Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына кім қатыса алады?

25.01.2016

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына:

1-бағыт бойынша – ішінара жұмыспен қамтылғандар; жұмыссыздар; өз бетінше жұмыспен айналысушылар; табысы аз адамдар; ағымдағы күнтізбелік жылы жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын бітіргендер; еңбекке қабілеттілігін сақтаған мүгедектер; жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; белгіленген жасқа дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер; ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдар. Бағдарламаға қатысудың басым мүмкiндiктерi ауылдық жердегi жастар мен әйелдерге берiледi.
2-бағыт бойынша - ішінара жұмыспен қамтылғандар; жұмыссыздар; өз бетінше жұмыспен айналысушылар; табысы аз адамдар; ағымдағы күнтізбелік жылы жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын бітіргендер; еңбекке қабілеттілігін сақтаған мүгедектер; жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; белгіленген жасқа дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер; ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы болып табылатын, әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан, ауылдық елдi мекендерде, шағын қалаларда, заңнамаға сәйкес қалалық елдi мекендерге жататын кенттерде жеке ісін ұйымдастыруды немесе кеңейтуді қалайтын және оған мүмкіндігі бар адамдар қатарындағы адамдардың жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейтуі арқылы кәсiпкерлiктi ынталандыруға және экономикалық белсендiлiкті арттыруға бағытталған.
Екінші бағытты іске асыру үшін ауылдық тірек елді мекендер басым елді мекендер болып табылады.
Жеке iсiн ұйымдастыруды немесе кеңейтудi қалайтын ауыл тұрғындарына, әйелдерге және мүгедектерге қатысудың басым құқығы берiледi.
3-бағыт бойынша – ішінара жұмыспен қамтылғандар; жұмыссыздар; өз бетінше жұмыспен айналысушылар, табысы аз адамдар; жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; жастар, сондай-ақ оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзiлгеннен және Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн этникалық қазақтар қатарындағы жаңадан келген көшiп келушiлер (бұдан әрi – этникалық қазақтар қатарындағы көшiп келушiлер).
Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағытына қатысудың басым құқығы ауылдық жастарға беріледі.
Этникалық қазақтар қатарындағы көшіп-қонушыларды қоспағанда Бағдарламаның аталған бағытына қатысушылар мынадай өлшемдерге сәйкес келуі тиіс:
өз бетінше жұмыспен айналысушы жұмыссыз немесе еңбекке қабілетті табыс аз халық санаттарына жатуы тиіс;
соңғы үш жылда:
1) бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұруға;
2) республикалық маңызы бар қаланың шегінде, астанада және облыс орталықтарында тұруға және жеке тұрғын үйі болмағандықтан, тиісті әкімдікте есепте тұруға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған тұрғын үйде тұруға тиіс;
кәсіптік даярлығы өңірлік немесе ҮИИДМБ шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобалардың бейініне, сондай-ақ өңірдің, республикалық маңызы бар қаланың және астана кәсіпорындарының еңбек ресурстарына қажеттілігіне сәйкес келуге тиіс.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидасына сәйкес Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгiзiлетiн үмiткерлердiң тiзiмiн қалыптастыру кезiнде мыналар ескерiледi:
1) қоныс аударуды ұйымдастыру кезiнде:
соңғы үш жылда бекiтiлген тiзбеге сәйкес экономикалық әлеуетi төмен елдi мекенде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қала және астана шегiнде тұруы;
кәсiптiк даярлығының өңiрлiк немесе ҮИИДМБ шеңберiнде iске асырылатын инвестициялық жобалардың бейiнiне, сондай-ақ өңiр, республикалық маңызы бар қала және астана кәсiпорындарының еңбек ресурстарына деген қажеттiлiгiне сәйкес келуi;
айлық жиынтық кiрiсi бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң әрқайсысына шаққанда өтiнiш берген тоқсаннан алдыңғы тоқсандағы ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерiнен аспауға тиiс.
Бұл ретте, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлiнiсiнде статистика жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындаған ең төмен күнкөрiс деңгейi қолданылады.
2) вахталық әдiс бойынша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру кезiнде кәсiптiк даярлығының өңiрлiк немесе ҮИИДМБ шеңберiнде iске асырылатын инвестициялық жобалардың бейiнiне сәйкес келуi.
Отбасының жиынтық кiрiсiне, тұрғын үй көмегi мен атаулы әлеуметтiк көмектен, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберiнде берiлетiн ынталандырушы төлемдерден басқа, белгiленген уақыт кезеңiнде ақшалай немесе заттай нысанда нақты алынған кiрiстердiң барлық түрi енгiзiледi.
Жиынтық кiрiстi Бағдарлама операторы бекiткен Ережеге сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығы айқындайды.
Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде бiрге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргiзетiн және тұрғылықты жерi бойынша бiр елдi мекенде тiркелген отбасының барлық мүшелерi ескерiледi.
4-бағыт бойынша – өз бетінше жұмыспен жұмыспен айналысатын, жұмыссыз, халықтың нысаналы топтары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар. Қажетті кәсіптік біліктілігі бар Бағдарлама қатысушыларына инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде құрылатын жұмыс орындарына орналастыруда жәрдем көрсетіледі. 

Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz