Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары

27.01.2016

1 - бөлім. Миссия және пайымдау

Миссия – Маңғыстау облысы бойынша халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы

мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Пайымдау – Маңғыстау облысы тұрғындарының әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттыру.

Маңғыстау облысы тұрғындарының адам капиталын дамыту және өмір сүру сапасын

арттыруын ынталандыруға жағдай жасау.

2 - бөлім. Ағымдағы жағдайға талдау және тиісті қызмет саласының (аясының) даму беталыстары

Стратегиялық бағыт 1. Маңғыстау облысының халқын жұмыспен қамту өнімділігін арттыру және ішкі еңбек рыногын қорғау.

1.1) Реттелетін сала немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері

Маңғыстау облысы Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан, инвестициялық және әлеуметтік тұрғыдан тартымды, жоғары көші-қон қозғалысымен сипатталатын өңірі болып табылады.

Соңғы жылдардағы экономиканың тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатының жақсаруы облыста демографиялық ахуалдың тұрақтануына мүмкіндік туғызды.

Халық саны артуының оң динамикасы, еңбекке қабілетті халық санының өсуі аталған жағдайды адам әлеуетін дамыту бағдарламаларын жүргізуге, өндіріс күштерін аумақтық бөлуге, ең төмен бюджеттік шығын қатерімен экономикалық стратегияларды жасақтау мүмкіндігін дәлелі.

Маңғыстау облысында халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдірудің 2008-21010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының аясында жұмыспен қамтудың өнімділігін арттыруға ықпал ету бағытында жаңа жұмыс орындарын, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жұмыссыздар мен халықтың мақсатты топтарына енгізілген азаматтарды оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру шаралары алынуда.

Облыс халқының 2010 жылғы қаңтардағы саны 446,2 мың адамды құрады. Экономиканың салаларында жұмыспен қамтылғандар саны – 202,9 мың адам, жұмыссыздар 15,1 мың адам. Ашық еңбек рыногындағы жұмыссыздық деңгейі 2009 жылғы 7,1 %-дан ағымдағы жылы 6,3 % -ға дейін төмендеді.

2010 жылғы 1 желтоқсанда облыстың жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 1219 адам. 6473 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды (2009 жылдың 1 желтоқсанында жұмысқа орналасқандар 7934 адам).

Қоғамдық жұмыстарға 2093 жұмыссыз тартылды (2009 жылдың 1 желтоқсанында - 1941 жұмыссыз), кәсіптік даярлау мен қайта даярлауға 1705 жұмыссыз жолданды (2009 жылдың 1 желтоқсанында 2161 жұмыссыз).

2010 жылдың 1 желтоқсанында тіркелген жұмыссыздық деңгейі - 0,6 %-ды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 0,6 %).

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдайда облыс бойынша 26144 жаңа жұмыс орындары құрылды (2009 жылдың 1 желтоқсанында11556 жаңа жұмыс орны).

Индустриялдық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру аясында 19002 жаңа жұмыс орны құрылды.

Халықтың мақсатты тобы үшін 2402 әлеуметтік жұмыс орны құрылды  (2009 жылдың 1 желтоқсанында 1151 әлеуметтік жұмыс орны).

Жол картасының жобаларын жүзеге асыру барысында ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында 4140 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Жол картасын жүзеге асыру барысында облыстың аудандық және қалалық әкімдіктері тарапынан 1071 әлеуметтік жұмыс орындары құрылып, жастар практикасы ұйымдастырылды.

2008-2009 жылдары жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға ықпал ету жөнінде өтініш білдірген 20215 азаматтың 61,0 %-ы жұмысқа орналастырылды; 2,8 мың жұмыссыз кәсіптік оқу мен қайта даярлауға жолданды.

2009 жылы облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында 2,8 мың шетелдік мамандардың еңбегі пайдаланылды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 741 адамға аз.

1.2) Негізгі проблемаларды талдау

Еңбек рыногында жұмыссыз азаматтардың кәсіптік-біліктілік құрамының сәйкессіздігі түріндегі ахуал сақалып отыр. Орта, жоғары кәсіптік білімі жоқ жұмыссыздар үлесі өте басым. Негізгі жұмысшы мамандықтары бойынша мамандар жетіспеушілігі, жұмыс күшінің төмен сапасы сақталуда. өңірде жасырын жұмыспен қамту, жұмыссыздық сақталуда, әсіресе әйелдер мен жастар жұмыссыздығының деңгейі жоғары. Мамандығы жоқ жұмыссыздар үлес салмағының басымдығы сақталуда. Білім деңгейі жағынан қарағанда жұмыссыздардың 2,1 %-ы жалпы орта, 3,6 % -ы жоғары және 9,1 % -ы бастауыш кәсіптік білімді адамдарды құрайды.

Облыс бойынша дәрігер, ағаш ұстасы, тас қалаушы, сылақшы, дәнекерлеуші және басқа да мамандардың жетіспеушілігі сақталуда.

Ал еңбек рыногында бухгалтер, мейірбике, мұғалім, санитар, тау-кен инженері, қаржыгер, экономист, заңгер мамандардың артықтығы орын алуда.

Әйелдер және жастар жұмыссыздығының басымдығы жалғасуда. Тіркелген жұмыссыздар қатарынан 76,9 % -ы әйелдер, 37,2 %-ы 16-дан 24-ке дейінгі жастар.

1.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Өнімді жұмыспен қамтуды дамытуға жақын арадағы бес жылда дұниежүзілік қаржы дағдарысы әсер ететін болады. Бұл өндірістің құлдырауы, өндіріс көлемінің қысқаруы, кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, түрлі салаларда жұмыс орындарының қысқаруы, жасырын жұмыссыздық, жалақы бойынша берешектің қалыптасуы.

Стратегиялық бағыт 2. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының әлеуметтік қорғалуын арттыру, және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізу

2.1) Реттелетін сала немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарымен жұмыс жасау мемелекеттің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауына сәйкес 2007-2009 жылдары кедейшіліктен өз бетімен шығуға мүмкіндігі жоқ, көмекке барынша мұқтаж азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге басым көңіл аударылды. Осы мақсатта атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, балалар жәрдемақысы және жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың шешімімен төленетін әлеуметтік көмектердің 18 түрі пайдаланылды.

2003 – 2009 жылдар аралығында кедейшілік шегінен төмен тұратын адамдар саны 11342 –ден 5271-ге дейін қысқарды. 2003 жылы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге бюджет шығыны  317,2 млн. теңгені құрады.

2009 жылы кедейшілік шегінен төмен тұратындар 5271 адамды құрады  (2008 жылы – 5013 адам). 2009 жылы 9200 азаматқа 186,5 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді.

2009 жылы 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасының 6100 баласына 51,4 млн. теңге балалар жәрдемақысы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмекпен қатар халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтер ақысын төлеуге тұрғын үй көмегі көзделген. 2009 жылы 9400 отбасына 119,6 млн. теңге тұрғын үй көмегі төленді.

2009 жылы халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын  1993 азаматқа 70,2 млн теңге қосымша әлеуметтік қолдау көрсетілді.

2008 жылы жергілікті атқарушы органдардың шешімімен мерекелік және атаулы даталар құрметіне, сонымен бірге азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік төлемдер жиынтығы белгіленді. 2009 году 77,2 мың адамға 729,1 млн. теңге төлемдер жүзеге асырылды. Соның ішінде 3,3 мың адамға ауыр әлеуметтік-материалдық жағдайларға байланысты 50,0 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

2009жылы 83 әлеуметтік дүкендер ашылып, 2323 адамды әлеуметтік қолдаумен қамтыды (2008 жылы 14 әлеуметтік дүкен).

24 әлеуметтік дәріхана ашылып, әлеуметтік тұрғыдан осал 1691 азаматқа 10 % -дық жеңілдікпен дәрі-дәрмек сатып алуға мүмкіндік жасады (2008 жылы 13 әлеуметтік дәріхана).

59 әлеуметтік нүктелерде халық нарық бағасынан 10 % төмен бағамен азық – түлікпен қамтамасыз етілді (2008жылы 26 әлеуметтік нүкте).

2010 жылы әлеуметтік дүкендердің, дәріханалар мен нүктелердің саны артты.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңын жүзеге асыру аясында мүгедектерді әлеуметтік қорғау, олардың өмір сүруі мен қоғамға кірігуіне тең мүмкіндіктер жасауды қамтамасыз ету үшін мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

мүгедектердің заманауи техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, жүріп-тұру құралдарына қажеттілігін қамтамасыз ету;

мүгедектерге тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарын енгізу;

заманауи оңалту және медициналық-әлеуметтік мекемелер мен ұйымдар тапшылығын жою;

мүгедектерді жұмыспен қамтуды және кәсптік даярлауды қамтамасыз ету; 

Мүгедектер проблемаларын шешу әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету және дамыған оңалту жүйесін қалыптастыру маңызды міндеттердің бірі.

Мүгедектіктің салдарын еңсеруге бағытталған медициналық және әлеуметтік оңалтудың негізгі бағыттарының бірі санаторлық-курорттық сауықтыруды ұйымдастыру. 2010 жылдың қаңтар-қараша айларында облыс бойынша 42,6 млн теңгеге 456 мүгедекті санаторлық-курорттық сауықтыру ұйымдастырылды.

Облыс мүгедектері міндетті гигиеналық құралдармен, протездік-ортопедиялық көмекпен, оның ішінде заманауи жаңа протездік-ортопедиялық көмекпен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, тифлотехникалық және сурдологиялық құралдармен, есту және көру жөніндегі мүгедектер ымдау тілінің мамандарымен, жеке көмекшілермен қамтамасыз етіледі. 2010 жылдың 1 желтоқсанында аталған көмек түрлерімен жалпы сомасы 51,3 млн теңгеге 1087 мүгедек қамтамасыз етілді.

Қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік оңалту облыстың медициналық-әлеуметтік мекемесінде қамтамасыз етіледі. Басқарма облыс аумағында қызмет ететін ведомостволық бағынысты үш медициналық-әлеуметтік мекеме қызметін үйлестіреді:

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі» мемлекеттік мекемесі, қамқорлықтағылар саны –134 адам;

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат-үйі» мемлекеттік мекемесі, қамқорлықтағылар саны –121 адам;

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Психоневрологиялық  интернат-үйі» мемлекеттік мекемесі, қамқорлықтағылар саны –188 адам;

Жоғарыда көрсетілген мекемелер қызметінің негізгі бағыты – арнаулы әлеуметтік қызметтер, оның ішінде тұрмыстық қызметтер көрсету, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекпен оңалтуға бағытталған шараларды жүргізу, мүгедектер мен қарттарға, оның ішінде мүгедек балаларға үй жағдайына жақындатылған лайықты жағдай қалыптастыру. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бағытындағы шаралар алынуда. Стационар, жартылай стационар, үйден қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары кезең-кезеңімен енгізілуде.

Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат-үйі мен Психоневрологиялық  интернат-үйінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы стандарттарды енгізу жұмыстары жалғасуда.

Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат-үйінде мемлекеттің толық қамқорлығында 121 бала, оның ішінде күндізгі бөлімде 21 бала бар.

2.2) Негізгі проблемалардың анализі

Әлеуметтік қорғаудың негізгі проблемалары оның қолжетімділігін қамтамасыз ету мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру болып табылады. Қазіргі таңдағы халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі, өз кезегінде, ұсынылатын қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына әсер ететін мемлекеттің қатысының басымдығымен сипатталады. Үкіметтік емес сектордың кенже дамуының салдарынан қызмет алушылардың таңдау мүмкіндігі шектеулі.

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында халықты әлеуметтік қорғау саласында қызметтер ұсынатын үкіметтік емес ұйымдар желісі дамымаған, жоқ. Осыған байланысты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің баламалы түрлерін дамыту және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді жеке сектеор арқылы ұйымдастыру міндеті тұр.

2.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторларБұрынғыша, тікелей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, білікті мамандардың жетіспеушілігі, әсіресе ауылдық жерлерде, орын алуда.

Осыған байланысты әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру керек.

Ішкі факторлар. Әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж мүгедектердің саны жыл санап артып келеді.

Азаматтарға тұрғылықты жерлері бойынша қызмет көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сайс қызмет сапасын арттыру, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі адамдарға тең мүмкіндіктер жасау өзекті міндеттердің бірі болып табылады.

Осыған байланысты жеке сектордың арнаулы қызметтерді ұсынуда белсенділігін арттыру керек. 

Мазмұны

1. Миссия және пайымдау

5

2. Ағымдағы жағдайға анализ және сәйкес сала қызметінің даму беталысы

5

Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері

11

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының стратегиялық бағыттары,стратегиялық даму мақсаттарыжәне қызметінің негізгі индикаторлары 

11

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің старатегиялық мақсаттарына сәйкестігі

31

Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

32

Ведомоствоаралық өзара іс-әрекет

5

Тәуекелдерді басқару

38

Бюджеттік бағдарламалар

40

Бюджеттік бағдарламалар

40

Бюджеттік шығындар жиынтығы

50


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz