Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Тарихы

20.01.2016

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өзінің бастауын 1973 жылдан алады. Маңғышлақ облысы Шевченко қаласы еңбекші депутаттары кеңесінің  әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімі 1990 жылдың қыркүйек айынан бастап Маңғыстау облыстық әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасы болып өзгертілді. Басқарма 1992 жылы облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, 1997 жылы облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасы, 1998 жылы облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, 1999 жылы облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, 2004 жылы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, 2008 жылы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы болып атауын өзгертті. Басқарма жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласында және  өз құзреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы салааралық үйлестіру және мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады. Өңір халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруда басқарма тарапынан облыста елеулі   іс-шаралар жүзеге асырылып, оң нәтижелерге  қол жеткізілуде. Өңір халқының өнімді экономикалық белсенділігін арттыру және жұмыссыздықтың өсуін болдырмау мақсатында алынған іс-шаралардың арқасында қазіргі таңда  облыстың  еңбек рыногындағы  жұмыссыздық  деңгейі төмендеді. Облыстың еңбек рыногындағы жағдайды тұрақтандыру және жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу, кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс орындарын сақтау, жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде алынған шаралардың арқасында өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы қамтамасыз етілді. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарын әлеуметтік көмектермен қамтуды біріздендіру мақсатында, басқарма тарапынан жүргізілген зерттеудің нәтижесінде облыста жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмектердің оңтайлы жаңа жүйесі белгіленді.  2007 жылдан халықтың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде мүгедек және жетім балаларға, балалар үйлері тәрбиеленушілеріне, көп балалы отбасы мен оралман отбасы балаларына өңірге қажет мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында білім алуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмектермен қамтылуда.  Басқармаға бағынысты әлеуметтік-медициналық мекемелердің – «Маңғыстау облыстық  балалар психоневрологиялық интернат-үйі», «Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі»,  «Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығы»  және  «Психоневрологиялық интернат-үйі» мемлекеттік мекемелерінің қызметтері тиісінше жолға қойылған. 2009 жылы ашылған 210 орындық Облыстық балалар психоневрологиялық интернат-үйінде 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға стандартқа сай арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. 

Қазіргі таңда интернаттың стационарлық (тұрақты) бөлімінде 92 балаға, жартылай стационарлық бөлімінде 64 балаға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде. Балалар психоневрологиялық интернат-үйінде әлеуметтік-медициналық қызметтерді ұйымдастыру үшін УВЧ, электрофорез, «Тубус», «Электросон» аппараттарымен жабдықталған физиотерапия кабинеті, ысқылау, емдік-дене шынықтыру, арнайы жабдықталған стоматология кабинеті, егу кабинеті, сондай-ақ оңалту шараларын жүргізуге Монтессори кабинеттері, сенсорлық кабинет, арт кабинет, «Мултикед» арнайы компьютерлік оқыту жинағымен жабдықталған кабинет, арнайы компьютерлік сурдологиялық тренажер кабинеті, арнайы компьютерлік логопедиялық тренажер кабинеті, аква-кабинет, агрокабинет қызмет етеді. «Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығы» - 50 орындық, 2011 жылдан бастап қызмет көрсетеді. Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға педагогикалық-психологиялық көмек беру, олардың жан-жақты дамуына, қоғамға бейімделуіне, ойлау, сөйлеу, танымдық қабілетінің, сезім мүшелерінің жетілуіне, сабаққа деген құлшынысы мен ойынға деген қызығушылығын ояту мақсатында әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандартына сай невропатолог, дәрігер-педиатор, физиотерапевт, психолог, дефектолог, логопед, массаж, емдік және шынықтыру кабинетінің нұсқаушысы, музыка терапия маманы, мейірбикелер мен бала күтушілер оңалту, түзету, сауықтыру   іс-шараларын жүргізеді. 158 орындық «Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі»  1990 жылдан бері қызмет етеді. Бүгінгі таңда интернат-үйінде 113 қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер стандартына сәйкес қызметтер көрсетіледі. Интернат-үйінде кардиолог, психолог, психотерапевт, невропатолог, массаж, музыка  мамандары қызмет көрсетеді. Сондай-ақ шаштараз кабинеті, еңбек терапиясы, емдік және шынықтыру кабинеттері бар. «Психоневрологиялық интернат-үйі» 1989 жылы ашылған және қазіргі таңда интернат-үйінде 212 адам қызмет алуда. Мұнда қызмет алушыларға агротерапия, арттерапия, сенсор кабинеті, тігін шеберханасы, ойын-сауық кабинеті, аяқ киім жөндеу және  ағаш жону шеберханалары, компьютер кабинеттері, кітапхана, шаштараз,   ән-саз кабинеттері жұмыс жасайды. Аталған әлеуметтік-медициналық мекемелер басшы және маман кадрлармен және талапқа сай материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген. Орталық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласының жай-күйі  мен мәселелері жөніндегі материалдар мен сұхбаттар көпшілік назарына тұрақты ұсынылады.  Сонымен қатар облыстың елді мекендеріндегі халықпен ашық пікіралмасулар ұйымдастырылады. Аудан және қала тұрғындарымен, кәсіпорындар мен мекемелердегі еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіледі. 

Басқарманың негізгі қызмет бағыттары:  өңірде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелерін үйлестіруді жүзеге асыру. «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі бас басқарма» мемлекеттік мекемесінің атауы Маңғыстау облысы әкімінің 1998 жылғы 20 тамыздағы № 216 шешімімен «Еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. Облыс әкімінің «Облыстың жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік органдарын қайта құру және Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының құрылымын бекіту туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы № 46 шешіміне сәйкес «Еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атауы «Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта өзгертілді. Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 253 қаулысымен «Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атауы «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» мемлекеттік мекемесі болып қайта өзгертілді. Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 227 қаулысымен«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» мемлекеттік мекемесінің атауы «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта өзгертілді.1

Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz