Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы

21.01.2016

1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы

Әзiрлеу негiздеме

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама

Әзiрлеуге және iске асыруға жауапты мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi

Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, мiндеттерге, нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге жауапты мемлекеттiк және өзге де органдар

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Бағдарламаның мақсаты

Жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуға жәрдемдесу

Бағдарламаның мiндеттерi

Өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтары арасынан адамдарды жұмыспен нәтижелi қамтылуға тарту;  Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн кадр әлеуетiн дамыту;  Әлеуметтiк көмек көрсету жүйесiн жетiлдiру.

Бағдарламаны iске асыру мерзiмi және кезеңдерi

1-кезең - 2011 (пилоттық)

2-кезең - 2012 – 2015 жылдар

3-кезең - 2016 – 2020 жылдар



Нысаналы индикаторлар  Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында көзделген мiндеттердi iске асыру барысында 2020 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол жеткiзу жоспарланып отыр:

Бағдарламамен 1,5 млн. дейiн адам қамтылатын болады;

2016 жылға қарай:

кедейлiк деңгейi 8,2 %-дан 6 %-ға төмендейдi;

жұмыссыздық деңгейi 5,5 % аспайтын болады;

өз бетiнше жұмыспен айналысатын халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың саны 2015 жылға қарай  56 %-ға дейін, 2020 жылға қарай – 75 %-ға дейін ұлғаяды. 

Қаржыландыру көздерi мен көлемi

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асыруға республикалық бюджетте:
2011 жылға – 37,4 млрд. теңге;
2012 жылға – 57,6 млрд. теңге;
2013 жылға – 94,7 млрд. теңге (оның ішінде  20 млрд. теңге шартты-қаржыландырылатын шығыстар);

2014 жылға – 100,6 млрд. теңге;

2015 жылға – 98,7 млрд. теңге көзделген.

Келесi жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттi тиiстi жоспарлы кезеңге қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.

2. Кiрiспе

Мемлекет басшысы өзiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында еңбек нарығының тиiмдiлiгiн арттыру, аз қамтылған, жұмыссыз мен өз бетiнше жұмыспен айналысушы халықты жұмыспен нәтижелi қамтуға жәрдемдесудiң белсендi бағдарламаларына тарту мiндеттерiн қойды.

Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы.

Әлеуметтiк-экономикалық өзгеру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсендiлiгi мен жұмыспен қамтылу деңгейi тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған халық саны 6698,8 мыңнан 8141,4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейi 2001 жылғы 12,8 %-дан 2010 жылдың соңында 5,5 %-ға дейін төмендедi. 

Жол картасы шеңберiнде жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң арнайы шараларын әзiрлеу және iске асыру әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерiне байланысты уақытша экономикалық қиындық жылдары да (2008 – 2010 жылдар) жұмыспен қамтудың жоғары деңгейiн сақтауға мүмкiндiк бердi.

Қазiргi уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелi индустриялық-инновациялық дамуға көшу, бiр жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрi өсу мүмкiндiктерiн кеңейтедi, екiншi жағынан - еңбек нарығына жұмыс күшiнiң iшкi резервiн тартудың, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсендiлiгiн арттырудың жаңа тәсiлдерiн әзiрлеудi және iске асыруды талап етедi.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

Қазақстан Республикасында еңбек нарығын және жұмыспен қамту саласын реттеу 1991 жылдан бастап негiзiнен халықты жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламалары форматында жүзеге асырылды: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 маусымдағы № 833 қаулысымен бекiтiлген Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi 2000 – 2002 жылдарға арналған бағдарлама, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003 – 2005 жылдарға арналған бағдарлама және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы   27 қаңтардағы № 68 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы. 2008 – 2010 жылдарға жұмыссыздықтың өсуiнiң алдын алуға, жұмыспен нәтижелi қамтудың өсуіне жәрдемдесуге, жұмыс күшiнiң сапасын арттыруға және ұлттық еңбек нарығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрленiп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 20 қарашадағы 
№ 1114 қаулысымен бекiтiлген болатын.

Алайда әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерiмен 2008 жылғы күзден бастап Қазақстан Республикасында өндiрiс қарқыны төмендей бастады, инфляцияның өсуi байқалды, жұмыспен қамтудың төмендеуi және тиiсiнше халық табысының азаюы белең алды. 264 кәсiпорын өндiрiсiн толық немесе iшiнара тоқтатты. Қырық мыңнан астам қызметкер iшiнара жұмыспен қамту режимiне ауыстырылды не ақысы төленбейтiн демалыстарға жiберiлдi. Жұмыссыз халық саны 559,3 мың адам болды (немесе экономикалық белсендi халықтың 6,6%).

Жұмыссыздықтың өсуi, қызметкерлердiң одан әрi босатылуы, әсiресе өндiрiстiң экспортқа бағытталған салаларында болжанды. Құрылыс, сауда, көлiк және байланыс салаларында да жұмыс орындарының қысқару қаупi күтілді.
Осындай жағдайда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жұмыспен қамтуға, жұмыссыздықтың айтарлықтай өсуiне жол бермеуге, жұмыс орындарын сақтауға және жаңаларын құруға бағытталған арнайы Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын (Жол картасын) әзiрледi. 

Жол картасы шеңберiнде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарын (әлеуметтiк жұмыс орындары, жастар практикасы, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру) кеңiнен қолдану халықтың нысаналы топтары құрамындағы азаматтардың белсендiлiгiне ықпал еттi, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейi (4,7 %) алғаш рет елдегi жұмыссыздықтың жалпы деңгейiнен төмен көрсеткiште белгiлендi.

Жол картасының негiзгi нәтижелерi: шамамен 9 мың жоба iске асырылды; 392 мың жұмыс орны құрылды; шамамен 150 мың адам даярлауға және қайта даярлауға жiберiлдi, олардың жартысына жуығы жұмысқа орналастырылды; 192 мыңнан астам адам әлеуметтiк жұмыс орындарына және жастар практикасы шеңберiндегi жұмыс орындарына орналастырылды.

Дағдарыс жағдайында iске асырылған халықты жұмыспен қамтудың қысқа мерзiмдi стратегиясы – Жол картасы жұмыссыздық деңгейiнiң өсуiне жол бермеумен катар, оның деңгейiнiң 2009 жылғы екiншi тоқсандағы 6,9 %-дан 2010 жылғы желтоқсанда 5,5 %-ға дейін төмендеуiне қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi.

Жұмыспен қамтудың өсуi халық табысының артуы мен кедейлiк деңгейiнiң төмендеуiне негiз болды. Табысы ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аз халық үлесi 2001 жылғы 46,7 %-дан 2006 жылғы 18,2 %-ға және 2010 жылғы  6,9 %-ға дейін азайды.

Алайда оң өзгерiстерге қарамастан, ұлттық еңбек нарығы теңгерiмді емес. Жұмыссыздар бар болғанына қарамастан бос жұмыс орындарының толықтырылмауы сақталып отыр, экономика салаларының мамандарға деген қажеттiлiгiнiң объективтi болжамы жоқ. Еңбек ресурстары сапасының төмендiгiне және өндiрiс пен оқудың арасында нақты байланыстың болмауына байланысты жұмыс күшiнiң, бiрiншi кезекте бiлiктi кадрлардың, техникалық және қызмет көрсету еңбегi қызметкерлерiнiң тапшылығы байқалып отыр. Жұмыспен қамтылған халықтың шамамен үштен бiрiнiң кәсiптiк бiлiмi жоқ.

Жұмыспен қамтылған халық құрылымында өз бетiнше жұмыспен айналысатындардың үлесi – 33,3 % немесе 2,7 млн. астам адамды құрайды. Өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың негiзгi бөлiгi ауылдық жерлерде тұрады және жеке шаруашылығын жүргiзумен айналысады, одан түсетiн табыс тiршiлiк етуге жеткiлiктi деңгейде ғана болады. Өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың басым бөлiгi әлеуметтiк қорғау және қолдау жүйесiмен қамтылмаған.

Ауыл жастарының жағдайы ерекше алаңдаушылық тудырып отыр, кәсiптiк бiлiм алуға қолжетiмдiлiгi шектеулi болғандықтан, олар ресми еңбек нарығында iс жүзiнде бәсекеге қабiлетсiз болып табылады.

Еңбек нарығында қалыптасқан мұндай ахуалдың тiкелей салдары кедейлiктiң сақталуы болып табылады, 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,1 млн. астам адамның табысы ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аз.

Аз қамтылған халықты әлеуметтiк қолдауда жұмыспен қамтуға және еңбектен табыс табуға жәрдемдесудiң белсендi шаралары жеткiлiктi қолданылмайды.
Өткен ғасырдың 90 жылдарының соңында жұмыспен қамту қызметтерiне жүргiзiлген институционалдық қайта құрулар еңбек нарығын реттеу тиiмдiлiгiн төмендеттi.
Осылайша қалыптасқан жағдай кедейлiктi төмендету қарқынын баяулатып қана қоймайды, сонымен қатар экономикалық өсудің жаңа кезеңiне өту жағдайында жұмыс күшiне деген сұраныстың артқанына қарамастан, елде бар еңбек ресурстарының толық пайдаланылмайтынын білдіреді.

Әлемдiк практикада осы тектес проблемаларды шешу үшiн еңбек нарығындағы белсендi бағдарламалар (бұдан әрi – ЕНББ) қолданылады. ЕНББ еңбек ресурстарын дамыту (кәсiптiк даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшiне деген сұранысты арттыру (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), еңбек нарығын реттеудi жетiлдiру (жұмыспен қамту қызметтерiн құру, ақпараттық қолдау), еңбек күш-жiгерiн жандандыруды мемлекет жүзеге асыратын әлеуметтiк қолдау жүйесiмен үйлестiру («құқықтар мен мiндеттер» немесе «өзара мiндеттемелер» стратегиялары, бұл жағдайда мемлекет жұмыспен қамту және оқыту бойынша жоғары сапалы қызметтер көрсетуге мiндеттенедi, ал ЕНББ-ға қатысушы жұмысты қарқынды iздеудi жүзеге асыруға мiндеттенедi) арқылы жүзеге асырылады.

ЕНББ экономикалық тұрғыдан – жұмыспен нәтижелi қамту ықтималдығының артуын, еңбек өнiмдiлiгi мен жалақының өсуiн, әлеуметтiк тұрғыдан - жұмыссыздықтың төмендеуiн, еңбек белсендiлiгiнiң артуы мен адам әлеуетiнiң дамуын болжайды.

Бастапқыда мұндай бағдарламалар экономикалық күйзелiс кезінде және жұмыссыздық деңгейi жоғары кезде қолданылған, ал қазiргi уақытта –экономикасы өтпелі елдердегi өнеркәсiптiк қайта құрылымдаудың керi әсерiн жұмсарту және еңбек нарығынан барынша шалғай халықтың осал топтарын кiрiктiру үшiн қолданылады.

Осының негiзiнде қол жеткiзiлетiн оң нәтижелер ЕНББ әзiрлеудiң және қазақстандық еңбек нарығында да қолданудың өзектiлiгiн арттырып отыр. Жол картасын iске асыру барысында жинақталған еңбек нарығында туындайтын тәуекелдерді басқару тәжiрибесi бiздiң бұл тұрғыдағы мүмкiндiктерiмiздi арттыра түседi.

4. Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi және

нысаналы индикаторлары

4.1 Бағдарламаның мақсаты

Жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуға жәрдемдесу.

4.2 Бағдарламаның нысаналы индикаторлары

2020 жылға қарай:

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасымен (бұдан әрi – Бағдарлама) 1,5 млн. дейiн адам қамтылатын болады.

2016 жылға қарай:

Жұмыссыздық деңгейi 5,5 %-дан аспайтын болады, оның iшiнде:

2012 жылы – 5,8 %, 2013 жылы – 5,7 % және 2014 жылы – 5,6 % және 2015 жылы – 5,5 %.

Кедейлiк деңгейi 8,2 %-дан 6 %-ға төмендейдi, оның iшiнде:

2012 жылы – 6,3 %, 2013 жылы – 6,2 % және 2014 жылы – 6,1 % және 2015 жылы 6,0 % құрайды.

Өз бетiнше жұмыспен айналысатын халықтың жалпы санындағы  нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 2015 жылға қарай 56 %-ға, 2020 жылға қарай – 75 %-ға дейін ұлғаяды.

(Ескертпе: 2011 жылдың қорытындысы бойынша 50,6 % немесе 1,38 млн. адам, 2015 жылы – 56 % немесе 1,52 млн. адам, 146 мың адамға көбейеді, 2020 жылы – 75 % немесе 2,1 млн. адам, 2011 жылмен салыстырғанда 700 мың адамға ұлғаяды).

Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде қамтылғандардың үлес салмағы:

өз бетiнше жұмыспен айналысушылар (өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың жалпы санында) 2012 жылы – 0,9 %, 2013 жылы – 1,2 %, 2014 жылы – 1,5 % және 2015 жылы – 1,8 % болады;

жұмыссыздар (жұмыссыздардың жалпы санында) 2012 жылы – 15,1 %, 2013 жылы – 20,0 %, 2014 жылы – 22,0 % және 2015 жылы – 25,0 % болады;

күнкөрісі төмен отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерi (тартылған) 2012 жылы – 17,0 %, 2013 жылы – 18,0 %, 2014 жылы – 19,0 % және  2015 жылы – 20,0 % болады.

4.3. Бағдарламаның мiндеттерi

1. Өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдарды жұмыспен қамтудың белсендi бағдарламаларына тарту.

2. Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны (бұдан әрi – ҮИИДМБ) iске асыру үшiн кадр әлеуетiн дамыту.

3. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жүйесiн жетiлдiру.

Бағдарламаны iске асыру бiрiншi кезекте, оқытуға, жұмысқа орналастыруға, өзiнiң жеке iсiн ашуға және кеңейтуге жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкiндiктер болмаған жағдайда, жұмыспен нәтижелi қамтудың қолжетiмдiлiгiн кеңейту мақсатында өз еркiмен көшуiне жәрдемдесуге бағытталған.

Осыған орай, Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

Бағдарламаны iске асыру үшiн:

1) нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегi шаралар қабылданатын болады;

2) жекелеген мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындары және болжамды жұмыс орындарының жалпыұлттық дерекқоры (бұдан әрi - Дерекқор), кәсіптік білім беретін оқу орындарының дерекқоры қалыптастырылады және «Жастардың еңбек биржасы» бірыңғай веб-порталы құрылатын болады.

Дерекқор мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектордың бастамалары шеңберінде  қалыптастырылатын болады.

Жергiлiктi мемлекеттiк органдар мен мемлекеттік, салалық бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асыруға жауапты ұйымдар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органына мерзімді негізде белгіленген нысан бойынша өңiрлер мен жекелеген мамандықтар бөлiнiсiнде қызметкерлерге бар және болжамды қажеттілік жөнінде мәлімет жібереді.

Дерекқор қалыптастыру тәртібі мен жергiлiктi мемлекеттiк органдар мен мемлекеттік, салалық бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асыруға жауапты ұйымдар ұсынатын кадрларға қажеттілік туралы ақпаратты ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) бекітеді.

Орталық мемлекеттік органдар жыл сайын, 15 ақпаннан кешіктірмей белгіленген нысан бойынша Бағдарлама операторына мемлекеттік және салалық бағдарламада көрсетілген жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарларға сәйкес үшжылдық кезеңге жетекшілік ететін салалардағы болжамды қажеттілік және өңірлер бөлінісінде өткен жылы нақты құрылған жұмыс орындары туралы мәліметтерді жібереді.

Орталық мемлекеттік органдардың кадрларға қажеттілік туралы ақпарат беру тәртібі мен нысанын Бағдарлама операторы олармен келісу арқылы бекітеді.

Бағдарламада көзделген iс-шараларды қаржылай қамтамасыз ету мақсатында мәлiмделген қажеттiлiкке сәйкес және республикалық бюджеттiң қаржылай мүмкiндiктерiн ескере отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әрқайсысы үшiн қаржыландыру лимитi айқындалады.

Лимит бойынша берiлген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету және Бағдарламада көзделген нәтижелерге (нысаналы индикаторларға) қол жеткiзу үшін республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен жергiлiктi атқарушы органдар арасында мынадай негiзгi параметрлер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдер жасалады:
жұмыссыздық деңгейі:

өз бетінше жұмыспен айналысатын халықтың жалпы санында жұмыспен нәтижелі қамтылғандардың санын ұлғайту;

халықтың құрылымында ең төмен күнкөрiс деңгейiнен төмен деңгейде өмiр сүрiп жатқан еңбекке қабілетті адамдар үлесін қысқарту;

мемлекеттік қолдау шараларымен, оның ішінде кәсіптік оқумен, кәсіпкерліктің негіздеріне оқытумен қамтылған Бағдарламаға қатысушылардың, көшкендердің және жұмысқа орналастырылғандардың саны;

тұрақты жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына жұмысқа орналастырылған, оның ішінде кәсіптік оқудан өткен Бағдарламаға қатысушылар саны;

басқа да көрсеткiштер.

Бағдарламаның iске асырылуын басқаруды:

республика деңгейiнде:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – ВАК).

Бағдарлама операторы;

облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде – Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi өңiрлiк комиссия (бұдан әрi – өңiрлiк комиссиялар) және жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар;

аудандық (қалалық) деңгейде – Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрi – аудандық (қалалық) комиссиялар), жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар және халықты жұмыспен қамту орталықтары;

селолар мен ауылдар деңгейiнде – (селолар мен кенттердiң және селолық округтердiң әкiмдерi) осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң аппараттары жүзеге асыратын болады.

Тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын әлеуметтiк келiсiмшарттар Бағдарламаның орындалуын ұйымдастырудың аса маңызды құралдары болып табылады.

Өңірлік, аудандық (қалалық) комиссиялардың үлгi ережелерiн, әлеуметтiк келiсiмшарттың, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы өтініштерінің (хабарламаларының) нысандарын Бағдарлама операторы бекітеді.

Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Бағдарлама операторы, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтары жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады:

бос жұмыс орындары мен Бағдарламаға қатысушылардың дерекқорына қолжетімділік беру;

Бағдарламаға қатысуға үміткерлерге Бағдарлама шеңберінде ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы консультация беру;

Бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуда жәрдемдесу.

4.3.1. Бiрiншi бағыт:

оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

Бiрiншi бағыт еңбек әлеуетін дамыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу арқылы халықтың жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының мынадай азаматтары мен оралмандар осы бағыттың қатысушылары бола алады: ішінара жұмыспен қамтылғандар; жұмыссыздар; өз бетінше жұмыспен айналысушылар; табысы аз адамдар; ағымдағы күнтізбелік жылы жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын бітіргендер; еңбекке қабілеттілігін сақтаған мүгедектер; жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; белгіленген жасқа дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер; ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдар. Бағдарламаға қатысудың басым мүмкiндiктерi ауылдық жердегi жастар мен әйелдерге берiледi.

Осы бағыт шеңберiнде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттiк қолдаудың мынадай түрлерi көрсетiледi:

кәсіптік оқу, жұмысқа орналасу мәселелерi бойынша консультациялар, сондай-ақ психологиялық бейiмдеу;

тегiн бiлiктiлiктi арттыру, кәсiптiк даярлау және қайта даярлау курстарына (бұдан әрi – кәсiптiк оқыту) жіберу;

кәсіптік оқуға материалдық көмек беру;

лайықты бос жұмыс орындарын iздеу және жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орындарына және жастар практикасына орналасуға жәрдемдесу;

жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын iшiнара субсидиялау;

жастар практикасына жiберiлген жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу.
Жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 ай бойы жүзеге асырылады. Жастар практикасына жiберiлген Бағдарламаға қатысушылардың еңбекақысын субсидиялау мөлшерi айына 17,2 айлық есептiк көрсеткiштi (салықтарды, мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны және банк қызметтерiн ескере отырып) құрайды. Азаматтардың жастар практикасына қатысу және оларға мемлекеттiк қолдау көрсету шарттары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделген. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын мемлекеттiң iшiнара субсидиялауы 12 ай бойы жүзеге асырылады.

Бiр айдағы жалақыға берiлетiн субсидия мөлшерi салықтарды, мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, мынаны құрайды:

1) алғашқы 6 айда жалақының 50 %-на дейiн, бiрақ 26 мың теңгеден аспайды;

2) келесi 3 айда жалақының 30 %-на дейiн, бiрақ 15,6 мың теңгеден аспайды;

3) соңғы 3 айда жалақының 15 %-на дейiн, бiрақ 7,8 мың теңгеден аспайды.

Азаматтардың Бағдарламаға қатысу және оларға мемлекеттiк қолдау көрсету шарттары Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделген.

Жалдамалы қызметкерлерді өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнының сақталу шартымен жұмыс берушілердің өтінімі бойынша жүзеге асырылады.

Iске асыру тетiгi:

1) Бағдарламаға қатысуға үміткерлер тұрақты тұратын жерiнiң аудан, қала бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтiнiшпен жүгiнедi және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес құжаттарды тапсырады;

2) Халықты жұмыспен қамту орталықтары тапсырылған құжаттарды қарайды және тапсырылған құжаттардың Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін салыстырып тексеру негізінде Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы (не бұдан бас тарту туралы) шешім қабылдайды;

3) Бағдарламаға қатысушыларға халықты жұмыспен қамту орталықтары қолданыстағы Дерекқордағы бос жұмыс орындарына не жұмыс берушілердің өздері немесе жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген жұмыс орындарына, жалақысын ішінара субсидиялай отырып, әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді;

4) Қажетті кәсіптік даярлығы болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмай жүрген Бағдарламаға қатысушылар Дерекқорға енгізілген кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқуға, сондай-ақ жұмыс берушілердің өздері немесе жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген тиісті жұмыс орындарына жіберіледі;

5) Дерекқордағы бар жұмыс орындарына, жеке жұмыспен қамту агенттіктері және жұмыс берушілер ұсынған жұмыс орындарына кәсіптік оқудан өтпестен жұмысқа орналасу жағдайларын қоспағанда, Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады;

6) Кәсiптiк оқуды аяқтағаннан кейiн Бағдарламаға қатысушыларға алған мамандығы (кәсібі) бойынша жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетіледі; 7) Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын Бағдарламаға қатысушылар тарапынан халықты жұмыспен қамту орталықтары, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан – ауданның (қаланың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы бақылайды.

4.3.1.1. Бағдарламаның бірінші бағытын пилоттық режимде іске асырудың қосымша шарттары

2013 жылдан бастап Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ ВАК шешімімен айқындалған өңірлерде кәсіптік оқудан өту үшін үміткерлерді іріктеуді, мамандықтар  (кәсіптер) және кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын таңдауды кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін іріктелген үміткерлерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін жұмыс берушілер жүргізетін тәртіп енгізіледі.

Іске асыру тетігі:

1) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін тұрақты жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілер:

ағымдағы және перспективалық қажеттілікті ескере отырып, оқыту үшін мамандық (кәсіп) таңдайды;

Қазақстан Республикасының аумағында кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымын таңдайды;

2) Бағдарламаға қатысуға үміткерлерді іріктеуді жұмыс берушілер:

өз бетінше іздестіреді, оның ішінде жұмыспен қамту агенттіктері  арқылы;

Халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынатын Бағдарламаға қатысушылар арасынан таңдайды;

бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысу арқылы жүргізеді.

3) Кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын ұйымды таңдауды жұмыс берушілер тізбесі Бағдарлама операторының, сондай-ақ  білім саласындағы уәкілетті органның, Бағдарлама операторының жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурсында орналастырылатын ұйымдардың арасынан жүргізеді.

Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастыру, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында айқындалады.

4) Халықты жұмыспен қамту орталықтары кәсіптік оқыту үшін жұмыс берушілер іріктеген Бағдарламаға қатысушылармен білім беру ұйымы мен жұмыс беруші тараптары  қатысатын әлеуметтік келісімшарт жасайды.

Жұмыс беруші мен білім беру ұйымы әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы жауапты лауазымды адамның қолымен және мөрмен расталған жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасасуды растайды.

Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін тұрақты жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілер өтініште (хабарламада) Бағдарламаға қатысушылардың деректерін, оларды оқытуды ұйымдастыру жоспарланып отырған мамандық (кәсіп), білім беру ұйымын, өндірістік практикадан өту орнын және оқу аяқталғаннан кейін жұмыс істеу кезеңін көрсетеді.

Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары өтініште (хабарламада) мамандығы (кәсібі), оқытудың ұзақтығы мен құны, өндірістік практикадан өтетін ықтимал орны мен шарттары туралы ақпаратты көрсетеді.

5) Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын Бағдарламаға қатысушылар, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдары тарапынан халықты жұмыспен қамту орталықтары, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан – ауданның (қаланың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бақылайды.

4.3.1.2. Кәсіпорындардағы оқу орталықтарында кәсіптік оқыту

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіптік оқытуды заңды тұлға  болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыруға құқығы бар оқу орталықтары (өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар жанындағы) жүзеге асыра алады.

Кадрларды фирмаішілік (өндірісішілік) даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру мақсатында, сондай-ақ оқу орталықтарының (өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар жанындағы) Бағдарламаға қатысу мүмкіндігін жүзеге асыру үшін, базасында оқу орталықтары жұмыс істейтін жұмыс берушілер:

оқу орталықтарының базасында оларға оқу ұйымы мәртебесін бере отырып, дербес заңды тұлғалар құруды;

құрылған заңды тұлғалардың белгіленген тәртіппен білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия алуын;

мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім мамандарын даярлауға қатысуды қамтамасыз етеді.

4.3.2. Екiншi бағыт:
кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу

Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу:

Екінші бағытты іске асыру үшін ауылдық тірек елді мекендер басым елді мекендер болып табылады.

Жеке iсiн ұйымдастыруды немесе кеңейтудi қалайтын ауыл тұрғындарына, әйелдерге және мүгедектерге қатысудың басым құқығы берiледi.

Осы бағыт шеңберiнде мемлекеттiк қолдаудың мынадай түрлерi көрсетiлетiн болады:

сервистік қызметтер, оның ішінде консультациялық (бухгалтерлік, заңдық, маркетингтік) қызметтер көрсету, оқуға материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес жоспарын дайындауға жәрдемдесу, 1 жылға дейінгі мерзімге жобаларды сүйемелдеу;

жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу.

Бағдарламаның осы бағытына, оның ішінде қаржы агенттігі мәртебесіне ие ұйымдардың қатысуы, сондай-ақ Бағдарламаларға қатысушыларға мемлекеттiк қолдау көрсету шарттары Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдау көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделген. Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi, микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу және кредит ресурстарын беру, оларға осы бағыт шеңберiнде бөлiнген кредит ресурстарының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргiзу, қатысу тәртібі Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктерге конкурстық негiзде кредит беру қағидасында көзделген.

Микрокредит беру шарттары:

республикалық бюджеттен бюджеттiк кредит жергiлiктi атқарушы органға 0,01% жылдық сыйақы ставкасымен қайтарымдылық, жеделдiлiк және ақылылық қағидаттарында 5 жылға берiледi;

бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру;

кредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға берiлмейдi;

кредит беру мерзiмi – 5 жылдан аспайды;

кредиттiң ең жоғары сомасы 3 млн. теңгеден аспайды;

соңғы қарыз алушыға, микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарына және/немесе кредиттiк серiктестiктерге кредит бойынша негiзгi борышты өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бiрiнен аспайтын мерзiмге жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн;

уәкiлеттi өңiрлiк ұйымның микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдар және/немесе кредиттiк серiктестiктер үшiн ұсынатын кредиттерi бойынша жылдық сыйақы ставкасын өңiрлiк комиссиямен келiсiм бойынша уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген кредиттер бойынша сыйақы ставкасы және оның кредит берудi ұйымдастырумен байланысты жоспарланған шығыстары негізге алынып, уәкілетті ұйым белгілейді;

соңғы қарыз алушы үшiн кредиттiк ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi ставканы өңiрлiк комиссиямен келiсе отырып, уәкiлеттi өңiрлiк ұйым белгiлейдi;

қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын соңғы қарыз алушы үшін кредиттік ресурстар бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді ставкасы өңірлік комиссиямен келісе отырып белгіленеді;

жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуға және/немесе салуға мемлекеттік сараптама жүргізу және ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен жүзеге асырылады.

Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту Бағдарлама шеңберiнде қатысушылар iске асыратын жобалар үшiн қолданыстағы жүйелерге: жолдарға, кәрiзге, жылумен және сумен жабдықтауға, телефон және электр желiлерiне жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізуді көздейді.

Жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе салуды және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алуды жергілікті атқарушы органдар айқындалған техникалық шарттар немесе заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және бизнес-ұсыныстар негізінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырады.

Бұл ретте, инфрақұрылым объектілерін салу немесе реконструкциялау және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын ілеспе технологиялық жабдықтардың құны жобалау-сметалық құжаттаманың құны мен мемлекеттік сараптама жүргізу құны есепке алынбай айқындалады және  берілетін кредиттің сомасына қарамастан, Бағдарламаның бір қатысушысына  3 млн. теңгеден аспауға тиіс.

Жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізу елдi мекендi дамытудың бас жоспарына (ауылда – инженерлiк-коммуникациялық желiлердiң жергiлiктi схемаларына) сәйкес келуге тиiс және бiр немесе бiрнеше жобаны қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкiн.

Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына, кредиттік серіктестіктерге және қаржы агенттігі мәртебесіне ие ұйымдарға кредиттік ресурстар беру:

1) Бағдарлама операторы жергiлiктi атқарушы органға бюджеттiк кредит бередi.

2) аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары:

жергілікті бюджет қаражаты есебінен Кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлеуді қамтамасыз етеді және оны облыстың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келісім бойынша бекітеді;

Кәсіпкерлікті дамыту картасы бекітілгенге дейін Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру белгілі бір өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады.

3) Облыстардың жергілікті атқарушы органдары микрокредит беруді ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті өңірлік ұйымды айқындайды.

4) Уәкiлеттi өңiрлiк ұйым Микроқаржы (Микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктерге кредит берудiң белгiленген қағидасына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшiн микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарын және/немесе кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу бойынша конкурс өткiзедi. Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктер арасында конкурс өткізбей  соңғы қарыз алушыларға кредит беруді қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымның өзі жүзеге асыруы мүмкін.

5) Уәкiлеттi өңiрлiк ұйым мен микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарының және/немесе кредиттiк серiктестiктердiң арасында кредит беру туралы шарт жасалады.

Уәкілетті өңірлік ұйымның қаржы агенттігі мәртебесі болған жағдайда кредиттік шарт тікелей уәкілетті өңірлік ұйым мен соңғы тұтынушы арасында жасалады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну:

1) Бағдарламаның екiншi бағытына қатысуға ниет бiлдiрушiлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға Бағдарлама шеңберінде микрокредит алудың ықтимал нұсқалары туралы консультация береді.

Кредит қаражатын конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым арқылы алуға ниет білдірген жағдайда қатысуға үміткерлер жұмыспен қамту орталықтарына өтініш және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдау көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес құжаттар береді.

Егер үміткер микрокредитті кредиттік серіктестік арқылы алуға ниет білдірсе, ол қолданыстағы кредиттік серіктестікке қосыла алады немесе микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасына сәйкес уәкілетті өңірлік ұйым өткізетін кредиттік серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын жаңа кредиттік серіктестік құра алады.

2) Халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған өтініштерді қарайды, мемлекеттiк қолдау алу түрлерi бойынша үмiткерлердiң тiзiмi мен жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруды және/немесе Кәсіпкерлікті дамыту картасына сәйкес ілеспе технологиялық жабдық сатып алуды талап ететiн жобалардың тiзбесiн қалыптастырады және:

ауданның (қаланың) кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органына;

болжамды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру орны бойынша селолық округтің, кенттің әкіміне;

конкурстық негізге іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарға немесе қаржы агенті мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға немесе микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасына сәйкес уәкілетті өңірлік ұйым өткізетін кредиттік серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын кредиттік серіктестіктерге;

үміткер мәлімдеген жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық объектілерді дамыту және/немесе салу және ілеспе технологиялық жабдық сатып алу қажет болған жағдайда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және/немесе жайластыру жөніндегі уәкілетті органға (ауданның) жібереді.

ауданның (қаланың) кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органы –  ұсынылған жобаның кәсіпкерлікті дамыту картасына немесе өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі туралы қорытындыны;

селолық округтың, кенттің әкімі – жобаны іске асырудың орындылығын келісу туралы қорытындыны не дәлелді түрде бас тартуды;

конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым – үміткерлерге Бағдарламаның екінші бағытына қатысуға кредит беру мүмкіндігі туралы қорытындыны;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру жөніндегі (ауданның) уәкілетті орган – жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде  жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу мүмкіндігі туралы қорытындыны жібереді;

4) Халықты жұмыспен қамту орталығы жоғарыда көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін үміткерлерді Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар құрамына қосу не одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оларды бұл туралы жазбаша хабардар етедi.

5) Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның екiншi бағытына енгізілген адамдармен әлеуметтiк келiсiмшарттар жасасады.

6) Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйымдарды іріктеуді жүзеге асырады.

Кәсiпкерлiк негiздерiн оқыту бағдарламасы мен оны өткізу кестесі халықты жұмыспен қамту орталығымен келісіледі.

7) Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды оқуға, бизнес жоспар дайындауға жәрдемдесуге материалдық көмек ұсына отырып, оларға оқыту мерзімі бір ай мерзімге дейін кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқумен қамтамасыз ететін сервистік қызметтер көрсету ұйымдарына жібереді;

8) Микрокредиттер беру:

Бағдарламаға қатысушы сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымның жәрдем көрсетуімен бизнес-жоспар әзірлейді және Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру құқығын алған қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымына микрокредит алуға өтініммен жүгінеді;

қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы жобаға бағалау жүргізеді және микрокредит беру мүмкіндігі туралы (немесе мүмкін емес екендігі) туралы шешім қабылдайды;

микрокредитті кредиттік серіктестік арқылы алған жағдайда Бағдарламаға қатысушы жобаның бизнес жоспарын әзірлейді және микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасына сәйкес уәкілетті өңірлік ұйым өткізетін кредиттік серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын кредиттік серіктестікке жүгінеді.

9) Бағдарламаға қатысушы кредит алуға оң қорытынды алғаннан немесе кредиттік серіктестік арқылы микрокредит алғаннан кейін сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйыммен бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу жөніндегі қосымша қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасуға құқылы.

Сервистік қызметтер:

жұмыс уақытында телекоммуникациялық байланыс пен интернет бойынша;

жұмыс уақытында сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйымның орналасқан жері бойынша;

екі айда кемінде бір рет Бағдарламаға қатысушының тұрғылықты жері бойынша консультациялар жүргізу арқылы көрсетеді.

Бағдарламаға қатысушының тұрғылықты жері бойынша сервистік қызметтер көрсету кестесі халықты жұмыспен қамту орталығымен келісіледі.

10) Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту:

халықты жұмыспен қамту орталықтары қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымнан не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымынан немесе кредиттік серіктестіктен оң қорытынды алған кезде инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жобалары инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салуды немесе қайта жаңартуды немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алуды талап ететін Бағдарламаға қатысушылардың тізімін жібереді;

инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қаржыландыру немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) және қаржыландыру көлемі туралы қорытынды дайындайды және халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етеді.

11) Оң қорытынды алған жобалар бойынша Бағдарламаға қатысушы мен инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органның арасында тиiстi шарт жасалады.

12) Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

13) Шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаның iске асырылуына мониторинг жүргiзу инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органға жүктеледi.

4.3.3 Үшiншi бағыт:
еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

Бұл бағыт Қазақстан Республикасы азаматтарының өз еркiмен көшуiне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын көздейдi.

Бағдарламаның үшiншi бағытына ішінара жұмыспен қамтылғандар; жұмыссыздар; өз бетінше жұмыспен айналысушылар, табысы аз адамдар; жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; жастар, сондай-ақ оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзiлгеннен және Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн этникалық қазақтар қатарындағы жаңадан келген көшiп келушiлер (бұдан әрi – этникалық қазақтар қатарындағы көшiп келушiлер) арасынан Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

Бағдарламаның үшiншi бағытына қатысудың басым құқығын ауыл жастары иеленетiн болады.

Көшкеннен кейін отбасы мүшелері бірінің жұмыспен нәтижелі қамтылуы, коммуналдық қызметтерді, жалдау ақысын төлеу және отбасының берілген тұрғын үйде тұру мүмкіндігі Бағдарламаға қатысудың міндетті шарты болып табылады.

Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елдi мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшуі:

бiр ауданның iшiнде;

бiр облыс шегiндегi бiр ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);

бір облыстан басқасына жүзеге асырылады.

Әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен және жоғары елдi мекендердi айқындау өлшемдерiн экономикалық даму және сауда мәселелерi жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.

Әзiрленген өлшемдерге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар экономикалық даму және сауда мәселелерi жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсе отырып, әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен және жоғары елдi мекендердiң тiзбесiн айқындайды және оны Бағдарлама операторына жiбередi.

Жергiлiктi атқарушы органдар айқындаған және экономикалық даму және сауда мәселелерi жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсiлген әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен және жоғары елдi мекендердiң тiзбесi  ВАК-та бекiтiледi.

Әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елдi мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшетін Бағдарламаның осы бағытына қатысушылар мынадай өлшемдерге сәйкес келуге:

өз бетiнше жұмыспен айналысатын, жұмыссыз, еңбекке жарамды табысы аз  халықтың санатына жатуға;

жаңа тұрғылықты жері немесе өңiрлiк немесе ҮИИДМБ шеңберiнде iске асырылатын жобалардың бейiнi бойынша қолданыстағы Дерекқордағы жұмыс орындарына, сондай-ақ қабылдау өңiріндегі кәсiпорындардың еңбек ресурстарына сұранысына сәйкес келетін кәсіптік білімі болуға;

соңғы үш жылда бекiтiлген тiзбеге сәйкес әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен елдi мекендерде тұрақты тұруға тиіс.

Көрсетілген өлшемдер, көшіру мен жұмысқа орналастыруды жұмыс беруші өз бетінше жүзеге асырған этникалық қазақтар арасынан көшіп келушілерге, жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жастарға, Бағдарлама қатысушыларына, сондай-ақ басқа облыстарға көшетіндер болып табылатын Бағдарламаның осы бағытына қатысушыларға қолданылмайды.

Жастарға арналған жатақханаларда тұруға үміткер адамдар мынадай өлшемдерге сәйкес келуге тиіс:

29 жастан аспаған болуы;

қолданыстағы еңбек шарты немесе әлеуметтік келісімшарты болуы;

тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесіне қатысуы керек.

Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа облысқа көшуі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдары ұсынған жұмыс берушілер өтінімдерінің  және өңірлік комиссиялардың ұсыныстарының негізінде Бағдарлама операторының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Этникалық қазақтар қатарындағы көшiп келушiлерге және олардың отбасы мүшелерiне қоғамға бейiмдеу және кiрiктiру мақсатында оралмандарды бейiмдеу және кiрiктiру орталықтары арқылы қызметтер (ақпараттық, құқықтық, әлеуметтiк, медициналық және бiлiм беру) кешенi көрсетiледi.

Бейiмдеу және кiрiктiру қызметтерi халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға көзделген қаражат есебiнен көрсетiледi.

Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттiк қолдау:

жаңа тұрғылықты жерiнде кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарында оқытуды, сондай-ақ жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi;

қызметтік тұрғын үй беруді;

жастарға арналған жатақханалардан бөлме беруді;

психологиялық бейімдеуді қамтиды.

Көшумен байланысты субсидиялар көшу шығыстарының өтемiн қамтиды. Субсидияның мөлшерi:

отбасылар бiр ауданның шегiнде көшкен жағдайда – отағасына он еселенген айлық есептiк көрсеткiштi, отбасының әрбiр мүшесiне бес еселенген айлық есептiк көрсеткiштi;

отбасылар бiр облыс шегiндегi бiр ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) көшкен жағдайда – отағасына жиырма бес еселенген айлық есептiк көрсеткiштi, отбасының әрбiр мүшесiне он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiштi;

отбасылар басқа облысқа көшкен жағдайда – отағасына елу еселенген айлық есептiк көрсеткiштi, отбасының әрбiр мүшесiне отыз бес еселенген айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.

Бағдарламаның осы бағытына қатысу және мемлекеттiк қолдау көрсету шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтеді.

Келген жерiнiң жергiлiктi атқарушы органдары аумақты дамыту бағдарламасына, елдi мекеннiң бас жоспарына, егжей-тегжейлi жоспарлау жобасына немесе құрылыс салу жобасына сәйкес:

қызметтiк тұрғын үй салынатын учаскелердi айқындайды;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекiтiлген үлгiлiк жобалар бойынша (аумақтардың сейсмикалық жағдайын ескере отырып) қызметтiк тұрғын үйлер салуды, сатып алуды, салып бітіруді, сондай-ақ жастарға арналған жатақханалар салуды және сатып алуды  жүзеге асырады;

тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды және (немесе) оны жеке құрылыс салушылардан сатып алуды жүзеге асырады.

Жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушыларды отбасылық үлгiдегi жатақханалардан орын беру, тұрғын үйлердi сатып алу, құрылысы бұрын басталған объектiлердi салып бiтiру, жергiлiктi атқарушы органдардың коммуналдық меншiгiндегi бос тұрған көппәтерлi тұрғын үйлердi реконструкциялау есебiнен тұрғын үймен қамтамасыз ете алады.

Көшуін және жұмысқа орналасуын жұмыс беруші өзі жүзеге асырған азаматтар басым тәртіппен тиісті мемлекеттік қолдауды ұсына отырып, Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылардың құрамына енгізіледі.

Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыру үшін жастарға арналған жатақханаларды, қызметтiк тұрғын үйдi беру және оны пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Жас адамдарға жатақханалардан бөлмелер, сондай-ақ этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілерге; жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне; жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; көшуін және жұмысқа орналасуын жұмыс беруші өзі жүзеге асыратын Бағдарламаға қатысушыларға; сондай-ақ басқа облыстарға көшетіндерге қызметтік тұрғын үй беру олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада тұрғанына қарамастан жүзеге асырылады.  

Берiлетiн қызметтiк тұрғын үйлердiң ауданы отбасының құрамына байланысты, бiрге тұратын отбасы мүшесiнiң бiреуiне 18 шаршы метрден не отбасына 100 шаршы метрден аспауға және бiр бөлмелi пәтерден не отбасылық үлгiдегi жатақхананың бiр бөлмесiнен кем болмауға тиiс.

Тұрғын үйдiң жалпы ауданының 1 шаршы метрiнiң құны жобалау-сметалық құжаттамада және Мемлекеттiк сараптамада айқындалатын болады. Құрылысын және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуды республикалық бюджеттен қаржыландыру тұрғын үйдiң 1 шаршы метрi өңірлерде 80 мың теңгеден (инженерлік желілердің құны және өңірдің сейсмикалылығы есепке алынбағанда) аспауға тиіс және Астана және Алматы қалаларында 120 мың теңге шегінде (инженерлік желілердің құны және өңірдің сейсмикалығы есепке алынбағанда) болады. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны бойынша талаптар 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылысына шарттар жасалған тұрғын үйлерге қолданылмайды.

Бұл ретте көрсетiлген құннан асатын шығыстар жергiлiктi бюджет қаражаты және/немесе жұмыс берушілер есебiнен қаржыландырылуы мүмкiн.

Іске асыру тетігі:

1. Бағдарламаның үшінші бағытына қатысуға үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, көшуге өтініш береді.

2. Халықты жұмыспен қамту орталығы құжаттардың Бағдарламаның үшiншi бағытына қатысуға iрiктеу өлшемдерiне сәйкестiгi тұрғысынан қарайды, өтiнiш берушiлермен көшудiң ықтимал жолдарын келiседi және көшетiн жерiне қарай құжаттарды өңiрлiк немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды.

3. Бағдарламаға қатысуға өтiнiш берген адамдардың құжаттарын қарау қорытындысы бойынша:

  өңiрлiк комиссиялар:

бiр ауданнан басқа ауданға, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыс орталықтарының шегiнде көшетiн азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар;

басқа облысқа көшетiн азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы өтiнiмдер немесе ұсыныстар дайындайды;

2) аудандық/қалалық комиссиялар бiр ауданның шегiнде көшетiн азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды.

4. Бағдарлама операторының, өңiрлiк не аудандық/қалалық комиссия шешiмiнiң негiзiнде халықты жұмыспен қамту орталығы өтiнiш берушiлердi Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.

5. Бағдарламаның үшiншi бағытына қатысушылар тiзiмiне енгiзiлген адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында (келген жерiнiң) әлеуметтiк келiсiмшартқа қол қойылады. Әлеуметтiк келiсiмшарт көшу бойынша әлеуметтiк қолдаумен қатар, жаңа жерде жұмысқа орналастыру бойынша iс-шараларды қамтиды.

6. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган сейсмологиялық аймақтарды және оның сипатын ескере отырып, тұрғын үйдiң (жеке немесе көппәтерлi) үлгiлiк жобасын әзiрлейдi. 7. Бағдарламаға қатысушылар тиiстi бiлiктiлiгi болған жағдайда, қызметтiк тұрғын үйдi салу және тиiстi инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту барысында құрылатын жұмыс орындарына орналасуға басым құқыққа ие болады.

8. Әлеуметтiк келiсiмшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.

4.3.3.1 Үшінші бағытты пилоттық режимде іске асырудың

қосымша шарттары

2013 жылдан бастап Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарында, сондай-ақ ВАК шешімімен айқындалған өңірлерде қызметтік тұрғын үйлер салу, сатып алу, салып бітіру және қоныстандыру жұмыс берушілердің қатысуымен жүзеге асырылады.

Жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландырылған жағдайда құрылыс орнын, салу, сатып алу және салып бітіру үшін тұрғын үйдің ықтимал нұсқаларын таңдау оның қатысуымен жүзеге асырылады.

Бұл ретте жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландыру салынатын, сатып алынатын және салынып бітірілетін тұрғын үйдің кемінде 10 %-ын құрауы және кемінде бір пәтер не жеке тұрғын үй салуды пайдалануға беруді не сатып алуды қамтамасыз етуге тиіс.

  Салынған және пайдалануға тапсырылған тұрғын үй мемлекет пен жұмыс беруші арасында осы тұрғын үйді салуға көзделген қаражатқа сәйкес бөлінеді.

Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу қызметтік тұрғын үйлер салуға, сатып алуға, салып бітіруге және қоныстандыруға қатысатын жұмыс берушілердің  жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.

Егер жұмыс беруші қызметкерлер үшін тұрғын үй салуды өз бетінше қамтамасыз еткен жағдайда, жергілікті атқарушы органдар  заңнамаға сәйкес тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін бөлуге, аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына немесе құрылыс салу жоспарына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылуға, сондай-ақ  жүргізуге және қосылуға техникалық жағдай жасалуына жәрдем көрсетеді.

Бағдарлама шеңберінде 2011 – 2012 жылдары енгізілген тұрғын үй әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетіне қарамастан, елді мекендерден көшетін Бағдарламаға қатысушыларға жұмыс берушілер тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруға қатысуы шартымен беріледі. 


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz