Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

2013 жылда Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөнінде АНЫҚТAМА

26.06.2015

Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  қазіргі кезеңінде  сыбайлас  жемқорлықты еңсеру, елдің экономикалық  және саяси  дамуының аса  маңызды  стратегиялық  бағыттарының бірі болып табылады.

Республиканың  экономикалық қауіпсіздігін  қамтамасыз ету, табиғи ресурстардың талан-таражға  салынуына, ұлттық  экономикаға тиімсіз инвестициялар мен  т.б. жүзеге  асырылуына, шағын  және  орта  бизнестің  дамуына  кедергі келтіріп отырған сыбайлас  жемқорлық деңгейін  күрт төмендетпейінше мүмкін  болмайды.

«Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы күрес  туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының, «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығының (Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы  № 308 қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 -2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасының), Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы күрес жөніндегі  Өңірлік комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия)  талаптарын  орындау  үшін сыбайлас  жемқорлықтың барлық көріністеріне  қарсы әрекет  жөнінде  тұрақты  түрде  нысаныла  бағытта және  белсенді  жұмыс  жүргізілуде.

2012-2013 жылдары Комиссиямен көбінесе  барлық  мемлекеттік  ұйымдарда  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтың алдын алу  жөнінде  жұмыс  жүргізілді.

Үкіметтік емес  ұйымдар, «Нұр Отан»  партиясының Маңғыстау облыстық филиалының  мүшелері мен жергілікті атқарушы  органдар  өкілдерінің  қатысуымен Қоғамдық  Кеңес  құрылды.

Комиссиямен барлық  мемлекеттік органдарда  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  қызметшілерінің Ар-Намыс Кодексін іске  асыру бойынша  ұйымдастыру сипатындағы  пәрменді шаралар  қабылданды. Мемлекеттік  қызметшілерінің Ар-Намыс Кодексі  оқуға  қолжетерлік  орындарға орналастырылып,  безендірілді, іс жүргізу талаптарына сәйкес істер  номенклатурасы жүргізіліп, оған  мемлекеттік  қызметшілер этикасын  бақылау  Кітабы енгізілді  және  сенім  телефоны орнатылды.

Облыс  әкімінің  аппаратымен  Маңғыстау  облысының әділет  департаментімен  бірлесіп, оларды іс  жүзінде қолдану тетіктерінің болмауына  байланысты, тұрақты  түрде, нормалардың болуы  мәніне   сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы актілер  мен заңнамаларға  мониторингі  жүргізіледі.

Қазақстан  Республикасының  рұқсаттық  жүйені  одан әрі реформалаудың 2012-2015 жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске  асыру  мақсатында, Маңғыстау облысы әкімінің  жанындағы Кәсіпкерлік  мәселелері  жөніндегі  Сараптама Кеңесімен  2012 жылдың 19 шілдесінен  бастап 27 шілдесі аралығында Маңғыстау облысы бойынша  рұқсаттық  рәсімдер (құжаттар)  мен хабарлама жеткізілімдеріне түгендеу жұмысы  жүргізілді.

Көрсетілген  жұмыс  үдерісінде «А»  бөлігіндегі  рұқсаттық  құжаттар (рәсімдер) паспорттарының 176  түрі, рұқсаттық  құжаттарды беру талаптары  мен  шарттары,  оның ішінде:

Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  бекітілген  рұқсаттық  құжаттардың 151 түрі;

Қазақстан  Республикасының  қаулысымен  бекітілген  рұқсаттық  құжаттардың 115  түрі;

Маңғыстау  облысының және  қалалар  мен  аудандар әкімдіктерінің қаулыларымен бекітілген өңірлік  деңгейде енгізілген  рұқсаттық  құжаттардың  8  түрі  қаралды.

Жоғарыда  санамаланған «А»  бөлігіндегі толтырылған рұқсаттық  құжаттар (рәсімдер) паспорттары, рұқсаттық  құжаттарды беру талаптары  мен  шарттары, Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің жанындағы Рұқсаттық  жүйені  жетілдіру  мәселелері  жөніндегі  Ведомствоаралық  Комиссиясында қаралуы үшін Қазақстан  Республикасының  экономикалық  даму  және  сауда министрлігіне жолдау  үшін  дайындалды.

2013 жылдың  мамыр айында  Қазақстан  Республикасының  Өңірлік  даму  министрлігімен (бұдан әрі- ӨДМ) барлық  облыстарға рұқсаттық рәсімдер (құжаттар)  мен хабарлама  жеткізілімдерін түгендеудің  қорытындысы  туралы  хат  жолданған.

Жүргізілген талдау  қорытындысы бойынша,  сарапшылармен 17 рұқсат  берілген.  Қазақстан  Республикасының  Премьер-Министрінің 30.03.2009 жылғы № 47-ө өкімімен  құрылған, рұқсаттық  құжаттарды  қайта  қарау  және  оңтайландыру жөніндегі Сараптама  тобымен осы  тізбені талдау  кезінде 17 рұқсаттан 3-уін жергілікті атқарушы органдарға  қалдыру  ұсынылған, бұлар:

- бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер  мен  демонстрациялар өткізуге рұқсат беру;

- жер  жұмыстарын  жүргізуге ордер беру;

- ағаштарды  кесуге(қайта  отырғызуға)  рұқсат  беру.

Сараптама тобымен  қалған 14 рұқсаттың  күшін  жоюға –  13-і және  заңнамаға енгізуге  1-уі  ұсынылған (1-қосымша).

Халыққа  мемлекеттік  қызмет көрсету бойынша.

Қазіргі уақытта «ХҚКО» РМК Маңғыстау  облысындағы филиалы  бойынша 8 жетілдірілген  бөлім, екі  сектор –  Бейнеу  ауданы Боранқұл  бөлімшесі мен Түпқараған  ауданының  Ақшұқыр  бөлімшесі және Мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді.

2013 жылдың 12 айында  497 205 өтініш қабылданып, 534 648 құжат  берілді.

Көрсетілген  қызметтің жалпы  санынан электрондық  түрде   269 766 қызмет көрсетілді.

2013 жылдың 12 айында ХҚКО қызметкерінің  кінәсінен бас  тартылғаны, қайтарылғаны және  тоқтатылғанының  жалпы  саны 79, оның ішінде:

бас  тарту – 5 086

қайтару – 1 651

тоқтату – 1 114 құрайды.

Электрондық мемлекеттік  қызмет көрсету сервисін  қамтамасыз ету  үшін  ХҚКО-да 4 қоғамдық  қолжетімділік  пункті (ҚҚП)  жұмыс істейді. Осылардан  2  ҚҚП – Ақтау қалалық бөлімі, Бейнеу аудандық  бөлімі  балансқа  қабылданды.

2013 жылдың 12 айында  ҚҚП арқылы  көрсетілген  электрондық  қызметтің  жалпы  саны – 32 321.

 Мамандандырылған ХҚКО

Маңғыстау  облысы бойынша мамандандырылған«ХҚКО»  өз жұмысын 2013 жылдың 31  мамырында бастады.

Штат бірлігі 25 бірлікті  құрайды.

Бүгінгі күнге мамандандырылған«ХҚКО»-да 16 мемлекеттік  қызмет көрсетіледі.

 16.05.-20.12.2013 ж. аралығында қабылданған  құжаттардың  жалпы  саны – 33 518, оның ішінде берілген  жүргізуші куәлігі – 4 027, автокөлік  құралдарын есепке  қою  және есептен  шығару – 29 491. ХҚКО қызметкерінің  кінәсінен  бас тартудың  жалпы  саны – 12 құрайды.

 Ұтқыр ХҚКО

Бүгінгі күнге шалғайдағы елді  мекен тұрғындарына мемлекеттік  қызмет көрсету үшін "Ұтқыр  ХҚКО"-на  4 автомашина (атап  айтқанда Бейнеу,  Түпқараған,  Маңғыстау  және Қарақия  ауданының  Жетібай  ауылы)  бөлінді.

2013 жылдың 12 айында 508  жолға шығу жүзеге  асырылды, азаматтардан 10 635  өтініш қабылданды,  10 067  дайын  құжат берілді.

«Электрондық үкімет» порталын танымалдату

Бүгінгі күнге «Электрондық үкімет»филиалдың  барлық аудандық  бөлімдерінде  ұйымдастырылды. «egov.kz» порталын  пайдаланушыларды көбейту  мен  электрондық  түрдегі  мемлекеттік  қызметті көбейту жұмысы  жүргізілуде.

2013 жылдың  12  айында «Электрондық үкімет»порталының  төлем  шлюзі арқылы 26 216 121,10 теңге жалпы сомасында 4 697 транзакция жүргізілді.  

ЭЦҚ беру

2013 жылдың  12  айында  филиалмен  55 228 ЭЦҚ,  оның ішінде жеке  куәлікке 19 054 ЭЦҚ  берілді.

Өзіне-өзі  қызмет көрсету  мүйісі (Connection  Point)

ХҚКО барлық  бөлімдерінде,  күту  залдарында клиенттерге  қолайлы болуы  үшін WIFI  қосу арқылыӨзіне-өзі  қызмет көрсету  мүйісі (Connection  Point) ұйымдастырылды. Нәтижесінде, клиенттерге  23 жұмыс  орны бөлінді, сондай-ақ  қызмет алуы кезінде азаматтарға кеңес  беретін ХҚКО жауапты  қызметкерлері бекітілген. Берілген кеңес  саны – 31 226, берілген ЭЦҚ саны– 9 259.

Таяу арада  мемлекеттік  жеке  меншік әріптестік  тетіктерін  қолдану арқылы мынадай  жобалар іске  асырылатын  болады:

- Ақтау  қаласында 2014-2016 жылдарға арналған 5 зияткерлі жол айырымы  мен  өтетін  автокөліктің  жылдамдық  режимін асыруын  белгілеу  және  тіркеудің 25 жүйесін қаланың  мейлінше қозғалысы көп учаскелерінде  орнатудың техникалық-экономикалық  негіздемесі  дайындалып,  өтінім  берілді;

- қазіргі кезде Ақтау  қаласы  мен  Мұнайлы  ауданында 250 көшені бейнебақылаудың бұрылмалы камерасын  орнату  мәселесі пысықталуда,  мұнда мемлекеттік, оның ішінде  қылмыстық атқару  жүйесі, ұлттық  қауіпсіздік комитеті, кедендік бақылау, облыс  прокуратурасы, қаржы  полициясы  секілді  мемлекеттік  те, сонымен  бірге әуежай, ТЖ және автовокзалдың стратегиялық объектілерін,сондай-ақ халықтың көп  шоғырланатын  жерлері:  алаңдарды, ірі сауда-ойын-сауық кешендерін, облыс  орталығының жағалауын және  басқаларын да  қамту  жоспарлануда.

Болашақтағы  жоспарларда  Жаңаөзен  қаласында  160 бұрылмалы көшені  бейнебақылау камерасын, 4 зияткерлі жол айырымы мен өтетін  автокөліктің  жылдамдық  режимін асыруын  белгілеу  және  тіркеудің 10 жүйесін орнату арқылы осы  тектес  шешімжобалануда.

Жергілікті атқарушы органдарымен,  барлық  мүдделі органдармен бірлесіп, осыларды жасаудың ерте сатысында,  қылмыстың және  құқық  бұзушылықтың алдын алу  және абайлатудың  барынша  белсенді  жұмысы  жүргізілді, соның  нәтижесінде «Нұр Отан» партиясының  Маңғыстау облыстық филиалымен,  облыстың  мемлекеттік  органдарымен  және қоғамдық  бірлестіктерімен бірлесіп  50 іс-шара жүзеге  асырылды, бұл – өткен жылдың  осындай  кезеңімен  салыстырғанда  1,6 есеге  (31)  көп.

Мысалға, олардың   қатарында облыстық  білім  басқаормасы, облыстық  денсаулық  сақтау  басқармасы, әділет  департаменті, төтенше  жағдайлар  департаменті, қорғаныс істері  департаменті, Маңғыстау облыстық және  Ақтау  қалалық соттары бар  мемлекеттік  органдармен  бірлесіп  12 семинар-кеңес  өткізілді.

15 наурызда  және 10 қыркүйекте Маңғыстау облысы бойынша ЭСЖҚКД  жанындағы сыбайлас  жемқорлыққа  және көлеңкелі  экономикаға  қарсы  әрекет жөніндегі Қоғамдық кеңестің  отырыстары болып  өтті,  оған «Нұр  Отан»  партиясының Маңғыстау облыстық филиалының, «Атамекен  Одағы» ҰЭП  Маңғыстау филиалының, «Маңғыстау облысының  Азаматтық альянсы», «Маңғыстау облысының  кәсіпкерлері  мен  жұмыс  берушілер Одағы» Заңды  тұлғалар бірлестіктерінің  өкілдері  қатысты.

30 сәурде «Нұр Отан» партиясының  МОФ-мен  бірлесіп  «Сыбайлас  жемқорлыққа – ЖОҚ дейміз» республикалық ақпараттық-насихат  акциясының қадамына арналған баспасөз мәслихаты  өткізілді. Баспасөз  мәслихаты  аясында, акцияны  өткізу  жөніндегі бірлескен іс-шаралар  жоспарына  қол  қойылды,  іс-шаралардың тармақтарын іске  асыру  бүгінгі күнге  жалғасын  табуда.

19 қыркүйекте  бизнес  қауымдастықпен  және «Атамекен  Одағы» ҰЭП  МФ қоғамдық  бірлестігімен  өзара іс-қимыл  аясында,  облыс  кәсіпкерлерінің заңдық сауаттылық деңгейін арттыру  мақсатында, «Кәсіпорын  қызметін  қаржы  полициясы  қызметкерлерімен  тексеруі кезінде менің  құқықтарым»  деген тақырыпта  шағын  және  орта бизнес  өкілдерін үйрету  семинары  өткізілді,  оның барысында  кәсіпкерлерге өз қызметтеріне  қатысты, ҚР  заңнамалары таныстырылды, сондай-ақ  оларға  өздерін  қызықтыратын  барлық сұрақтарын  қоюға  мүмкіндік  жасалды.

Мемлекеттің  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы саясатын  қолдау  және  өзара іс-қимылды  нығайту  мақсатында,  ағымдағы  жылдың басынан  бері  Маңғыстау облысы бойынша ЭСЖҚКД,  қатарында Салық  департаменті, Әділет  департаменті және  облыстық  денсаулық  сақтау басқармасы бар  облыстың  мемлекеттік органдарымен ынтымақтастық туралы  3  меморандум жасасты.

Жоғарыда  жазылғаннан  бөлек,  тұрақты түрде  облыстағы орта арнайы және  жоғары  оқу орындарының студенттерімен, мемлекеттік  қызметшілерді қайта  даярлау және  біліктілігін арттыру Өңірлік  оқыту орталығының тыңдаушыларымен, сондай-ақ  облыстың  мемлекеттік  органдарының  қызметкерлерімен үгіттік кездесулер өткізу  аясында,   ағымдағы жыл  басынан  бері  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  25 лекция оқылды,  оның   7-де  пара   алу  үстінде  ұсталған парақорлар жөнінде  бейнероликтер көрсетілді.

2 бейнеролик қазақ  және  орыс  тілдерінде  дайындалды. Бейнероликтер «СТВ», «Астана», «31 канал» телеарналарында орналастырылып, жылына  448 рет  және  «Аман», «Дана», «Атаба», «Жігер», «Олжа» СО-ның  мониторларында 25480 рет  көрсетілді. «Белсенді азаматтық  ұстанымды  бойына  сіңіру  мен жемқорлыққа  қарсы  сезімін қалыптастыру» деген тақырыптағы  плакаттардың дизайынын әзірлеп,  150 дана етіп басып шығару  жүзеге  асырылды. Барлық  плакаттар оқу орындарына, банктерге,  мемлекеттік  мекемелерге және  Ақтау  қаласының кәсіпорындарына  таратылды.  Құқық қорғау органдары, Ақтау қаласының,  Маңғыстау облысының әкімдіктері, «Нұр  Отан»  партиясының қызметкерлері  мен  жастардың   қатысуымен  дөңгелек  үстелдер, семинарлар  мен  акциялар өткізілді.  Өткізілген іс-шаралар  нәтижесінде, сыбайлас  жемқорлықтың  проблемалары,  проблеманың  мәнін ашу  талқыланып,  оған  қарсы күрестің  әдістері   айқындалды. Сонымен  бірге,  қазақ  және  орыс  тілдерінде 2  бейнеролик  дайындалды. Бейнероликтер жергілікті  телеарналарда  және «Аман», «Достық», «Дана», «Ақтау», «Жігер», «Бәйтерек», «Олжа» С/О-ның  мониторларында  орналастырылды. Барлық  ресурстарға шығу  саны шамамен 5000 көрсетілім  құрайды, бұл –  адамдардың едәуір  көп  санын - 250000  астам адамды қамтуға  мүмкіндік  беруде. Маңғыстау облысы бойынша  қаржылық  және  экономикалық  қылмысқа  қарсы күрес  жөніндегі  департаментінің  мұрағатынан жедел  ұсталғандар жайлы бейнематериалдарды  пайдалану арқылы, сыбайлас  жемқорлықтың алдын алу  жөнінде  хабар  дайындалды. Хабар  жергілікті  телеарналардың  эфиріне орналастырылды.  Көрсетілім  саны  4 рет  құрады,  бұл  телекөрермендердің едәуір  аудиториясын  қамтуға  мүмкіндік берді.

Тілдерді  оқыту,  мемлекеттік  қызметшілерді қайта даярлау  және  біліктілігін арттырудың  Өңірлік орталығымен сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  заңнаманы  тереңдете  зерделеудің арнайы  бөлімі енгізілді.

Тұрақты  түрде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы күрестің құқықтық  тетіктері, тыңдаушылардың  пікір  алмасулары,  сұрақ-жауаптар, тренингтер де ұйымдастырылып,  өткізіледі, сонымен  бірге  мемлекеттік  қызметшілердің  білім  деңгейін арттыру тақырыбына  лекциялар  өткізіледі:

·    сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылығы  үшін мемлекеттік  қызметшілер жауапкершілігінің  түрлері;

·   сыбайлас  жемқорлық көріністеріне қарсы әрекет бойынша тетіктері;

·   сыбайлас  жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша құқықтық құралдары;

·   мемлекеттік  қызметте  сыбайлас  жемқорлықты абайлату;

·   мемлекеттік  қызметшілердің  этикасы;

·   мемлекетпен  көрсетілген  қызметтің  сапасы.

Жоғарыда көрсетілген  бағдарламаларда ТКШ, мемлекеттік  қызмет, жер қатынастары саласындағы заңнамаларды  зерделеуге  ерекше  назар  аударылған.

Бұдан  бөлек,  қайта даярлау кезінде  тыңдаушылар сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы әрекеттің  тетіктері  мен  жолдары,  мемлекеттік  қызметшілердің  қызметтік  этикасы деген  тақырыптар бойынша  өз  бетімен  жазбаша  жұмысын орындайды  және  өз  жұмысын  қорғайды. 

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы бағыттағы  500 дана күнтізбе мен  100 дана  плакат, сондай-ақ флешмоб өткізуге арналған  100 дана   футболка мен 100 дана  бейсболка дайындалды. Күнтізбелер  мен  плакаттар  қала  халқы арасында,  кәсіпорындар  мен  мекемелерде таратылды. Халықтың  қамтылуы 1000 астам адамды  құрады.  4 шағын  аудандағы  жағалаулықта 4 колледжді: Маңғыстау  энергетикалық колледжін, Шет  тілдері колледжін, Медициналық- кәсіптік-техникалық колледжін және Ақтау колледжін тарту арқылы  кең  ауқымды флешмоб өткізілді. Балалар  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  плакат суреттерін салды. Бұдан  кейін  шарлармен әуеге  ұшырды. Осында оны кескіндеуші  суретшілер  «Тенгри» қорымен әзірленген,  салынып  бітпеген  объектілердің  біріндегі қоршауға  ауыстырып көшірді. Акцияға 250 астам адам  қатысты. Студенттерден  басқа, қаржы  полициясының  қызметкерлері, «Нұр  Отан»  партиясының мүшелері  қатысып, студенттермен әңгімелер  өткізді. Осы іс –шара БАҚ-да кеңінен  жазып көрсетілді.  Ақтау қ.  студенттер  мен  жоғары  сынып  оқушыларымен көрінекі  құралдарды тарату арқылы  бейнелекция ұйымдастырылды. Лекцияға  қаладағы  барлық  22 мектептің  200 астам оқушылары  қатысып  отырды. Бейнелекцияны Маңғыстау облысы бойынша  ЭСЖҚКД инспекторы Юлия Разниченко  өткізді. Сонымен  бірге  мұнда  «Нұр  Отан»  партиясының  мүшелері шығып сөйледі. Ақтау  қаласындағы  сыбайлас  жемқорлықтың  жағдайы жөнінде әлеуметтік сауалнама  жүргізілді. Сауалнамаға  1000 астам адам  қатысты.

2013 жылдың  1 қаңтарынан  бастап 17 желтоқсаны аралығында  сыбайлас  жемқорлық  тақырыбы  132 жарияланымда көтерілді, осылардың ішіндегі 125 жарияланымда әртүрлі астарда мемлекеттік органдар келтірілді. Жарияланымдарда  сыбайлас  жемқорлық тақырыбы еліміздегі  сыбайлас  жемқорлық туралы теориялық сипаттамалар, ақпараттық жазбалар  және  т.б.  түрлерінде берілді  не болмаса  сыбайлас  жемқорлық тақырыбы  басқалардың арасында келтірілді.

Осы  тақырып  бойынша едәуір  санда  «Қазақстан-Ақтау»  телеарнасында – 23 және «Мұнайлы»  аудандық  газетінде –  20 материал  жазып көрсетілді.

 2013 жылы Маңғыстау  облысының әкімдігімен «Тенгри» ҚБ МОФ-на  3 млн. теңге сомасында  ақшалай  қаражат бөлді.

Барлық  мемлекеттік  ұйымдарда  жеке  және  заңды  тұлғалардың  хаттары  мен  өтініштеріне арналған  почта  жәшіктері  мен  сенім  телефондары орнатылды.

Облыстық  жер  қатынастары  басқармасымен өз құзыреті аясында,  сондай-ақ  жер  ресурстарын  реттеу  жөніндегі  өңіраралық  жер  инспекциясымен тұрақты түрде  жер  қатынастары  саласында  бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды  ұйымдастыру  шаралары  қабылданды.

Қазіргі кезде облыс  аумағы 16,5 миллионнан  астам гектар құрайды, жер-кадастрлық базаның  деректері бойынша 100 мыңнан астам  жер  пайдаланушы  тіркелген,  жер учаскесіне  166 мыңнан астам  сәйкестендіру  құжаты берілген.

 2011 жылы облыс  бойынша  ауылшаруашылығы  мақсатындағы  жерлерге  түгендеу  ұйымдастырылған,  2012-2013 жылдары ҚР  жер  ресурстарын  басқару  агенттігінің бастамашылығымен  ауылшаруашылығы  айналымына тартылған  жарамды  ауылшаруашылығы  жерлеріне түгендеу  жүргізілді, жеке  тұрғын  үй  құрылысын  салуға берілген жерлерге  түгендеу  жүргізілді.

Жоғарыда көрсетілген  жұмыстар  нәтижесінде,  мемлекеттің  меншігіне  ауылшаруашылығы  мақсатындағы 3778,5 тыс. гектар  жер  қайтарылған.

ЖТҚ  үшін  берілген жерлерді  түгендеудің  қорытындысы бойынша,  онда  үй  салу басталмаған  10 мыңнан астам учаске анықталған.

Сондай-ақ, облыстың әкімшілік-аумақтық  құрылысын реттеу бойынша, жерлерді  түгендеу бойынша  жұмыстар  жүргізілуде. Қазіргі кезде  Ақтау қ., Құрық а., Ақшұқыр а., Шапағатов  а., Қызылтөбе а., Дәулет а., Батыр а. және  Мұнайшы  к.  шекараларын  белгілеудің  жобалары дайындалды. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық  құрылысы туралы»  Қазақстан  Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес  заңнамада  белгіленген  тәртіппен,  ауылдық  округтердің  аумақтарын  анықтау  және  бекіту  жұмыстары  жүргізілуде. Жаңаөзен  қ. жерлеріне түгендеу  жұмысы  жүргізілді, нәтижесінде  мұнда  жалдау  мерзімі өткен 226 жер  учаскесі, 19 игерілмеген  жер  учаскесі, өз бетімен  жерді  басып  алудың 11 жағдайы анықталды, бұл  ретте,  пайдаланылмаған  жерлерді  тексеру,  оларды  мемлекет  меншігіне  қайтару секілді  өзекті  мәселелер шешілді, әкімшілік айыппұл  түрінде жұмсалған  бюджет  қаражатын қайтару  жоспарлануда. Жер  қатынастары  саласында  жер  заңнамасының  талаптарын түсіндіру және  бұзушылықты  абайлату мақсатында,  облыстық  жер  қатынастары басқармасымен ауылдық  округтер  әкімдерінің, жер  қатынастары  саласы  қызметкерлерінің,  кәсіпкерлердің  және т.б  қатысуымен,  облыстың  қалалары  мен  аудандарында  семинарлар  ұйымдастырылды. Мақсатына  сай  пайдаланылмаған не  болмаса  заңнаманы  бұзу арқылы пайдаланылған жер учаскелерін анықтау  және  мәжбүрлеп  қайтарып  алу жұмысының  қазіргі кезде  жандана  түскендігін атап өткен  жөн.

2013 жылдың қазаны  мен  қарашасында Маңғыстау  облысының әкімі орынбасарының  төрағалығымен,  облыс прокуратурасы өкілдерінің,  облыстың  қалалары  мен  аудандары  әкімдері орынбасарларының, облыстық  және  аумақтық  басқармалар  басшыларының  қатысуымен отырыс  өткізілді.

Кеңес қорытындысы бойынша жер учаскелерін анықтау  және  мәжбүрлеп  қайтарып алу бойынша  қалалар  мен  аудандар  әкімдерінің, уәкілетті органдардың  жеткіліксіз  жұмысы атап көрсетілді және  орындау мерзімімен  нақты тапсырмалар берілді.

Осы  жұмыстың  аясында  жер  қатынастары   басқармасымен  Ақтау қ.  әкімдігінің, жер  инспекциясының, «Мемжер ҚЖО» МФ  берген мәліметтері бойынша  Ақтау қ.  аумағында игерілмеген  жер учаскелерін пайдаланудың  жай-күйіне талдау  жүргізілді.

2012-2013 жылдары жүргізілген  жұмыс  барысында Ақтау  қаласы бойынша игерілмеген  146  жер учаскесі  мен  мақсатына сай  пайдаланылмаған  44 жер учаскесі анықталды. Аумақтық  жер  инспекциясымен және  қала әкімдігімен жер учаскелерін  мәжбүрлеп  қайтарып алу бойынша  жүргізілген  жұмыстар аясында шаралар  қабылдануда, алайда  осынау  шаралар  жарым-жартылай болып  қалуда,  жер  заңнамасын  бұзудың  әрбір жағдайы бойынша  түпкі  нәтижесі туралы ақпарат  жоқ.

«Мемлекеттік  қызмет туралы» ҚР  Заңына  сәйкес  «А» корпусы  кадрларының  ротациясы уәкілетті органның  ұсынысы бойынша  ҚР  Президентімен  жүзеге  асырылады.

Маңғыстау облысы  Әкімінің  жанында ҮЕҰ өзара  іс-қимыл жасау жөніндегі  Кеңес қызмет етеді.

2013 жылы облыстағы барлық  әкімдер  мен  ҮЕҰ  қатысуымен азаматтық форум  өткізілді.

2012 ж. «Маңғыстау»  газетінің тілшісі Е.А.  Нәрембаеваға  құқық  бұзушылық пен  сыбайлас  жемқорлықтың алдын алуда  жәрдем көрсеткені  үшін  диплом мен ноутбук тапсырылды.

Жыл сайын  Каспий маңайындағы көршілес  мемлекеттерден «ПТС» пен «Байда»  үлгісіндегі әр  түрлі  жүзбелі  құралдармен   келген  жүздеген браконьерлер,  Қазақстан  Республикасыгның  шекаралық  шегінен  бағалы балық  тұқымдарын  жыртқыштықпен  аулайды. Атырау  мен  Маңғыстау облыстарының  жағалаулық  аудандары  тұрғындарының  браконьерлері  де аз емес.

Осыған  байланысты, Жағалау күзетінің Өңірлік басқармасымен  жыл  сайын, көктемде  және күзде  Ресейдің ФҚҚ мен Қазақстан Республикасының  құқық  қорғау органдарының  шекаралық  бөлімшелерімен  өзара іс-қимылымен, Каспий теңізінің  айдынында  қолайлы  жүзу режимін қалыпты  ұстауға, браконьерлік  жұмыстың  жолын кесуге және  биоресурстарын  қорғауға бағытталған,  бірлескен  жедел алдын алу іс-шаралары (БЖАІ) өткізіледі.

Күштер  мен  құралдардың  белсенді іс-қимылының барысында  қызметінде  жоғары  нәтижеге  қол  жеткізілді: ұсталған бұзушылар – 1005 адам; ұсталған кемелер – 1; бұзушыларға  салынған  айыппұл сомасы – 8 584 401 теңге.

Сонымен  бірге, Маңғыстау облысының  шегіндегі  шекаралық  аумақтар  мен  аумақтық  сулардағы  жағдай,  тұтастай алғанда  жедел жағдайдың даму  қарқынына теріс әсер ететін,  ұдайы келеңсіз факторлармен қиындай  түсуде.

 Бұл ретте браконьерлік  жұмыс, шетелдік  азаматтар тарапынан  да,  сонымен  қатар  қазақстандық азаматтар тарапынан да мейлінше  қауіп төндіруде.

Жоғарыда көрсетілген  мән-жайлар,  бекіре балық  түрлерінің  уылдырық  шашатын  жеріне табиғи  қоныс  аударуына, сондай-ақ трансшекаралық  қылмыстық топтарға  қатысушылардың (Ресей, Әзербайжан және ҚР  азаматтарымен)  браконьерлік тәсілмен аулаған теңіз  өнімдерін сатып өткізуден табатын,  заңсыз  материалдық  тиімділіктерінің  болмашылығына  байланысты болып  отыр.

Шекаралық  қызметтің  бөлімшелерімен  өткізілген  әскери  және  жедел іс-шаралары  ҚР  суларында  браконьерлік  жұмыспен  айналысатын  шетелдік азаматтардың заңсыз әрекетінің бірқатар  жағдайларда  жолын кесуге  мүмкіндік берді.

Мысалға: ҚР  аумақтық  суларында  2013 жылдың 30 қыркүйегінен  бастап 1 қарашасы  аралығында  бірлескен  жедел-алдын  алу іс-шараларын өткізу кезеңінде,  бортында 18 шетел азаматы бар (барлығы  да Ресей азаматтары - Дағыстан Республикасы, Шечен Республикасы, Қалмыкия Республикасы мен Астрахан облысының  тұрғындары) «байда» үлгісіндегі 6 браконьерлік  жүзбе құралы ұсталды. Браконьерлік  жүзбе  құралының  қару  қолдану арқылы  ұсталғанын атап өткен  жөн.

Қазақстан  Республикасының азаматтары да  Каспийдің  биоресурсына  елеулі  нұқсан келтіріп, теңіздегі  заңға қайшы жұмысқа қатысуда.  Атап  айтқанда,  Маңғыстау облысының Түпқараған  мен  Қарақия  аудандарында тұратын азаматтар тарапынан  теңізге  заңсыз  шығуының  мейлінше белсенділігі  байқалып  отыр.

Бұл жағдаят,  ҚР аумақтық  суларындағы  жағдайды  мониторингтеу  мақсатында, Шекара қызметінің бөлімшелері тарапынан  жүргізілген, радиотехникалық бақылаумен,  сондай-ақ  заңсыз  теңізге  шыққаны және  браконьерлік жұмысты  жүргізгені  үшін ҚР азаматтарының  ұсталу  фактілерімен  расталуда.

2013 жылы  мұнай  саласында  сыбайлас  жемқорлық көріністері  байқалмады.

Маңғыстау  облысы  әкімінің  аппараты 


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz