекеттен 3 айға төленетін біржолғы төлемақыны алып, жеке кәсіп ашып жатыр. Өңірде «100 нақты қадам. Ұлт жоспарына»  сәйкес кешенді атқарылып жатқан шараның шарапатын әсіресе халқы тығыз қоныстанған Мұнайлы ауданының тұрғындары көріп келеді. Ақтаудың іргесіндегі елді мекенде «Алтын» және «Күміс алқа» таққан аналар көп. Олар атаулы көмекпен балалар жәрдемақысына қарап отырмай, шаруашылықпен айналысып, пайда табуды жөн санайды. Ақмарал Бекболова – «Алтын алқа» иегері. Қызылтөбе ауылында тұратын көпбалалы ана ақпан-шілде аралығында 7 балаға 76 мың теңгеден шартты қаржылай көмек алып келді. Күнкөрістен артылған ақшасын тауық, қой-ешкі сатып алуға жұмсапты. Қазірде ұсақ жандық пен құс еті, жұмыртқа сатып, күнделікті табыс көзін ашқан. 

Ақмарал Бекболова, Қызылтөбе ауылының тұрғыны: – «Өрлеу» бағдарламасы мен сияқты көпбалалы аналарға көмектеседі деп есептеймін. Бүгінгі жиналыста да сол бағдарлама жөнінде айтылды. Келесі жылғы өзгерістер жақсы нәтиже әкеледі деймін. Көпбалалы аналарға «Өрлеу» бағдарламасына келсін, қатыссын деймін. Көп пайдасы бар. Себебі оның нәтижесі өзімнен шығып тұр. Пилоттық негіздегі «Өрлеу» жобасы Маңғыстау облысында 2015 жылы қолданысқа енді. Үш жылда бас-аяғы 4364 адам қатысты. Нәтижесінде мыңға жуық еңбекке қабілетті азамат тұрақты табыс көзін тапты. Халыққа балық емес, қармақ ұсынып, қоғамдағы масылдықты жоюға жол ашқан атаулы әлеуметтік көмектер келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа жүйе бойынша ұсынылады. 

Өңірде құрылған жұмыс тобы аудан-ауылдарда үнпарақтар таратып, халыққа түсіндіру жұмыстарын бастады. Қарашаш Нұрмамедова, өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары: – Әлеуметтік көмек жүйесінде бізді үлкен жаңғыру күтіп тұр. Бұрын әлеуметтік жәрдемақы мен төлемдер әртүрлі кретерийлер бойынша төленетін. Қазір отбасының жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 50 пайызына жетпеген жағдайда бір кретериймен төленетін болады. Бұл үлкен дайындық қажет ететін жұмыс негізінде. Ең біріншіден – кадрлық мәселе. 

Бұрын адамдар бірнеше органға баратын болса, енді мұның барлығының жұмыспен қамту орталықтары болады. Биыл ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізген оқу курстарына өңірден 22 маман қатысып, даярлықтан өтіп келді. Яғни олар қызмет ететін мемлекеттік органдар халыққа жаңа жүйедегі атаулы әлеуметтік көмектерді көрсетуге тас түйін дайын. Авторлары: Талғат Исламұлы. Саламат Бекбаев

Дереккөз: 24.kz





Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz