Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Жұмыспен қамту Жол картасы 2020

21.01.2016

Жұмыспен қамту Жол картасы 2020 бағдарламасының қатысушы қалай болуға болады?

1-ші бағыт

  • инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға қатысуды қалайтын және оған мүмкiндiгi бар Бағдарламаның әлеуеттi қатысушылары халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтiнiшпен жүгінеді және қажеттi құжаттарды ұсынады;
  • халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушыларды iске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшiн жiбередi;

2-ші бағыт

- ауылдағы жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау бойынша құрамдас бөлігіне қатысуға ниет бiлдiрушiлер:

  • халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға Бағдарлама шеңберінде микрокредит алудың ықтимал нұсқалары туралы консультация беріледі;
  • халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйымға жібереді, онда оларды кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдемдесу қамтамасыз етіледі.
  • бұдан бұрын Жұмыспен қамту 2020, Бизнестің жол картасы 2020 шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен адамдардың, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейтіп жатқан адамдардың микрокредит алуға құқығы бар.
  • микрокредиттер беру:

бағдарламаға қатысушы сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымның жәрдем көрсетуімен бизнес-жоспар әзірлейді және Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру құқығын алған қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымына микрокредит алуға өтініммен жүгінеді;

  • бағдарламаға қатысушы кредит алуға оң қорытынды алғаннан кейін сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйыммен бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу жөніндегі қосымша қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасуға құқылы.
  • инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту:

оң қорытынды алған жобалар бойынша Бағдарламаға қатысушы мен инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органның арасында тиiстi шарт жасалады;

  • тірек ауылдарды кешенді дамыту құрамдас бөлігі бойынша:
  • өтінім беруші екінші деңгейдегі банкке/микроқаржы (микрокредиттік) ұйымына/Лизингтік компанияға жүгінеді;

екінші деңгейдегі банк/микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы/Лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және оң шешім болған жағдайда Бағдарламаға қатысушыға жобаға кредит беруге/Қаржы лизингі шартын жасауға дайын екендігі туралы хабарлама жібереді;

  • бағдарламаға қатысушы екінші деңгейдегі банктің/Лизингтік компанияның оң шешімімен Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді, ол осы жобаны аудандық (қалалық) комиссияның қарауына шығарады.

3-ші бағыт

  • Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша құрамдас бөлігі;
  • бағдарламаға қатысуға үміткерлер Бағдарламаға қатысуға өтінішпен тұрғылықты жерінде ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес құжаттарды ұсынады;
  • бағдарламаға қатысушыларға халықты жұмыспен қамту орталықтары Дерекқорда бар жұмыс орындарына не жұмыс берушілер өз бетінше немесе жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген жұмыс орындарына, жалақыны ішінара субсидиялаумен әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді;
  • қажетті кәсіптік біліктілігі болмағандықтан жұмысқа орналаса алмайтын Бағдарламаға қатысушылар кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқуға, сондай-ақ жұмыс берушілер өз бетінше немесе жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген тиісті жұмыс орындарына жіберіледі.
  • үміткерлерді – Бағдарламаға қатысушыларды іріктеуді кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін іріктелген үміткерлерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін жұмыс берушілер жүргізеді.
  • кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымын және мамандықты (кәсіпті) таңдауды Бағдарламаға қатысушы жұмыс берушінің келісімі бойынша өз бетінше жүргізеді.
  • Жұмыс берушінің қажеттілігіне сәйкес еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша құрамдас бөлігі;
  • бағдарламаға қатысуға үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, көшуге өтініш береді;
  • көшуін және жұмысқа орналасуын жұмыс беруші өзі жүзеге асырған азаматтар басым тәртіппен тиісті мемлекеттік қолдаудың берілуімен Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылардың құрамына енгізіледі.

Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz