Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Жаһандық өзгерістер жағдайында әлеуметтік саланы және жұмысбастылықты дамыту мәселелері Астанадағы «Еңбек нарығының келешегі: жаңа мүмкіндіктер» атты форумда талқыланды

30.11.2018
17:59
105

Жаһандық өзгерістер жағдайында әлеуметтік саланы және жұмысбастылықты дамыту мәселелері Астанадағы «Еңбек нарығының келешегі: жаңа мүмкіндіктер» атты форумда талқыланды

Форумды Қазақстан Республикасындағы «Шетелдік кеңесшілердің қазақстандық кеңесі» қауымдастығымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырды. 

Форум жұмысына Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, халықаралық ұйымдар мен консалтингтік компаниялардың өкілдері, халықаралық және қазақстандық сарапшылар, ірі қазақстандық жұмыс берушілер және шетелдік инвесторлар қатысты.

Форум делегаттары әлемдік еңбек нарығындағы сын-тегеуріндердің ұлттық нарықтарға, жаңа жұмысбастылық түрлеріне және әлеуметтік қорғау жүйесін бейімдеуге ықпал ету сценариін бағалады. Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайында еңбек нарығының инфрақұрылымын цифрге көшіру және кадрларды даярлау жүйесінің түбегейлі өзгерістен өту мәселелері де кеңінен талқыланды.  Сондай-ақ, еңбек қорларының мобильділігі және шетелдік таланттардың келіп қосылуы, инклюзивтілікке бағытталған белсенді жұмысбастылық саясатын дамыту, нысаналы топтарды қолдауға арналған жаңа құралдар әңгімеге арқау болды.

Форум барысында халықаралық ұйымдардың өкілдері еңбек нарығына өзгерістер әкеліп жатқан жаһандық беталыстар жайлы ақпарат берді. Әлемдік тәжірибесі мол сарапшылар әлемдік трендтердің дамыған және дамушы экономикаларға ықпал етуіндегі айырмашылық жайлы әңгімеледі. Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесі негізінде жұмысбастылық, білім беру және дұрыс әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету саласындағы өзгерістерді басқару бойынша жоспарлар мен тәжірибелер таныстырылды.

Форум аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Дүниежүзілік банктің техникалық және қаржылай қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылды. Секцияға қатысуышлар заманауи технологиялардың халықаралық және жергілікті контекстіде әртүрлі еңбек дағдыларына деген сұранысқа әсерін, 21 ғасырда қажетті дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастырудағы білім берудің рөлін талқылап, Қазақстан еңбек нарығында тепе-теңдікті қалыптастырып жетілдіру үшін Ұлттық біліктіліктер жүйесін дамыту қаншалықты маңызды екендігін атап өтті.


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz