Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы

27.01.2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы

(2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

1-тарау Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)

2-тарау Мүгедектерді әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу (4 - 12 баптар)

3-тарау Мүгедектердің құқықтары және оларды әлеуметтiк қорғау (13 - 32 баптар)

4-тарау Жұмыс берушінің мүгедектердi әлеуметтiк қорғау iсiне қатысуы

(33 - 35 баптар)

5-тарау Мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерi (36 бап)

6-тарау ocы 3aңның сақталуын бақылау (37 - 38 баптар)

7-тарау Қорытынды ережелер (39 - 1 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

Осы Заң Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуме ттiк қорғау саласындағы қоғамдық

қатынастарды реттейдi және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) арнаулы жүрiп-тұру құралдары - мүгедектердiң белсендi және баяу жүрiп-тұруына арналған

техникалық көмек түрi;

2) әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттік стандарттары - мүгедектер мен мүгедек балаларға, сондай-ақ қарттарға медициналық-әлеуметтiк мекемелерде, үйде көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек бөлiмшелерiнде және әлеуметтiк қызмет көрсетудiң аумақтық орталықтарында берiлетiн әлеуметтiк қызметтердiң кӛлемiн және оларды ұсынудың тәртібін белгiлейтiн ережелер;

3) кәсiптiк бағдарлау - мүгедектiң еңбек қызметi түрлерiн таңдауына кӛмек кӛрсетуге бағытталған шаралар жүйесi;

4) қайта жасау хирургиясы - организмнiң бұзылған функцияларын қалпына келтiруге немесе олардың орнын толтыруға бағытталған хирургиялық емдеу әдiсi;

5) медициналық-әлеуметтiк сараптама - организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік-тынысын бағалау негiзiнде куәландырылатын адамның әлеуметтiк қорғау шараларына деген қажеттіліктерiн белгiленген тәртiппен анықтау;

2007.12.01 № 222-iii ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара)

5-1) медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) - күтім мен медициналық қызмет кӛрсетуге мұқтаж қарттардың, мүгедектердің, оның ішінде психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектердің, мүгедек балалардың стационарда немесе күндіз болу жағдайында тұрақты немесе уақытша тұруына арналған интернат-үй, әлеуметтік қызмет кӛрсететін аумақтық орталық немесе ӛзге де ұйым;

2006.07.07. № 171-iii ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

6) медициналық оңалту - организмнің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешені;

7) мүгедек - тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам;

8) мүгедек бала - тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп

соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам;

9) мүгедектердi әлеуметтiк оңалту - мүгедектердiң тiршiлiк-тынысының шектелуiн жеңiп шығуы үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуiне бағытталған шаралар кешенi;

10) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау - мүгедектерге әлеуметтiк кӛмек кӛрсету, оңалту, сондай-ақ

олардың қоғамға етене араласуы жӛніндегі шаралар кешенi;

11) мүгедектердi жұмысқа орналастыруға арналған арнаулы жұмыс орындары - мүгедектiң жеке

мүмкiндiктерi ескерiле отырып жабдықталған жұмыс орындары;

12) мүгедектердi кәсiптiк оңалту - мүгедектердiң бұзылған не жоғалтқан кәсiптiк дағдыларын, білімi мен машықтарын алуына немесе қалпына келтiруiне және оларды бейiмдеу мен жұмысқа орналастыруға бағытталған шаралар кешенi;

13) мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламасы - мүгедектердi медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалту жөніндегі iс-шаралардың кепiлдiк берiлген тiзбесi;

14) мүгедектердiң әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуi - мүгедектердiң өзiн-өзi қарап-күту, өз бетiмен ӛмiр сүру мүмкiндiгiне қол жеткiзу немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмiрдiң үйреншiктi жағдайларына қайта оралу процесi;

15) мүгедектiк - организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан

адамның тiршiлiк-тынысының шектелу дәрежесi;

16) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасы - мүгедектi оңалтудан өткiзудiң нақты көлемiн, түрлерi мен мерзiмдерiн белгiлейтiн құжат;

17) тармақша 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді

17) мiндеттi гигиеналық құралдар - табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктердi қанағаттандыруға арналған құралдар;

18) протездiк-ортопедиялық көмек - мүгедектердi протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі медициналық-техникалық көмектiң мамандандырылған түрi және оларды пайдалануды үйрету;

19) протездiк-ортопедиялық құралдар - кем аяқ-қолды немесе дененiң басқа да мүшелерiн

алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудiң салдарынан организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;

20) сурдотехникалық құралдар - есiту кемiстiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған, соның iшiнде байланыс құралдары мен ақпарат берудi күшейтетiн техникалық құралдар;

21) техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар - протездiк-ортопедиялық және сурдо-

тифлотехникалық құралдар мен мiндеттi гигиеналық құралдар;

22) тифлотехникалық құралдар - мүгедектердiң көру кемiстiгi салдарынан жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;

23) тiршiлiк-тынысының шектелуi - адамның өзiн-өзi қарап-күту, өздiгiнен жүрiп-тұру, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзiнiң мiнез-құлқын бақылау, оқу және еңбекпен айналысу қабiлетiнен немесе мүмкiндiгінен толық немесе ішінара айрылуы.

2-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы Қазақстан

Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер

белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады, бұған халықаралық шарттан оның қолданылуы үшiн Қазақстан Республикасының заңын шығару талап етiлетiн жағдайлар қосылмайды.

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мүгедектердi әлеуметтiк қорғау

саласындағы қатынастардың субъектiлерi болып табылады.

2-тарау. МҤГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

4-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты:

1) мүгедектiктiң алдын алуға;

2) мүгедектердi әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға;

3) мүгедектердiң қоғаммен етене араласуына бағытталған.

5-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау принциптерi

Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты:

1) заңдылық, iзгiлiк, адам құқықтарының сақталуы;

2) әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк берiлу, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуға

қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;

3) мүгедектердiң денсаулық сақтауға, білім алуға және қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткiзуi мен тең құқылы болуы;

4) мемлекеттік органдардың мүгедектердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөніндегі

функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестiктермен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауы;

5) мүгедектiк белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу принциптерi негiзiнде жүргiзiледi.

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2) мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламаларын бекiтедi;

3) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады;

4) мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген мүгедектерге Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен тӛлеудiң тәртібін бекiтедi;

ҚР 2007.19.12. № 9-Іv Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)

4-1) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтік қызметтер кӛрсету:

жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке кӛмекші беру;

есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманын жылына отыз сағат мерзімге беру тәртібін бекітеді;

5) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында үйлестiру кеңесiн құрады;

2011.05.07. № 452-iv ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген ӛзге де функцияларды орындайды.

7-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық

бӛлiмшелерiнiң құзыретi

1. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:

1) Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлейдi және бекiтедi;

2009.17.07. № 188-iv ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03 № 258-iv ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-iv ҚР Заңымен (бҧр.ред.қара) 1-1) тармақша өзгертілді

1-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан

Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

2) мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламаларын әзiрлейдi;

3) мүгедектерге әлеуметтiк қызмет кӛрсетудiң мемлекеттік стандарттарын әзiрлейдi;

4) басқа да мемлекеттік органдарды мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi жағынан әдiстемелiк және ұйымдастырушылық үйлестiрудi жүзеге асырады;

5) медициналық-әлеуметтiк сараптаманы және мүгедектердi оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге

асырудың жалпы принциптерiн белгiлейдi;

6) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып мүгедектiктi куәландыру, оның себептерiн, тобын және еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу, мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын анықтау ережелерiн әзiрлейдi;

7) мүгедектердi есепке алу жүйесiнiң орталықтандырылған деректер банкiн қалыптастырады,

мүгедектiк себептерiнiң, құрылымының және жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзедi;

8) тармақша 2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді

8) мүгедектердi әлеуметтiк оңалту саласындағы кадрлардың, соның iшiнде, ымдау тілі мамандарының біліктілігiн арттыруды ұйымдастырады;

2009.17.07. № 188-iv ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2011.05.07. № 452-iv ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының ӛзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде кӛзделген ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бӛлiмшелерiнiң құзыретiне мыналар жатады:

1) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу;

2) мүгедектiк тобын, оның себептерiн, мерзiмiн, мүгедектiктiң басталған уақытын, еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн, организм функцияларының бұзылуы және тiршiлiк-тынысының шектелуi дәрежесiне қарай «мүгедек бала» санатын айқындау;

3) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында кӛзделген жәрдемақыларды және тӛлемдер мен

ӛтемақылардың басқа да түрлерiн тағайындау;

5) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының iске асырылуын бақылау;

6) халықтың мүгедектiгi деңгейi мен себептерiн зерделеу;

2009.17.07. № 188-iv ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) өз құзыретi шегiнде мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау.

8-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган:

1) халықтың салауатты ӛмiр салтын қалыптастыру, мүгедектiктiң алдын алу саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты жүргiзедi;

2) ауруға диагноз қоюдың және емдеудiң хаттамаларын айқындайды;

3) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес мүгедектердi медициналық оңалтуды жүзеге асырады;

4) медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз етедi;

2011.05.07. № 452-iv ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының ӛзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

9-бап. Білім беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Білім беру саласындағы уәкiлеттi орган:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектердiң білім алуын қамтамасыз етедi;

2) мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген мүгедектерге Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен тӛлеудiң тәртібін әзiрлейдi;

3) мүгедектердi оқытуды жүзеге асыратын арнаулы білім беру ұйымдарының білім беру қызметiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлейдi және бекiтедi;

2011.05.07. № 452-iv ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының ӛзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде кӛзделген ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асырады.

10-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының құзыретi

1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi ӛкiлдi органдары:

1) мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiнiң мамандандырылған ұйымдарын қолдауды қоса алғанда, мүгедектердi оңалтудың ӛңiрлiк бағдарламасын бекiтедi;

2) мүгедектердi оңалтудың ӛңiрлiк бағдарламасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

2011.05.07. № 452-iv ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жӛніндегі ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiнiң мамандандырылған ұйымдарын қолдауды қоса алғанда, мүгедектердi оңалтудың ӛңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ӛкiлдi органдарының бекiтуiне ұсынады;

2) мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсiпорындарды құрады;

3) мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал етедi;

4) осы Заңға және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;

5) мүгедектердi оңалту жӛніндегі мамандарды, оның iшiнде ымдау тілінiң мамандарын, Брайльдiң бедерлi-нүктелiк қарпі бойынша оқитын және жазатын мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігiн арттыруды ұйымдастырады;

6) осы Заңға және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тиiстi аумақта медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтуды ұйымдастырады;

7) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз етедi;

8) мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламаларының iске асырылуын қамтамасыз етедi;

9) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық кӛмекшi (орнын

толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді

ұйымдастырады;

10) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық

бірлестiктерiмен бірлесiп мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шараларды ӛткiзудi

ұйымдастырады;

11) мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiмен, аумақтық уәкiлеттi мәдениет органдарымен бірлесiп мәдени-кӛпшiлiк және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

12) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк кӛмектiң кӛрсетiлуiн үйлестiредi;

2011.05.07. № 452-iv ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асырады.

11-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының құзыретi

1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi ӛкiлдi органдары:

1) мүгедектердi оңалтудың ӛңiрлiк бағдарламасын бекiтедi;

2) мүгедектердi оңалтудың ӛңiрлiк бағдарламасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;2011.05.07. № 452-iv ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жӛніндегі ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Ауданның (облыстық маңызы қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) мүгедектердi оңалтудың ӛңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ӛкiлдi органдарының бекiтуiне ұсынады;

2) мүгедектердi оңалтудың ӛңiрлiк бағдарламаларының тиiстi аумақта iске асырылуын қамтамасыз етедi;

3) мүгедектерге әлеуметтiк және қайырымдылық кӛмек кӛрсетудi ұйымдастырады;

2011.05.07. № 452-iv ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асырады.

12-бап. Мүгедектiктiң алдын алу

1. Мүгедектiктiң алдын алу - ерте диагноз қоюға, дене, ақыл-ой, психикалық, сенсорлық және басқа кемiстiктердiң туындауынан және кемiстiктiң тұрақты функционалдық шектелуге немесе мүгедектiкке ауысуынан сақтандыруға бағытталған шаралар кешенi, сондай-ақ денсаулықты қорғау, адамның тұратын экологиялық ортасын жақсарту, салауатты ӛмiр салтын қалыптастыру, еңбектiң қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз ету, ӛндiрiсте жарақаттануды болдырмау, кәсiптiк ауруларды азайту жӛніндегі iс-шаралар.

2. Мүгедектiктiң алдын алуды тиiстi мемлекеттік органдар, жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары, ұйымдар мен жұмыс берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

3-тарау. МҤГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҦҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ

ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТiК ҚОРҒАУ

13-бап. Медициналық-әлеуметтiк сараптама

1. Адамның мүгедектiгi мен еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеу халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бӛлiмшелерiнiң медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуi жолымен жүзеге асырылады.

2. Медициналық-әлеуметтiк сараптама Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен, куәландырылатын адамның клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк, кәсiби және психологиялық деректерiн талдау негiзiнде организмнiң жай-күйiн кешендi бағалауға сүйенiп жүзеге асырылады.

3. Адамды мүгедек деп таныған және еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеген кезде олардың себептерi, мерзiмi, басталған уақыты, қосымша кӛмек түрлерiне және техникалық кӛмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудегi қажеттіліктерi анықталады, сондай-ақ мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасы әзiрленедi.

4. Мүгедектiк тобы он алты жастан бастап белгiленедi.

14-бап. Мүгедектердiң құқықтары

Қазақстан Республикасында мүгедектер:

1) әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға, қоғамға етене араласуға;

2) әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз етуге;

3) ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;

4) білім алуға, қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн медициналық кӛмектiң кепiлдiк берiлген кӛлемiн алуға;

6) кәсiптiк даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге және жұмысқа

орналасуға;

7) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;

8) мемлекеттік және ӛзге ұйымдарда, соның iшiнде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, кӛлiк, қызмет кӛрсету саласындағы ұйымдарда бірiншi кезекте қызмет кӛрсетiлуге;

9) мүгедектердiң шығармашылық қабiлеттерiн қолдауға арналған құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен бекітілген әлеуметтiк-экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болады.

15-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау

Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау әлеуметтiк көмек көрсету, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалту, білім беру және олардың қоғам өмiрiне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкiндiктер жасауға бағытталған өзге де шаралар арқылы қамтамасыз етiледi.

16-бап. Әлеуметтiк көмек Мүгедектерге көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мемлекеттік жәрдемақылар, өтемақылар түріндегі төлемдердi және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де төлемдердi қамтиды.

Жергiлiктi атқарушы органдар мен жұмыс берушi әлеуметтiк көмектiң қосымша түрлерiн көрсетуге құқылы.

ҚР 2007.19.12. № 9-Іv Заңымен 16-1 баппен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)

16-1-бап. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек

1. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз және қамқорлыққа мұқтаж деп танылған мүгедектерге (бұдан әрі - қамқорлықтағылар) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар қамқоршылары (бұдан әрі - медициналық- әлеуметтік мекеменің әкімшілігі) екінші деңгейдегі банктерде ашатын олардың банк шоттарына есептеледі және медициналық-әлеуметтік мекеменің әкімшілігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен,

қамқорлықтағылардың жеке мұқтаждарына қосымша тамақ, дәрі-дәрмек, киім, аяқ-киім, іш киім, бірінші қажеттіліктегі заттар, жұмсақ және қатты мүкәммал, санитарлық гигиена және медициналық көмек құралдарын сатып алу үшін пайдаланады.

2. Медициналық-әлеуметтік мекеменің әкімшілігі қамқорлықтағылардың Зейнетақы тӛлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан тӛленетін зейнетақы төлемдерінің және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларының пайдаланылуы туралы есепті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын ұсынуға міндетті.

3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары қамқорлықтағылардың Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын медициналық-әлеуметтік мекеме әкімшілігінің дұрыс жұмсауын бақылауды жүзеге асырады.

17-бап. Мүгедектердi оңалту

1. Мүгедектердi оңалту организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуынан тiршiлiк-тынысының шектелуiн жоюға немесе оның орнын мүмкiндiгiнше толықтай толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк iс-шаралар кешенiн қамтиды.

2. Мүгедектердi оңалту мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламасына және медициналық-

әлеуметтiк сараптама негiзiнде анықталатын мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

18-бап. Мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламасы

Оңалтудың кешендi бағдарламасы мүгедектердi оңалтуға, оңалту ұйымдары мен мекемелерi желісін дамытуға, олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, мүгедектердi техникалық кӛмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен, санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге, әлеуметтiк қызметтер көрсетуге және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кедергiсiз кiрiп- шығуын, мүгедектердi оңалту мәселелерiмен айналысатын қызметкерлердi даярлауға және олардың біліктілігiн арттыруға бағытталған iс-шаралардың кепiлдiк берiлген тiзбесiн көздейдi.

19-бап. Мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасы

1. Оңалтудың жеке бағдарламасы организмнiң бұзылған және жоғалтқан функцияларын қалпына келтiруге және (немесе) олардың орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалту шараларын қамтитын оңалту iс-шаралары кешенiн айқындайды.

2. Оңалтудың жеке бағдарламасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедекке тегiн көрсетiлетiн оңалту iс-шараларын, сол сияқты ақысын тӛлеуге мүгедектiң өзi немесе оның жұмыста мертiгуiне немесе кәсiптiк ауруға шалдығуына кiнәлi жұмыс берушi қатысатын оңалту iс-шараларын да қамтиды.

20-бап. Мүгедектердi медициналық оңалту

1. Мүгедектердi медициналық оңалту:

1) қалпына келтiру терапиясын (дәрi-дәрмекпен, физикалық, санаторий-курорттық емдеудi және организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функциялары мен денсаулықты қалпына келтiруге бағытталған басқа да емдеу әдiстерiн);

2) қайта жасау хирургиясын;

3) протездiк-ортопедиялық кӛмектi қамтиды.

2. Медициналық оңалту жӛніндегі iс-шараларды денсаулық сақтау ұйымдары мен меншiк нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргiзедi.

3. Санаторий-курорттық емдеу мүгедектер мен мүгедек балаларға жеке оңалту бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен берiледi.

4. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан

мүгедекке санаторий-курорттық емделуге жолдама Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң есебiнен берiледi.5 тармақ 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді.

5. Жұмыс берушi - жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедекке санаторий-курорттық емдеу осы баптың 3-тармағына сәйкес жұмыс берушiнiң есебiнен берiледi.

21-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту

1. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту:

1) мүгедектердi жеке басы гигиенасының, өзiн-өзi қарап-күтудiң, жүріп-тұрудың, қарым-қатынастың негiзгі әлеуметтік дағдыларына үйретудi;

2) мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудi;

3) басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектерге, соның iшiнде мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетудi;

4) тармақша 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді

4) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтiк қызметтер кӛрсетудi:

жүрiп-тұруы қиын бірiншi топтағы мүгедектерге жеке кӛмекшi берудi;

естiмейтiндiгi бойынша мүгедектерге жылына отыз сағатқа ымдау тілі маманын берудi;

5) медициналық-әлеуметтiк мекемелерде әлеуметтiк қызмет кӛрсетудi;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық кӛмек кӛрсетудi;

7) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтiк оңалтудың ӛзге де түрлерiн

қамтиды.

2. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалтуды: медициналық-әлеуметтiк мекемелер (қарттар мен мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған интернат-үйлер), қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсететiн аумақтық орталықтар, әлеуметтiк қызметтi үйде көрсететiн бӛлiмшелер, арнаулы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеттерi) және меншiк нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.

22-бап. Мүгедектерге техникалық кӛмекшi (оpнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру

құралдарын беру

1. Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен Қазақстан Республикасының yкіметі айқындайтын тiзбе бойынша және тәртiппен қамтамасыз етiледi.

2. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан

мүгедектер жеке оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық кӛмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi.

3 тармақ 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді

3. Жұмыс берушi - жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерге протездiк-ортопедиялық кӛмек, техникалық кӛмекшi (орнын толтырушы) құралдар, арнаулы жүрiп-тұру құралдары осы баптың 1-тармағына сәйкес берiледi.

4. Техникалық кӛмекшi (орнын толтырушы) құралдар Қазақстан Республикасы мемлекеттік

сертификаттау жүйесiнiң талаптарына сәйкес мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс.

23-бап. Үйде және аумақтық әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтарында әлеуметтiк қызмет көрсету

1. Өзiнiң негiзгi өмiрлiк қажеттіліктерiн өз бетiмен қанағаттандыру мүмкiндiгiн, өзiн-өзi қарап-күту және (немесе) жүрiп-тұру қабiлетiн iшiнара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсетудi әлеуметтiк қызметтi үйде көрсету бөлiмшелерi және қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсететiн аумақтық орталықтары әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттік стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.

2. Өзiнiң негiзгi өмiрлiк сұраныстарын өз бетiмен қанағаттандыру мүмкiндiгiн, өзiн-өзi қарап-күту және (немесе) жүрiп-тұру қабiлетiн iшiнара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедек балаларға әлеуметтiк қызмет көрсетудi әлеуметтiк қызметтi үйде көрсету бөлiмшелерi әлеуметтiк қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.

3. Үйде және қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсететiн аумақтық орталықтарда

әлеуметтiк қызмет көрсету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

24-бап. Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсету

1. Денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның тұрақты күтiмiне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектерге, психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектерге, мүгедек балаларға әлеуметтiк қызмет көрсету мүгедектердiң жасына, денсаулық жағдайына сәйкес бейiмделген қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде жүзеге асырылады және тiршiлiк-тынысына жағдайлар жасауды, күтiммен қамтамасыз етудi, медициналық қызмет көрсетудi, оңалтуды, әлеуметтiк-еңбектiк бейiмдеудi, демалыс пен бос уақытын ұйымдастыруды қамтиды.

2. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтiк мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдарда тұратын адамдарға әлеуметтiк қызметтер көлемi әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттік стандарттарына сәйкес берiледi.

3. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтiк мекемелердегi әлеуметтiк қызмет көрсету бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де материалдық және қаржылай түсiмдер есебiнен жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдардағы әлеуметтiк қызмет көрсету,

құрылтайшылардың қаражатын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.

2007.12.01 № 222-iii ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара)

5. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығы тұлғаларға облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары беретін тиісті лицензиясы болған кезде беріледі.

25-бап. Мүгедектердiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз ету

1. Жергiлiктi атқарушы органдар:

1) мемлекеттік стандарттарға сәйкес елдi мекендердi жобалау, салу және оларда құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерiлетiн және қайта салынатын аумақтар мен басқа елдi мекендердi абаттандыру кезiнде мүгедектердiң тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндiрiстiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кiрiп-шығуын;

2) тұрғын үй құрылыстары шегiнде, сондай-ақ қызмет кӛрсету мекемелерi мен еңбек ету объектiлерi жанында орналасатын жеңiл автомобильдердi уақытша сақтауға арналған ашық тұрақтарды жобалау және салу кезiнде мүгедектердiң жеке автокӛлiк құралдарына арналған орындарды;

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердi ескере отырып, автомобильдердi қоса алғанда, арнаулы жүрiп-тұру құралдарына арналған гараждар немесе тұрақтар салу үшiн мүгедектерге кезектен тыс орын берудi;

4) мүгедектерге қызмет кӛрсетуге бағдарланған мекемелер орналасқан жерлерде, сондай-ақ халық көп жүретiн жерлерде iлесе дыбыстайтын және жарық беретiн арнаулы бағдаршамдар, жол белгiлерiн және көрсеткiштер орнатуды, дыбыстайтын және жарық түсiретiн құрылғылармен жарақталған жаяу жүргiншiлер өтетiн жерлердi белгiлеудi қамтамасыз етуге тиiс.

2. Қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамында халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң өкiлi болмаса, тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға тапсыруға жол берiлмейдi.

3-тармақ 2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді

3. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темір жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына мемлекеттік стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi.

Аталған объектiлердi мүгедектердiң кiрiп-шығуына бейiмдеу мүмкiн болмаған жағдайларда, тиiстi жеке және заңды тұлғалар мүгедектердiң қажеттіліктерiн барынша ескеретiн қажеттi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға тиiс.

Мемлекеттік органдар жолаушыларды тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзген кезде, мүгедектердiң пайдалануына бейiмделген көлiк құралдары бар тұлғалар артықшылыққа ие болады.

26-бап. Мүгедектердi тұрғын үймен қамтамасыз ету

1. Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген тәртiппен және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес:

1) тұрғын үйге мұқтаж мүгедектердi есепке қояды және олардың пайдалануына тұрғын үй бередi;

2) тармақша 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді

2) мүгедектерге немесе құрамында мүгедектер бар отбасыларға берiлетiн тұрғын үй-жайларды арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтауды қамтамасыз етедi.

2. Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге ғимараттың қабатын, тұрпатын, жайлылық деңгейiн және тұруға қажеттi басқа да жағдайларын ескере отырып тұрғынжайды таңдау құқығы берiледi.

27-бап. Мүгедектердiң мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына бара алуын

қамтамасыз ету Жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектерге мәдени-ойын-сауық iс-шараларына, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына бара алатын жағдайларды, арнаулы спорт жабдықтарын берудi қамтамасыз етедi.

Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер мен он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балалар санамалап көрсетiлген қызметтердi - бюджет қаражаты есебiнен, ал үшiншi топтағы мүгедектер аталған қызметтер құнының елу процентін тӛлеп пайдаланады.28-бап 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі.

28-бап. Мүгедектердiң ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету

1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет:

1) мүгедектер үшiн мерзiмдi баспасөз, ғылыми, оқу-әдiстемелiк, анықтамалық-ақпараттық және көркем әдебиет, соның iшiнде аудиотаспаларды, дискiлердi, бедерлi-нүктелi Брайль қарпiмен және сурдоаудармасы бар бейнетаспаларды шығару;

2) кемiнде бір республикалық телеарнада ақпараттық бағдарламалардың сурдоаудармасын

ұйымдастыру арқылы мүгедектердiң ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.

2. Жеке қарым-қатынас құралы ретiнде ымдау тілі пайдаланылады, ол сондай-ақ саңырау және нашар еститiн балаларға арналған білім беру ұйымдарының оқу бағдарламасында да қолданылады.

29-бап. Мүгедектерге білім алуы және мектепке дейiнгi тәрбие алуы үшiн жағдайларды қамтамасыз ету

2007.27.07. № 320-iii ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мүгедектерге тегiн бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуға кепiлдiк берiледi.

2007.27.07. № 320-iii ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер мен мүгедек балалар үшiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға оқуға түсу кезiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн мӛлшерде қабылдау квотасы көзделедi.

2007.27.07. № 320-iii ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік білім беру гранттарын бюджеттік қаржыландыру арқылы тегiн мемлекеттік білім алу конкурсына қатысқан кезде кӛрсеткiштер бірдей болған жағдайда, медициналық-әлеуметтiк сараптаманың қорытындысы бойынша тиiстi білім беру ұйымдарында оқуына болатын бірiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң, бала кезiнен мүгедектердiң, мүгедек балалардың басым құқығы болады.

2007.27.07. № 320-iii ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын мүгедектерге стипендиямен қамтамасыз ету жӛніндегі жеңiлдiктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiледi.

2007.27.07. № 320-iii ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Жалпы үлгiдегi мектепке дейiнгi ұйымдарда және орта білім ұйымдарында болуына денсаулы

жағдайы мүмкiндiк бермейтiн мүгедек балалар үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен балалар бақшалары мен басқа да арнаулы түзеу ұйымдары құрылады.

6. Мүгедек балаларды жалпы немесе арнаулы мектепке дейiнгi ұйымдарда және басқа оқу орындарында тәрбиелеу мен оқыту мүмкiн болмаған жағдайда, оларды тәрбиелеу мен оқыту ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнiң тiлегi ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен үйде жүргiзiледi.

7. Мемлекет мүгедектердiң, бала кезiнен мүгедектердiң және мүгедек балалардың білім алуы кезеңiнде оларды күтiп-бағуға жұмсалған шығыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен толық немесе iшiнара кӛтередi.

30-бап. Мүгедектердi кәсiптiк оңалту

1. Мүгедектердi кәсiптiк оңалту:

1) кәсiптiк бағдар берудi;

2) кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды);

3) жұмысқа орналастыруды қамтиды.

2. Кәсiптiк бағдар берудi халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық

бӛлiмшелерi жүзеге асырады.

3. Мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) Қазақстан Республикасының заңнамасында

белгiленген тәртiппен алынған лицензия негiзiнде білім беру қызметiн жүргiзетiн ұйымдар жүзеге асырады.

31-бап. Мүгедектердi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету

Жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектердi жұмыспен қамтуды:

1) жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мӛлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс

орындарының квотасын белгiлеу;

2) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы мүгедектер үшiн қосымша жұмыс орындарын құру;

3) мүгедектердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы, сондай-ақ әлеуметтiк жұмыс орындарын құру;

4) мүгедектерге кәсiптiк оқуды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етедi.

32-бап. Мүгедектердiң еңбек қатынастары саласындағы құқықтары

1. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер үшiн ұзақтығы аптасына отыз алты сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгiленедi, жыл сайын ұзақтығы он бес жұмыс күнге дейiн ақы төленетiн қосымша демалыс берiледi.2. Түнгi уақыттағы жұмысқа мүгедектiң келісімiмен және егер оның мұндай жұмыс iстеуiне денсаулық жағдайы бойынша тыйым салынбаған болса, рұқсат етiледi.

3. Мүгедектiктi сылтау етiп еңбек шартын жасасудан не қызметiн жоғарылатудан бас тартуға, мүгедектi жұмыс берушiнiң бастамасымен жұмыстан босатуға, өзiнiң келісімiнсiз басқа жұмысқа ауыстыруға жол берiлмейдi, бұған халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қорытындысы бойынша оның денсаулық жағдайы кәсiптiк мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн не басқа адамдардың денсаулығына және еңбек қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайлар кiрмейдi.

4-тарау. ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МҤГЕДЕКТЕРДi

ӘЛЕУМЕТТiК ҚОРҒАУ iСiНЕ ҚАТЫСУЫ

33-бап. Жұмыс берушiнiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне бара алуды қамтамасыз ету

жөніндегі мiндетi

Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан

мүгедектердiң ӛндiрiстiк үйлерге, ғимараттарға, үй-жайларға бара алуы үшiн жұмыс берушi жұмыс орындары мен жұмыс үй-жайларын жобалау және бейiмдеу арқылы жағдай жасайды, мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тұрғын үй-жайларды арнаулы құралдармен және кӛмекшi құрылғылармен жабдықтайды.

34-бап. Жұмыс берушiнiң мүгедектердi жұмыспен қамту және кәсiптiк оңалту саласындағы мiндетi

Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс берушi кәсiптiк оқытуды немесе қайта оқытуды, арнаулы жұмыс орындарын құруды осы Заңға сәйкес жеке қаражаты есебiнен қамтамасыз етедi.

35-бап. Жұмыс берушiнiң мүгедекке келтiрiлген зиянды ӛтеу жӛніндегі мiндетi

Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан

мүгедектерге келтiрiлген зиянды ӛтеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДiҢ ҚОҒАМДЫҚ БiРЛЕСТiКТЕРi

36-бап. Мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiнiң құқықтары және олардың өкiлеттiктерi

1. Мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерi үйлестiру кеңесiнiң жұмысына және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауға байланысты мәселелердi шешуге қатысады.

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектердiң мүдделерiн қозғайтын шешiмдердi әзiрлеу мен қабылдау кезiнде мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiмен және олардың ӛкiлеттi өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасайды.

2009.07.12. № 222-iv ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiне, сондай-ақ олардың ұйымдарына олардың меншiгіндегі үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салынған жер учаскелерiне меншiк құқығын мемлекеттік меншiктен жеке меншiкке беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ӛтеусіз негізде жүзеге асырылады.

Мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерi қызметiн тоқтатқан немесе мүгедектердiң қоғамдық

бірлестiктерiнiң, олардың ұйымдарының меншiгіндегі жылжымайтын мүлiктi иелiктен айырған жағдайда, олардың меншiгіндегі жер учаскелерi мемлекеттің меншiгiне қайтарылуға тиiс.

4. Мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерi:

1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға мүгедектердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жӛнiнде, соның iшiнде мүгедектердi оңалтудың кешендi және өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде ұсыныстар енгізу;

2) әлеуметтiк қызметтердiң тиiстi түрлерiн көрсетудiң тиiмдiлiгiн бағалауға қатысу;

3) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiнде әзiрленiп жатқан Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілеріне ұсыныстар енгізу;

4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен бірлесiп республикалық спорттық iс- шараларды ұйымдастыру;

5) уәкiлеттi аумақтық мәдениет органдарымен бірлесiп ағарту және мәдени-көпшiлiк iс-шараларды ұйымдастыру арқылы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау жӛніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысуға құқылы.

6-тарау. ocЫ 3aҢhЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ

2009.17.07. № 188-iv ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

37-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау

1. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бӛлiмшелерi жүзеге асырады.2. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

2011.06.01. № 378-iv ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бҧр.ред.қара)

3. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан

Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың ӛзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

38-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық

бӛлiмшелерiнiң Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы

заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жӛніндегі құқықтары

Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасының сақталуын

бақылауды жүзеге асыратын халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi:

1) ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасының сақталуын бақылау бойынша тексеру жүргiзуге;

2) меншiк нысанына қарамастан жұмыс берушiлерден және ұйымдардан осы Заңның орындалуы

туралы тиiстi құжаттарды және ӛзге де ақпаратты сұратуға және алуға;

3) Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы саласындағы

әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға, осы Заңды бұзушылықтар анықталса, оларды жою туралы ұйғарым шығаруға құқылы.

7-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

39-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

40-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң:

1) 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 17) тармақшасын; 20-баптың 5-тармағын; 21-баптың 1-тармағының 4) тармақшасын; 22-баптың 3-тармағын; 26-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын; 28-бапты;

2) 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 7-баптың 1-тармағының 8) тармақшасын;

25-баптың 3-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы» 1991 жылғы 21

маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., № 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 9-10, 158-құжат; № 15, 208- құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат;

№ 12, 184-құжат; № 17-18, 219-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; 2001 ж., № 1, 4- құжат; № 13-14, 173-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат);

2) Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң «Қазақ ССР-iнде мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы» Қазақ ССР Заңын күшiне енгізу туралы» 1991 жылғы 21 маусымдағы Қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң

Ведомостары, 1991 ж., № 26, 346-құжат).

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Ә. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2005 ж. сәуірдің 13-і.

№ 39-iii


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz