Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Өңiрде қажет мамандықтар бойынша бiлiм алушы студенттерге әлеуметтiк көмек тағайындау туралы

27.01.2016

Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 04 қарашадағы № 384 қаулысы. Маңғыстау облысының Әдiлет департаментiнде 2010 жылғы 03 желтоқсанда № 2089 тiркелдi

ҮЗiНДi:

Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, ауылдық елдi мекенде орналасқан бiлiм, денсаулық сақтау, агроөнеркәсiптiк кешен, әлеуметтiк қорғау, мәдениет және спорт мемлекеттiк мекемелерiн, мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын бiлiктi мамандармен қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДi: 1. Өңiрге қажет мамандықтар бойынша бiлiм алушы студенттерге (бұдан әрi – Студенттер) Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесiн алу үшiн бiлiм беру қызметiне төлеуге әлеуметтiк көмек (бұдан әрi – Әлеуметтiк көмек) белгiленсiн. 2. Әлеуметтiк көмек күндiзгi оқыту нысаны бойынша бiлiм алатын Маңғыстау облысының жастарына тағайындылатын болып белгiленсiн. 3. Әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм Студенттердiң бiлiктiлiк сипаттамаларын бағалау критерийлерiнiң негiзiнде қабылданатын болып белгiленсiн. 4. Студенттiң әлеуметтiк мәртебесi, оқу жүзеге асырылатын мамандыққа деген қажеттiлiк, оқуды аяқтап, бакалавр академиялық дәрежесiн алғаннан кейiн мамандығы бойынша ауылдық жерде кемiнде 3 (үш) жыл жұмыс iстеуге дайындығын бiлдiруi бiлiктiлiк сипаттамаларын бағалау критерийлерi болып табылады.Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2011.06.14 № 190 (жарияланғаннан кейiн 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi)Қаулысымен; 5. Әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм, Әлеуметтiк көмек тағайындауға Студенттердi iрiктеу жөнiндегi облыстық конкурстық комиссиямен (бұдан әрi – Комиссия) Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының қорытындысы негiзiнде қабылданатын болып белгiленсiн. 6. Комиссия Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң Студентерге Әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайтын уәкiлеттi органы болып анықталсын. 7. Комиссияның құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 8. Комиссия туралы Ереже 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 9. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң: 1) Әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн Студенттер ұсынатын құжаттар тiзбесiн бекiту жөнiндегi; 2) Студенттер ұсынған құжаттардың конкурстық iрiктеу талаптарына сәйкестiгiне сараптама жүргiзу жөнiндегi; 3) бiлiктiлiк сипаттамаларын бағалау критерийлерiнiң негiзiнде қорытынды әзiрлеу жөнiндегi; 4) Комиссия отырысын әзiрлеу, отырыстың күн тәртiбiн қалыптастыру, Комиссия мүшелерiне отырыстың өтетiн күнi мен уақыты туралы хабарлау жөнiндегi; 5) Студенттерге Әлеуметтiк көмек тағайындау, негiзiн баяндай отырып, бас тарту туралы Комиссия шешiмi туралы хабарлау жөнiндегi; 6) Студентке Әлеуметтiк көмек тағайындау туралы Комиссия шешiмiнiң негiзiнде тараптардың өзара мiндеттемелерi қарастырылған шартқа қол қою жөнiндегi уәкiлеттi органы болып белгiленсiн. 10. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi Студентердiң жеке iстерiн қалыптастыру жөнiндегi уәкiлеттi органды белгiлесiн. 11. Әлеуметтiк көмек оқу орнының бiлiм беру қызметiнiң құны шегiндегi жыл сайынғы төлемдерден және тамақтану мен тұру шығындарын iшiнара өтейтiн ай сайынғы әлеуметтiк төлемдерден тұратын болып анықталсын. 12. Әлеуметтiк көмек аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi тарапынан Студентердiң екiншi деңгейлi банктегi жеке есеп шотына аударылатын болып белгiленсiн. 13. Күшi жойылды деп танылсын: 1) «Бiлiм ұйымдарының түлектерiне Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау туралы» Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 6 тамыздағы № 272 қаулысының (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1976 болып тiркелген, «Маңғыстау» газетiнде 2007 жылғы 30 қазандағы №182 жарияланған); 2) «Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 6 тамыздағы № 272 «Бiлiм ұйымдарының түлектерiне Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау туралы» қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 27 наурыздағы № 224 қаулысының (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2010 болып тiркелген, «Маңғыстау» газетiнде 2008 жылғы 13 мамырдағы № 73 жарияланған). 14. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Б. Жұмашевқа жүктелсiн. 15. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi Қ. Көшербаев

«КЕЛiСiЛДi»
облыстық ауылшаруашылық
басқармасының бастығы
__________________Т. Қалжанұлы
«____» ______________ 2010 ж.

Маңғыстау облысы бiлiм
басқарма бастығының уақытша
мiндетiн атқарушысы
__________________ Е. К. Өмiрзақ
«____» ______________ 2010 ж.

Маңғыстау облысы денсаулық
сақтау басқармасының бастығы
__________________ С.Р. Мусинов
«____» ______________ 2010 ж.

Маңғыстау облысы жұмыспен
қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк
бағдарламалар басқармасының бастығы
__________________Г.М. Қалмұратова
«____» ______________ 2010 ж.

Маңғыстау облысының қаржы
басқармасының бастығы
_____________ М.Б. Әлiбекова
___»_____________2010 ж.

Маңғыстау облысының мәдениет
басқармасының бастығы
_____________ М.С. Ғұмарова
«___»_____________2010 ж.

Маңғыстау облысы туризм,
дене шынықтыру және спорт
басқармасының бастығы
________________С.И. Пахомов
«____» ____________ 2010 ж.

Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттiк жоспарлау
басқармасының бастығы
_____________ Х.Х. Нұрғалиева
«___»_____________2010 ж.

1 – қосымша
Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы «04» қарашда
№ 384 қаулысымен бекiтiлген

Әлеуметтiк көмек тағайындауға студенттердi iрiктеу жөнiндегi облыстық конкурстық комиссияның құрамы

Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2011.09.02 № 265 (жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)Қаулысымен;

Жұмашев 
Қаныбек Бекболатұлы

облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы

Қалмұратова
Гүлмира Мұратқызы

Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары

Нұрмамедова
Қарашаш iшбергенқызы

Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқарма бастығының орынбасары, хатшы

комиссия мүшелерi:

Әбжаппаров
ӘбдiмүтәлiпӘбжаппарұлы

Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттiк технологиялар және инжиниринг университетiнiң ректоры

Әлiбекова
Марина Борисқызы

Маңғыстау облысы қаржы басқармасының бастығы

Ғұмарова
Майра Смайылқызы

Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының бастығы

Қалжанұлы Түменбай

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы

Қараев
Жаумбай Амантұрлыұлы

«Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы» қоғамдық бiрлестiгiнiң Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары

Нұрғалиева
Халила Хабижанқызы

Маңғыстау облысы экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының бастығы

Бектубаев
Руслан Фаризунұлы

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы, Комиссия мүшесi

Жұмашева Динара Нагимуллақызы

Маңғыстау облысы бiлiм басқармасының бастығы, Комиссия мүшесi

Пахомов
Сергей Иванович

Маңғыстау облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы

2 – қосымша
Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы «04» қараша
№ 384 қаулысымен бекiтiлген

Әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн Студенттердi iрiктеу жөнiндегi облыстық конкурстық комиссия туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн Студенттердi iрiкту жөнiндегi облыстық конкурстық комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) қызмет тәртiбiн белгiлейдi. 2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады. 3. Комиссияның жұмыс органы Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы болып табылады. 4. Комиссияның дербес құрамын облыс әкiмдiгi бекiтедi.

2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары

5. Комиссияның мiндеттерi: әлеуметтiк тұрғыдан халықтың осал тобына жататын облыстың жастарын қолдау; ауылдық елдi мекенде орналасқан мемлекеттiк бiлiм, денсаулық сақтау, агроөнеркәсiптiк кешенi, әлеуметтiк қорғау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт мекемелерi мен қазынашылық кәсiпорындарын қамтамасыз ету үшiн бiлiктi мамандар даярлауға Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң грантын орналастыру. 6. Комиссияның функциялары: 1) ауылдық жерлердегi кадр қажеттiлiгiн ескере отырып бiлiктiлiк сипаттамаларын бағалау критерийлерiне сәйкес келетiн Студенттер қатарынан конкурстық iрiктеу жүргiзу; 2) халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал төмендегi топтарына жататын Студенттерге Әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдау: бала жасынан мүгедектер, мүгедектер, мүмкiндiгi шектеулi адамдар; тұлдыр жетiмдер, сонымен бiрге ата-анасының бiрiнiң қамқорлығынсыз қалғандар; Маңғыстау облыстық балалар үйiнiң, Маңғыстау облыстық балалар аулының бұрынғы тәрбиеленушiлерi; 3) ата-аналары және/немесе отбасы төмендегi әлеуметтiк топтарға жататын Студенттерге Әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдау: ата-анасының екеуi де зейнеткер болып табылатын; ата-анасының екеуi немесе бiреуi мүгедек болып табылатын; ата-анасының екеуi немесе бiреуi мемлекеттiк бiлiм, денсаулық сақтау, агроөнеркәсiптiк кешенi, әлеуметтiк қорғау, мәдениет және спорт мекемелерi мен/немесе кәсiпорындарында жұмыс жасайтындар; төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар. Отбасының жоғары, техникалық және кәсiптiк бiлiм ұйымдарының күндiзгi оқу түрi бойынша оқитын кәмелеттiк жасқа толған балалары балалар санына ескерiледi; оралмандардың отбасылары; 4) Әлеуметтiк көмек – облыс әкiмiнiң грантын алушылар тiзiмiн қалыптастыру: 5) жас мамандарды, жастарды, халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарын әлеуметтiк қолдау жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.

3. Комиссияның отырыстарын өткiзу тәртiбi

7. Комиссия отырыстары ашық түрде өткiзiледi. Комиссия отырсына жұртшылық, бұқаралық акпарат құралдары, жергiлiктi атқарушы органдар өкiлдерi шақырылуы мүмкiн. 8. Комиссия төрағасы: Комиссияны басқарады, Комиссия қызметiне дербес жауапкершiлiкте болады; Комиссия отырысын өткiзедi және онда қабылдаған құжаттарға қол қояды; Комиссия қызметiне байланысты басқа да функцияларды орындайды. 9. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда, оның мiндеттерi Комиссия төрағасының орынбасарына жүктеледi. 10. Комиссия отырыстары қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi. Комиссия отырысының өткiзiлетiн күнiн Комиссия төрағасы белгiлейдi. 11. Комиссия мүшелерiнiң кемiнде жартысы отырысқа қатысқан жағдайда, Комиссия шешiм қабылдауға құқылы. Комиссия хатшысының дауыс беруге құқығы жоқ. 12. Комиссия мүшелерiнiң үштен екiсi дауыс берген жағдайда, шешiм қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешушi болып табылады. 13. Комиссия отырысында хаттама жүргiзiледi. Комиссия шешiмi Комиссияның хатшысы жүргiзетiн хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға Комиссия мүшелерi қол қояды. 14. Комиссия мүшелерi Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы әзiрлеген қорытындыны зерттейдi және конкурстық iрiктеудi жүзеге асырады, Әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды. 15. Комиссия мүшелерi қабылданған шешiмге дербес жауапкершiлiкте болады. 16. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр бiлдiруге құқығы бар, ол бiлдiрген жағдайда, жазбаша түрде мазмұндалуы және хаттамаға қоса берiлуi тиiс.  


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz