Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсын өткізу туралы

24.04.2019
17:13
239

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары»

конкурсын өткізу туралы

Әлеуметтендіруге, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды анықтау, іріктеу, көтермелеу және ілгерілету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.  2019 жылғы 18 сәуірден бастап 31 қазанға дейін «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізілсін.

2.  Қоса беріліп отырған Конкурс өткізу туралы ереже бекітілсін.

3.  Осы қаулының орындалуын бақылау партия Хатшысы
Т.Қ. Дүйсеноваға жүктелсін.

4.  Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Партия Төрағасының

Бірінші орынбасары  М. Әшімбаев

Согласовано

18.04.2019 15:57 Секретарь партии {Подразделение:Аббревиатура (рус.)} Дуйсенова Т.Б.

18.04.2019 15:59 Переводчик {Подразделение:Аббревиатура (рус.)} ДуйсенбиеваА. Н. - Мемлекеттік тілдегі нұсқасы қаралды

18.04.2019 16:25 Начальник {Подразделение:Аббревиатура (рус.)} Алимканова Г.А.

18.04.2019 16:51 Заместитель Руководителя Центрального аппарата партии-начальник Управления финансов и активов {Подразделение:Аббревиатура (рус.)} Шаменова Б.М. - не возражаю

18.04.2019 16:52 Заместитель Руководителя Центрального аппарата партии-начальник Управления правового обеспечения и кадрового делопроизводства {Подразделение:Аббревиатура (рус.)} Оспанов Е.Е.

18.04.2019 17:24 Заместитель директора  {Подразделение:Аббревиатура (рус.)} Садвокасов С.К. - согласовано

18.04.2019 17:26 Руководитель Центрального аппарата партии {Подразделение:Аббревиатура (рус.)} Оспанов М.Ж.

Подписано

18.04.2019 17:39 Первый заместитель Председателя партии {Подразделение:Аббревиатура (рус.)} Ашимбаев М.С.

№ 008pq от 18.04.2019

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Бірінші орынбасарының
2019 жылғы ___ сәуірдегі №___ қаулысымен бекітілді

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары»
конкурсын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ

1.  Жалпы ережелер

1.  Ереже «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсын өткізу тәртібін (бұдан әрі Ереже)айқындайды.

2.  Конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасының аумағында бастамашыл әлеуметтік жобаларды іске асырушы жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, бастауыш партия және басқа да коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

3.  Конкурс ұйымдастырушылары: «NurOtan»партиясы (бұдан әрі – Партия), Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ), «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – МӘСҚ), жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат басқармалары мен бөлімдері атынан облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалырының әкімдіктері, аудандар мен қалалардың әкімдіктері, бизнес қауымдастықтар болып табылады.

2.  Конкурстың мақсаттары және міндеттері

4.  Конкурс «NurOtan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасының» келесі мақсаттарын іске асыру шеңберінде өткізіледі:

-  әрбір қазақстандық отбасының бақуаттылығы;

-  салауатты адамдардың қуатты ұлты;

-  жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамы.

5.  Байқаудың мақсаты партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» жобаларымен қамтылған адамдарға ұсынылатын қызметтерді қоса алғанда әлеуметтендіруге, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды анықтау, іріктеу, көтермелеу және ілгерілету болып табылады.

6.  Конкурстың негізгі міндеттері:

1)  Қазақстан Республикасында іске асырылып жатқан үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды анықтау және іріктеу;

2)  «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» партиялық жобаларын тиімді іске асыру үшін үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды масштабтау, сондай-ақ бастамашыл әлеуметтік жобаларда қолданылған үздік тәжірибелерді кеңінен тарату;

3)  өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің, азаматтық қоғамның, бизнестің және азаматтардың күшін біріктіру.

3.  Конкурстық комиссиялар

7.  Әлеуметтік жобалардың жеңімпаздарын іріктеуді өткізу мақсатында Орталық, өңірлік және аумақтық конкурс комиссиялары құрылады.

8.  Өңірлік және аумақтық конкурс комиссиялары жанынан партия филиалдары және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатарынан жұмыс топтары құрылады.

9.  Орталық конкурс комиссиясы жанынан Партияның орталық аппараты, ЕХӘҚМ және МӘСҚ қызметкерлері қатарынан жұмыс тобы құрылады.

10.  Өңірлік және аумақтық конкурс комиссияларының, сондай-ақ өңірлік және аумақтық конкурс комиссиялары жанындағы жұмыс топтарының құрамы Партияның аймақтық және аумақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарларының бұйрықтарымен бекітіледі.

11.  Өңірлік конкурс комиссиясларының құрамына облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, Ішкі саясат басқармаларының басшылары, облыстардың, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары маслихаттарының депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқалар қосыла алады.

12.  Аумақтық конкурс комиссияларының құрамына аудандар, қалалар әкімдерінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарлары, аудандардың, қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, маслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталары филиалдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқалар қосыла алады.

13.  Өңірлік және аумақтық конкурс комиссияларын Партияның аймақтық және аумақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары басқарады.

14.  Орталық конкурс комиссиясының және Орталық конкурс комиссиясы жанындағы жұмыс тобының құрамы Партия Төрағасының Бірінші орынбасарының бұйрығымен бекітеледі.

15.  Орталық конкурс комиссиясының құрамына әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін партия Хатшысы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрлері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқалар қосыла алады.

16.  Конкурс комиссиясының мүшесі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

17.  Комиссия отырысына оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, заңды деп саналады.

18.  Конкурс комиссиясы келесі өлшемдерді ескере отырып отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды:

-  жобаны іске асыру мерзімі;

-  жобаның өзектілігі және әлеуметтік маңыздылығы;

-  жобаның қол жеткізілген нәтижелері;

-  ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту);

-  қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырмалдықтар, гранттар, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты);

-  аумақтық қамту (жобаны масштабтау);

-  қиын өмірлік жағдайларға тап болғандарды қоса алғанда тұрғындарды қамту үлесі.

4.  Конкурс комиссиясының құқықтары мен міндеттері

19.  Конкурс комиссиясы:

1)  келіп түскен бастамашыл әлеуметтік жобаларды іріктеуді жүзеге асыруға;

2)  қосымша жүлделер және конкурс қатысушыларын көтермелеу түрлерін бекітуге құқылы.

20.  Конкурс комиссиясы:

1)  конкурсқа қатысушыларға бірдей жағдай жасауға;

2)  конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жариялауды болдырмауға;

3)  конкурстың қорытындыларын шығаруға міндетті.

5.  Конкурсқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

21.  Конкурсқа қатысушылардың:

1)  конкурсқа қатысу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алуға;

2)  осы Ереженің талаптарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін материалдар жолдауға құқығы бар.

22.  Конкурсқа қатысушылар:

1)  осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген матералдарды уақытылы ұсынуға;

2)  осы Ережемен қарастырылған ережелер мен рәсімдерді ұстануға міндетті.

6.  Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру тәртібі

23.  Конкурс 5 бағыт бойынша өткізіледі:

-  әлеуметтік проблемалардың шешімдерін ақпараттық жылжыту;

-  әлеуметтік саладағы еріктілер қозғалысын дамыту;

-  бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

-  мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

-  қиын өмірлік жағдайларды жеңуге көмек көрсету (адам саудасының, тұрмыстық зорлық құрбандары, үйсіздік және түрмеден босатылғандар және т.б.).

24.  Конкурсқа қатысу үшін өтінім қазақ және/немесе орыс тілдерінде қағаз және электронды жеткізгіште аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне (бұдан әрі - Бөлімдер) немесе «Nur Otan» партиясының «Қоғамдық бастама» – www.qolda.nurotan.kz интернет-ресурсы (бұдан әрі - Портал) арқылы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес қажетті құжаттарды бере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған конкурс туралы ақпараттық хабарламаларда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей ұсынылады.

25.  Ұсынылатын мәліметтерге қойылатын талаптар:

-  ұсынылған презентациялық материалдарды қазақ және орыс тілдерінде (логотипімен жобаның паспорты, жоба авторына аннотация) сапалы рәсімдеу;

-  осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес техникалық талаптарға сәйкес презентация ұзақтығы 3 минутқа дейінгі бейнеролик әзірлеу.

26.  Бөлімдерде өтінім қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын конкурс туралы ақпараттық хабарламаларда көрсетілген мерзімнен үш жұмыс күні бұрын тоқтатылады.

27.  Қатысушыларға жазбаша немесе электронды нысанда жобаның құжаттар пакеті қабылданғаны туралы хабарлама беріледі.

28.  Өткен конкурстың республикалық кезеңіне қатысқан жобалар, сондай-ақ іске асыру мерзімі бір жылдан аз жобалар конкурсқа қатыстырылмайды.

29.  Конкурс талаптарының сақталуын бақылау мақсатынды Портал арқылы ұсынылған өтінімдерді конкурс ұйымдастырушылары жоба авторымен келісе отырып өңдейді және редакциялайды.

7.  Конкурсты өткізу тәртібі

30.  Конкурс аумақтық, өңірлік және республикалық үш кезеңде өткізіледі.

31.  Конкурстың аумақтық кезеңінде аумақтық конкурс комиссиялары жанындағы жұмыс топтары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп:

-  өтінімдерді қабылдауды және өңдеуді ұйымдастырады;

-  конкурстың жүлде қорын анықтайды;

-  конкурс комиссиясының жұмысы үшін құжаттар пакетін дайындауды қамтамасыз етеді;

-  ағымдағы жылғы 25 маусымнан кешіктірмей конкурс комиссиясының отырысын ұйымдастыруды және әрбір бағыт бойынша үздік жобаларды айқындауды қамтамасыз етеді;

-  ағымдағы жылғы 1 шілдеден кешіктірмей конкурс қорытындыларын шығару, аумақтық кезеңінің қатысушыларын құрметтеу және жеңімпаздарды марапаттау бойынша салтанатты рәсімін ұйымдастырады;

-  аумақтық конкурс комиссия отырысының хаттамасын партияның аймақтық филиалына жолдауды қамтамасыз етеді.

32.  Конкурстың аумақтық кезеңінің қатысушылары дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

33.  Конкурстың өңірлік кезеңіне аумақтық конкурстарда іріктелген жобалар қатысады.

34.  Конкурстың өңірлік кезеңінде өңірлік конкурстық комиссиялар жанындағы жұмыс топтары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп:

-  конкурстың жүлде қорын айқындайды;

-  конкурс комиссиясының жұмысы үшін құжаттар пакетін дайындауды қамтамасыз етеді;

-  ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей конкурс комиссиясының отырысын ұйымдастыруды және әрбір бағыт бойынша үздік жобаларды айқындауды қамтамасыз етеді;

-  ағымдағы жылғы 1 тамыздан кешіктірмей конкурстың өңірлік кезеңінің қатысушыларын құрметтеу рәсімін ұйымдастырады;

-  ағымдағы жылғы 1 тамыздан кешіктірмей Партияның орталық аппаратына конкурстың республикалық кезеңіне қатысу үшін құжаттар пакетін (2-қосымшаның талаптарына сәйкес келетін бейнеролик, логотипімен жобаның паспорты, жоба авторына аннотация) және өңірлік конкурс комиссиясының хаттамасын қоса отырып әр бағыт бойынша 1 жобадан жолдайды.

35.  Конкурстың өңірлік кезеңінің қатысушыларын құрметтеу салтанатты рәсімдерінде Партия орталық аппаратының, ЕХӘҚМ және МӘСҚ өкілдері қатысады.

36.  Өңірлік конкурс қорытындылары бойынша іріктелген жобалар конкурстың республикалық кезеңінің қатысушылары болып табылады.

37.  Орталық конкурс комиссиясының шешімі бойынша конкурстың республикалық кезеңіне қосымша жобалар жіберілуі мүмкін.

38.  Конкурстың республикалық кезеңінде Орталық конкурс комиссиясы жанындағы жұмыс тобы:

-  конкурстың республикалық кезеңінің қатысушыларының құжаттар пакетін қабылдауды ұйымдастырады;

-  конкурстың республикалық кезеңінің қатысушыларының тізімін және презентациялық материалдарын(бейнеролик, логотипімен жобаның паспорты, жоба авторына аннотация)қалыптастырады;

-  Орталық конкурс комиссиясының жұмысы үшін құжаттар пакетін әзірлеуді қамтамасыз етеді;

-  Порталда интернет дауыс беруді өткізуді қамтамасыз етеді;

-  ағымдағы жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей Орталық конкурс комиссиясының отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

39.  Интернет дауыс беру Порталда 20 тамыз – 20 қыркүйек кезеңінде өткізіледі.

40.  Орталық конкурс комиссиясының шешімі бойынша интернет дауыс беруде ең көп дауыс жинаған жобалар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

41.  Конкурстың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша Орталық конкурс комиссиясы ағымдағы жылғы 25 қыркүйекке дейін конкурстың бес бағыты бойынша үздік жобаларды анықтайды.

42.  Конкурстың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша бес бағыт бойынша үздік деп танылған жобалар әр номинация бойынша 2 000 000 (екі миллион) теңге сомасындағы ақшалай сертификаттармен көтермеленеді.

43.  Орталық конкурс комиссиясы мүшелерінің және конкурс демеушілерінің бастамасы бойынша арнайы жүлделер мен номинациялар белгіленуі мүмкін.

44.  Конкурстың республикалық кезеңінің қатысушылары дипломдармен және конкурс ұйымдастырушыларынан естелік сыйлықтармен марапатталады.

45.  Конкурс қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында және Партия мен ЕХӘҚМ ресми сайттарында жарияланады.

46.  Конкурс қорытындысы бойынша ағымдағы жылғы 31 қазаннан кешіктірмей мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-құрылымдар өкілдерінің, сондай-ақ өткен жылдардағы конкурс қатысушылары мен жеңімпаздарының қатысуымен конкурс қатысушыларын құрметтеу және жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді, оның шеңберінде үздік әлеуметтік жобалардың республикалық көрмесі ұйымдастырылады.

47.  Орталық конкурс комиссиясының шешімі бойынша конкурстың республикалық кезеңіне қатысқан жобалар кейін «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының Партфолио кеңсесінің отырысында қарау үшін партиялық жобалар пулына косылуы мүмкін.

__________________________

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары»конкурсын өткізу туралы ережеге 1-қосымша

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсына қатысуға арналған

өтінім

1. 

Әлеуметтік жобаның авторы

(ұйымның атауы және/немесе автордың аты-жөні)

2. 

Жоба авторына қысқаша аннотация

3. 

Әлеуметтік жобаның атауы

4. 

Жобаның логотипі

5. 

Өтінім ұсынылған бағыт атауы*:

1 )«Әлеуметтік проблемалардың шешілуін ақпараттық ілгерілету»

2 )«Әлеуметтік саладағы еріктілер қозғалысын дамыту»

3 )«Бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету»

4 )«Мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу»

5 )«Қиын өмірлік жағдайларды жеңуге көмек көрсету (адам саудасының, тұрмыстық зорлық құрбандары, үйсіздік және түрмеден босатылғандар және т.б.)»

6. 

Іске асыру мерзімі

7. 

Өзектілігі және әлеуметтік маңыздылығы

8. 

Қол жеткізілген нәтижелер

9. 

Ұқсас жобаларды іске аыру тәжірибесі (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту)

10. 

Қаржыландыру көзі

(қайырмалдықтар, гранттар, қайрымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты)

11. 

Аумақтық қамту (жобаны масшабтау)

12. 

Қиын өмірлік жағдайға тап болғандарды қосқанда тұрғындарды қамту

13. 

Әлеуметтік жоба туралы DVD жеткізгіште видеоролик (3 минутқа дейін)

14. 

Өңір

15. 

Аудан

16. 

Байланыс ақпараты

(телефон, e-mail жәнебасқа)

17. 

Өтінім берілген күні

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсын өткізу туралы ережеге 2-қосымша

Бейнероликтерге қойылатын техникалық талаптар

Параметрлер

Мәні

Video format

XDCAM HD 50

Videofile Container

MXF

Video Codec

MPEG-2

Display aspect ratio

16:9

Resolution, pixels

1920 x 1080

Chroma subsampling

4:2:2

Bitrate, kBit/s

50.0 Mbps

Frame rate

25 fps

Scan type

Interlaced

Scan order

Top Field First

Audio type

Wav

Audio Codec

Pcm

Audio treks

4

Sample Rate, kHz

48

Sample Type, bit

24 bit

Дыбыс(екінші арнаға қайталанған, жиынтықталған стереопара)

ДЦБ (12)

Видео (каше жоқ).

Согласовано

18.04.2019 15:57 Секретарь партии {Подразделение:Аббревиатура (рус.)} Дуйсенова Т.Б.

18.04.2019 15:59 Переводчик {Подразделение:Аббревиатура (рус.)} ДуйсенбиеваА. Н. - Мемлекеттік тілдегі нұсқасы қаралды

18.04.2019 16:25 Начальник {Подразделение:Аббревиатура (рус.)} Алимканова Г.А.

18.04.2019 16:51 Заместитель Руководителя Центрального аппарата партии-начальник Управления финансов и активов {Подразделение:Аббревиатура (рус.)} Шаменова Б.М. - не возражаю

18.04.2019 16:52 Заместитель Руководителя Центрального аппарата партии-начальник Управления правового обеспечения и кадрового делопроизводства {Подразделение:Аббревиатура (рус.)} Оспанов Е.Е.

18.04.2019 17:24 Заместитель директора  {Подразделение:Аббревиатура (рус.)} Садвокасов С.К. - согласовано

18.04.2019 17:26 Руководитель Центрального аппарата партии {Подразделение:Аббревиатура (рус.)} Оспанов М.Ж.

Подписано

18.04.2019 17:39 Первый заместитель Председателя партии {Подразделение:Аббревиатура (рус.)} Ашимбаев М.С.

Конкурсқа қатысушы үміткерлер «Қоғамдық бастама» – www.qolda.nurotan.kz интернет-ресурсы арқылы өтінім бере алатынын және аталған Ережемен танысуға болатынын хабарлаймыз.


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz