Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Жолдаудың орындалуы (Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы)

28.01.2016

Үкiмет қағидатты түрде жаңа Жұмысқа тартуды қамтамасыз етудiң бағдарламасын бекiттi - Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы.

Онда үш маңызды мiндет қойылған.

Бiрiншiден, оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудiң тиiмдi жүйесiн жасау.

Екiншiден, ауылдық жердегi кәсiпкерлiктi дамытуға септесу.

Үшiншiден, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсендi орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру.

Халықтың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан Маңғыстау облысының халқын жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру шаралары алынды. 

Облыс бойынша 4653 жаңа жұмыс орны құрылды.

Есепті айдың қорытындысы бойынша тіркелген жұмыссыздар саны  2007 адамды құрды, жұмыссыздық деңгейін  0,7 % (2012 жылдың сәйкес кезенінде - 0,7%).

Сонымен қатар, облыста Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру шаралары жүргізілуде.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында жұмыспен қамту орталықтарына  хабарласқан адамдардың саны – 442, оның ішінде әлеуметтік келісім шартқа қол қойған адамдардың саны – 409 адам, оның ішінде:

- мүгедектер – 2 адам.

Бағдарламаға қатысушылардың ішіндегі жастардың саны  - 271 адам (63,3%), әйелдер 278 адамды құрайды (68,0%).

Бағдарламаның бірінші бағыты - «Өз бетінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және халықтың аз қамтылған топтарын оқыту және жұмысқа орналастыру» бойынша.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын жүзеге асыру аясында әзірленген оқыту жоспары  - 1627 адам, оның ішінде бүгінгі таңда 1227 адам оқумен қамтылғын (355 адам 2010 жылдағы Жол картасы аясында қабылданғандар, 872 адам– 2011-2012 оқу жылдарында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында қабылданғандар), 200 адам – қайта даярлау курстарына, 100 адам – біліктілігін арттыруға,  100 адам кәсіби даярлауға жолданады.

Өз бетінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және халықтың аз қамтылған топтарын жұмысқа орналастыруға ықпал ету шаралары аясында жұмыспен қамту орталықтары және облыстың кәсіпорындары мен мекемелері арасында 221 шарт жасалды, 309 адам әлеуметтік жұмыс орындарына (жоспар 505 адам), 123 адам – жастар практикасы аясында жұмысқа орналастырылды (жоспар 250 адам).

Еңбек шарты бойынша жалақының орташа мөлшері – 40733 теңге.

Екінші бағыт - «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету» бойынша.

2013 жылы аталған бағыт бойынша – 200 адамға шағын несие беру, 100 адамды кәсіптік негіздеріне оқыту жоспарланды.

Бүгінгі таңда үәкілетті өңірлік ұйымы ретінде «Ауылшаруашылығын қаржылай  қолдау  қоры» акционерлік қоғамының Маңғыстау өкілдігі бекітілді. Соңғы қарыз алушы үшiн кредиттiк ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi ставканы 6,7 көлімінде келісілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша бүгінгі таңда Түпқараған ауданында 16 пәтерлік 2-үй және 14 пәтерлік 7 тұрғын үй құрылыстары  жүргізілуде.

 Жұмысқа орналастыратын адам саны – 1073 адам.


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz