Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы мәлімет.

28.02.2018
13:02
399

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  туралы мәлімет.

  «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2009  жылы 8 маусымда берілген № 9863-1443-ММ куәлігі бойынша  ашылып, денсаулығынының жай-күйі  бойынша бөгде адамдардың көмегіне және медициналық қызмет көрсетуге тұрақты мұқтаж, психоневрологиялық патологиясы бар 4 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және олардың орталықта уақытша немесе тұрақты тұруын қамтамасыз етілуде. Жалпы ауданы: 9596,6 шаршы метр, 2 қабатты ,типтік ғимарат. Негізгі ауданы: 3356,2 шаршы метрді құрайды. Балаларға арналған жалпы орын саны: 210.  Бүгінгі таңда қызметтер көрсету орталығының тұрақты бөлімінде 60 бала, күндізгі бөлімінде 50 бала, жалпы 110 қызмет алушы қызмет алуда. Соның ішінде 25 қызмет алушы  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. Қызмет алушылар денсаулықтарына, жас ерекшеліктеріне, жынысына байланысты 5 блокта,  14 топқа бөлінген. Тұрақты бөлімде 8 топ. Ауыр топтағы өздігінен жүріп тұра алмайтын балалар тұратын «Қамқорлық» блогында 25 бала, өз-өзіне қызмет ете алмайтын және коляскіде отыратын «Достық» блогында 17 бала,  ересек қыз балалар «Қызғалдақ» блогында 18 қыз бала. Күндізгі бөлім бойынша 6 топ қызмет  алуда. 

  Медициналық – әлеуметтік мекемелердің  (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы №139 бұйрығымен бекітілген.

Жалпы қызметкерлер саны-166, әкімшілік қызметкерлер-19, педагог қызметкерлер-29, медицина қызметкер-23, ас үй қызметкері-10, шаруашылық қызметкерлер-16, кіші қызметкерлер-69, оның ішінде  палаталық  санитар- 51, еден жуушылар-18.

  Қоғамның әлеуметтік тұрғыдан ең осал топтарының бірі болып табылатын мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің нормалары мен көлемінің қызмет көрсету сапасын арттыру, көрсетілген қызметтер аясын кеңейту, мақсатында стандарт бойынша 8 түрлі  әлеуметтік қызметтер  көрсетілуде.

  Әлеуметтік-тұрмыстық қызметті атқару барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылы 26  наурыздағы  №165 Қаулысымен бекітілген тамақтану нормаларына сәйкес 110 тәрбиеленуші балаға жас деңгейіне байланысты 3 мезгіл жеңіл тамақ және 3 мезгіл ыстық тамақ беріледі. 

  Қызметтер көрсету орталығындатәрбиеленуші балалар санитарлық гигиеналық  нормалар мен талаптарға сәйкес қатты және жұмсақ инвентарьмен  жабдықталған. Әр балаға жатын бөлмесі 4,5 шаршы метрден бөлінген. Топтарда ойын бөлмелері және оқуға арналған сыныптар орналасқан.

Дәрігер мамандарының көмегімен әрбір балаға физиотерапиялық, магниттік терапия, оттегі терапиясы, парафинмен, ультра-сәулемен, сумен емдеу, уқалау, тағы  басқада емдеу шаралары жүргізілуде. Медицина бөлімінде төмендегі бөлмелер қызмет көрсетеді.

1.Физиотерапиялық бөлім УВЧ, электрофорез, «Тубус», «Электросон»,

«Стимул», «Магнитотерапия», «Поток», «Ингалятор», «О2 терапия» аппарат-тарымен жабдықталған. 

2.Уқалау бөлмесінде кесте бойынша балалардың буындарын босаң-сыту  мақсатында уқалау жұмыстары жүргізіледі.

3.Емдік дене шынықтыру бөлмесінде балалардың денсаулық ақау-ларына орай емдік жаттығулар жасалады. Бөлме арнайы жүруге арналған баспалдақтармен,баланың  бойын  тіктеуге  арналған «Вертикализатор» «Аделя» костюмімен, отыруға және жүруге арналған тіреуіштермен жабдықталған.

4.Сумен емдеу бөлмесінде сал ауруы бар балаларға емдік шара жүргізу мақсатында су астында уқалау ем түрі жасалады.

5.Физио ем бөлмесінің негізгі қызметі тоқпен, сәулемен, жылумен және

оттегімен емдеу болып табылады.

  «Қарлығаш» тобында қызыл, жасыл, сары, көк түсті пластмасы шарлар мен толтырылған құрғақ қауыз орналастырылған. Бұл қауызда балалар 25 минуттан жатқан кезде денесін жақсы сезінеді, жағымды, жеңіл, массаж жасайды, дененің барлық бұлшық еттеріне релаксация жасалады. Бала алғашқыда барлық күш-жігерін жұмсайды, сосын шалқасынан арқасымен жатып дем алады, тынышталады.

Дәрігердің  нұсқауымен  жазда қыз балалармен ер балаларға арналған жиналмалы  қауызбен  қамтамасыз  етілген.

Әлеуметтік-педогикалық қызмет бойынша  6-дефектолог, 1-логопед,  2-психолог, 3-еңбек мұғалімі, 1-дене тәрбие мұғалімі, 1-музыкалық жетекші,  14-тәрбиеші мамандар жұмыс жасауда.

«Ақыл-есі шектеулі балаларға түзету-білім беру» бағдарламасы бойынша 17 балаға қызмет көрсетілсе, қалған  балалар «Ауру және терең интеллектуалдық кемістіктері бар балаларды дамытуға арналған бағдарлама» бойынша қызмет алады. Логопед маманы 22 бала,  еңбек  пәні  мұғалімі 33 бала, психолог маманы 110 баланы  қамтиды. Күндізгі бөлім қызмет алушыларын тасымалдауға 1 арнайы жабдықталған микроавтобус «Хайс», «Газель» және «УАЗ»-жедел жәрдем  автокөліктермен қамтамасыз етілген. Оңалту  шараларын  жүргізуге жабдықталған арнайы  бөлмелер үнемі  тұрақты қызмет көрсетеді.

1.Монтессори бөлмесі балаларға математикалық пішіндерді  ажыра-туға, ұсақ және ірі моторикасын қалыптастыру, есте сақтау қабілеттерін  дамытуға, күнделікті тұрмыстық тәжірибелік өзі-өзіне қызмет етуге  үйретеді.

2.Сенсорлық бөлмесі негізгі көру, есту, дәм сезу, иіскеу мүшелерінің  жұмысын нығайтады. Қозу және тежелу процестерін қалыптастырады. Еркін сезіну және тыныштандыру қызметтерін үдетуге бағыттайды.

3.Агро бөлмесі балалардың айналаны қоршаған құстарға, балықтарға, гүлдерге деген түсінігін арттырады. Бөлмедегі өсімдіктерді, тірі балықтарды, құстарды бақылау арқылы өмірге деген қызығушылығын кеңейтеді.

4.Аква бөлмесі көпіршіген ұзындық калонналармен, көпіршіген панельмен, құлама су шынысымен, құйын тәрізді интерактивтік колонка микрафонымен, интерактивті түс, дыбысты «Фонтан» қоса салынған микро-фонмен, дыбысты «музыкалық квадраттар» панельімен жабдықталып, балалардың психологиясын  үлгілеп  түзетуге көмектеседі.

5.Қуыршақ театры балалардың көңіл-күйін көтеріп, бой үйрету кезеңі-нен тез өтуіне және топтағы басқа балалармен тіл табысуына көмек көрсетеді.

  6.Арнайы компьютерлік оқыту жинағы Интерактивтік және мультикид бөлмесі компьютердегі ойындар арқылы ойлау, зейінін тұрақтандыру, есте  сақтау қабілеттерін арттырады.

7.Тігін және қолөнер бөлмесі тігін тігу арқылы ұсақ моторикасын  дамытуға, басқа балалармен жақсы қарым-қатынас жасауға, бір-біріне көмектесуге тәрбиелейді. 

8.Үй шаруашылық бөлмесі дастархан  сәндеу, ыдыс жуу, тамақ  әзірлеу қызметтеріне баулып, өзі-өзіне қызмет етуге дағдыландырады.

Әлеуметтік-психологиялық жұмыс барысында балалардың нервтік қозуын басу, зейінін тұрақтандыру, қажет болған жағдайда психологиялық жедел  көмек көрсету шаралары атқарылуда.     

Әлеуметтік қызметкерлердің көмегімен әрбір балаға жеке жұмыс жоспары құрылып, 110 балаға үш ай сайын баланың өзгерістері енгізіліп, әлеуметтік мониторинг жүргізіліп отыр. Тұрақты бөлімде қызмет алып жатқан балалардың мүгедек анықтамасы мезгілімен ұзартылып, жәрдемақылары жеке есепшоттарында жинақталуда, оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 25 бала тұрғын үй кезегінде тіркеуде.

  Қызметтер көрсету орталағында мүмкіндігі шектеулі балаларға жан-жақты жағдай жасалып, балалардың өмірге деген құлшыныстарын арттыру үшін әртүрлі  шаралар өткізу жалғасын табуда.

 

 


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz