Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Ұлттық баяндама — маңызды құжат

21.05.2019
19:27
395

Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастау алған Қазақстанның қазіргі заманауи тарихында Қазақстан Республикасының  Тұңғыш  Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевпен жарияланған жемқорлықпен табанды және ымырасыздық күрес бағыты Республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мағынасын қалыптастырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл саясатының базалық бағыттары Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында,  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлықты іріктеу міндеттерін іске асыру арқылы нақты белгіленген. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін азайтудың мақсатты нұсқамаларына қол жеткізу алгоритмі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесінде бүгінгі күні басты бағдарламалық құжат болып табылатын Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілген.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүйелі және бірізді іске асыру ұлттық тәжірибе ауқымы мен озық халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді тартуды ескерумен өзін-өзі жетілдіру режимінде тұрақты тұрған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бірегей үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңін іске асыру табысты аяқталды, бұл оны орындаудың алғашқы нәтижелерін ұғыну қажеттілігін өзектендіреді. 2015 жылғы 18 қарашада бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының  Заңының талаптары тұрақты әзірлеуге негіз болған осы жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық  баяндамада  өзінің  көрінісін  тапты.

Ұлттық баяндаманың басты мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша практикалық іс-шараларды әзірлеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірумен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және оның таралуының жай-күйі мен үрдісіне объективтік талдау болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес Ұлттық баяндама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жұмысының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басқа да субъектілері (мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің) қызметінің нәтижелері негізінде қалыптастырылады.

  2018 жылы алғашқы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық актінің – посткеңестік кеңістікте теңдесі жоқ Заңның қабылданғанына 20 жыл толғанын бәрімізге белгілі. Бұл оқиға, сонымен қатар, Қазақстанның жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жүзеге асырылуының алғашқы қорытындылары Ұлттық баяндамада көрсетілген еді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа модель мемлекеттік қызметті жаңғырту арқылы мемлекеттік биліктің барлық тармақтарын жүйелі реформалауға, құқық қорғау және сот жүйелері заңның үстемділігі, ашықтық пен  есептілік,  тұтынушыға  бағдарлану принциптеріне бағытталған.

Бұған бір қатар әр қайсысының орындары жемқорлықты төмендетуге бағытталған заңдардың қабылдануы себеп болды («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпараттарға қол жеткізу туралы» Заңдары).

Өткен 2018 жылдың қорытындысына сүйенсек, еліміз аталған «дертті» қабылдау индексі бойынша 31 балл жинап, 180 елдің ішінде 124 - орынға тұрақтаған.. Трансперенси Интернешнл (1999 жылы – 23 ұпай) рейтингісіне енгізілген сәтінен бастап берілген жоғары баға болып табылады.

Баяндамаға сәйкес, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының динамикасы мен сипаты, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық фактілері туралы, соның ішінде  агенттіктің Call-орталығына заңнаманы түсіндіру және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 2016 жылы 13741 хабарлама түссе,  2018  жылы  олардың  саны  23000-ге  жеткен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді құралдарының бірі – сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу.  2018 жылы жемқорлық фактілерін хабарлаған 185 адам 27,3 млн. теңге мөлшерінде ақшалай марапатталған. Тағы бір айта кетерлігі, жыл сайын елімізде, облысымызда жүргізілетін сыбайлас жемқорлық деңгейі анықталатын  сауалнаманың  да  маңызы  зор  екені  мәлім  болды.

Құжаттағы ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда ең көп тараған жемқорлық қылмысының түрі парақорлық болып табылады, екінші орында - жымқыру, үшінші орында - қызметтік лауазымды асыра пайдалану, төртіншіде - қызметтік жалғандық.

Азаматтық қоғамның мемлекеттік саясатқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысу, қоғамдық сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету мәселелері де  аталмыш  Баяндамада  көрсетілген.

Осы Ұлттық Баяндаманы қабылдау арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат моделін құруға септігін тигізгені сөзсіз.

Ұлттық баяндаманың толық нұсқасымен құрметті сайтты пайдаланушылар Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  soc. mangystau.gov.kz/ru  сайтында таныса аласыз !

 Шолпан  Қонарбаева

МО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

  басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz