Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Кіру Тіркелу

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Мемлекеттік қызметке кіру

26.06.2015

Мемлекеттік қызметке қабылдану


Біздің мемлекетіміздің Конституциясында азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысу құқығы, мемлекеттік қызметке қолжетімділіктің тең құқылығы бекітілген. Бұл ұйымдастырушылық және құқықтық сипаттағы іс-шаралардың тұтастай жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Конституцияға  (13 б. 1п.) сәйкес, әр азаматтың оны құқық субъектісі ретінде мойындау және өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық әдіс-тәсілдер арқылы қорғау құқығы бар. Өз кезегінде, адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы, конституциялық құрылым мен қоғамдық адамгершілікке қастандық жасалмауы тиіс ҚР Конституциясының 12 б. 5п.). Еңбек келісімшартында мемлекеттік қызметке қабылданушы тұлға тарапы болу үшін ҚР “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңының 13 бабында белгіленген арнайы талаптармен сипатталатын арнайы еңбек құқығы субъектісін меңгеруі тиіс.

Біріншіден, еңбек заңнамасының жалпы еңбек нормаларында белгіленген 18 жаспен салыстырғанда анағұрлым ересек жасқа жеткен азамат. Көпшілікпен мақұлданған еңбек-құқықтық доктринасында және заңнамалық көзқарастарға сәйкес, бұл шектеулер кемсітушілік айырмашылықты сипаттамадайды, ол еңбектің аталмыш түріне тән қатаң талаппен алдын ала белгіленеді және мемлекеттің кәмелеттік жасқа толмаған азаматтары жайлы ерекше қамқорлығын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, конституциялық құрылым негіздерін, адамгершілікті, басқа тұлғалардың денсаулығын, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды алдын ала қамтамасыз ету, ел қорғаны мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы.

Үшіншіден, қажетті білімінің, кәсіби дайындық деңгейінің болуы және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуы. Аталмыш талаптер анықтайтын арнайы еңбек-құқықтық субъектінің мазмұны еңбек қатынастарының белгілі бір түріне (тобына) енудің заңды мүмкіндіктер жиынтығын құрайды.

Мұндай еңбек қатынастарының субъектісі лауазымдар, мамандықтар, кәсіп қызметкерлері үшін заңнамада белгіленген арнайы біліктілік талаптарына жауап беретін азамат бола алады.

“Мемлекеттік қызмет туралы” Заңның 12 б. 4 п. ережесіне сәйкес, мелекеттік қызметке қабылдану барысында жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, нанымына, қоғамдық бірлестікке жатуына және кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір тура немес жанама шектеулерді белгілеуге жол берілмейді.

Заң белгілейді:

  • - азамат мемлекеттік қызметке қабылдану барысында салық қызметі органдарына өзінің кірістері және салық салыну нысаны болып табылатын меншік құқығындағы оған тиесілі мүліктері туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.

  • - Әкімшілік мемлекеттік лауазыммен айналысу азаматтың міндетті арнайы тексерістен өткені соң жүзеге асырылады.

  • - Саяси мемлекеттік қызметке қабылдану үшін қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.  Еңбек келісімшартының екі тарапының да мүдделеріне жауап беретін кадрларды дұрыс орналастыру үшін қызметке қабылдану барысында ұсынылатын құжаттарда көрсетілген қызметшінің білімін тексері аса маңызды.  Сондықтан қызметкерлердің білімін тексеру үшін жұмысқа қабылдану кезіндегі сынақ тәрізді құқықтық құрал пайдаланылады. Мемлекеттік қызмет туралы отандық заңнама саяси мемлекеттік қызметкерлерге қолданылмайтын төмендегідей ережелерді белгілейді. Біріншіден, әкімшілік мемлекеттік лауазымға бірінші рет қабылданып отырған немесе конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жоғары санаттағы әкімшілік мемлекеттік лауазымға қабылданған азамат үшін үш айға дейінгі мерзімге сынақ белгіленуі мүмкін. Екіншіден, сынақ мерзімінде әкімшілік мемлекеттік қызметшінің қызметте себепсіз болмаған мерзімі есептелмейді.  Үшіншіден, сынақтың қанағаттанарлықсыз нәтижесі бойынша  әкімшілік мемлекеттік қызметші уәкілетті органмен немесе оның аймақтық бөлімшесімен келісім бойынша сынақтан өтпеген азамат ретінде қызметінен босатылады. Төртіншіден, егер сынақ мерзімі аяқталып, ал әкімшілік мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметін жалғастырған жағдайда ол  сынақтан өткен болып, ал сынақ мерзімі оның мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі.

Бос әкімшілік лауазымға жұмысқа орналасу үшін байқау өткізу Ережелерінде байқаудың ашық және жабық тәсілмен өткізілуі қарастырылған.

Ашық байқауға қазақстан Республикасының барлық азаматтарының қатысу құқығы болса, жабық байқауға тек әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің құқығы бар. Жабық байқау мемлекеттік әкімшілік лауазымдар бойынша қарастырылады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, Парламент Палаталарының Аппараттарында, Премьер-министрдің Канцеляриясында, ҚР Коституциялық Кеңесі Аппаратында. Ережеге сәйкес, конкурстық комиссияның оң шешімін алған конкурсқа қатысушылар әкімшілік мемлекеттік лауазымда қызмет атқаруға құықтары бар.



Конкурстық комиссияның оң шешімін алмаған, бірақ осы комиссияның шешімімен мемлекеттік қызметке ұсынылған тұлғалардың жағдайы басқаша:  олар уәкілетті орган қалыптастыратын кадрлар резервіне енгізіледі. Кадрлар резервіне енгізілген бұл конкурсқа қатысушылар байқау өткізілген мерзімнен бастап бір жыл ішінде қосымша байқау өткізілместен сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасуы мүмкін.

Мемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындау сәті, мемлекеттік қызметке ресімдеудегі бұйрықтың (жарлықтың) рөлі, сонымен қатар мемлекеттік қызметке сәйкес жұмысқа шындығында жіберілгендігі жайлы ереженің мағыздылығы туралы мәселе аса өзекті болып табылады.


 
Также в этом разделе:
  • «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы
  • Мемлекеттік қызметке кіру
  • Тәртіптік кеңес
  • Азаматтарды қабылдау тәртібі
  • Жемқорлықпен күрес
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)
  • Этикалық нормалар
  • Бос жұмыс орындары
  • «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс өткізуге хабарландыру
  • Хабарландыру
  • Конкурс комиссиясының қорытынды отырысының шешімі бойынша
  • «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
  • Хабарландыру
  • «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
  • «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
  • Маңғыстау облысының әкімдігі № 63 "Maңғыстay oблысы әкiмiнiң aппapaты" мeмлекеттік мекeмесiнің, oблыстық бюджеттен қapжылaндыpылaтын oблыстық aтқapyшы opгaндapының "Б" кopпyсы мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерінің қызмeтiн бaғaлayдың әдiстемeсiн бекiтy тyрaлы
  • Ақпараттық ресурстар
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы