Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Ардагерлер туралы мәлімет

28.01.2016

Қазіргі таңда облыста Ұлы Отан соғысының 74 қатысушысы мен мүгедегі тұрады. Оның ішінде, Ақтау қаласында – 55, Жаңаөзен қаласында – 3,  Бейнеу ауданында – 6, Қарақия ауданында – 1, Маңғыстау ауданында – 2, Мұнайлы ауданында – 3, Түпқараған ауданында – 4 адам.

  2011 жылдан бастап Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 9 мамыр Жеңіс күні мерекесі қарсаңында 100,0 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

  Соңғы 3 жылда аталған санаттағы азаматтарға демеушілік қаражаттың есебінен 100,0 мың теңге мөлшерінде қосымша материалдық көмек берілді.

  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығының мерекеленуіне байланысты жергілікті бюджет есебінен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің әрқайсысына 138 740 теңге (70 айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде барлығы 9711,8 мың теңгеге біржолғы материалдық көмек көрсету қарастырылуда. 

  Облыста тұратын Ұлы Отан соғысы мүгедегіне теңестірілген 118 адамға, Ұлы Отан соғысының қатысушысына теңестірілген 835 адамға, 1210 тыл ардагеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған 5 зайыбына (жұбайы), Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің 91 жесіріне, фашистік концлагерьдің 8 тұтқынына, Ленинград блокадасына қатысқан 2 тұрғынға, қаза болған жауынгерлердің 31 отбасына жергілікті бюджет есебінен біржолғы әлеуметтік көмек төлеуге 63110,0 мың теңге бөлу қаралуда.

  Сондай-ақ қолданыстағы заңнамаларға сәйкес аталған санаттағы азаматтар денсаулығын оңалтуы үшін жыл сайын тегін санаторлық-курорттық жолдамамен  қамтамасыз етіледі.

  Облыс бойынша Ақтау қаласында ғана тұрғын үй кезегінде тұрған  Ұлы Отан соғысының 4 ардагеріне облыс орталығынан 4 пәтер берілді.

  Облыс әкімінің ықпал етуімен және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, кәсіпкерлік субъектілерінің қолдауымен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, оларға теңестірілгендерді, тыл ардагерлеріне материалдық қолдау, марапаттау мен құрмет көрсетудің ауқымды да маңызды шаралары жыл сайын тұрақты жүзеге асырылып келеді.

  Қазіргі таңда облыста халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына жататын санаттары, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңестірілгендер жергілікті атқарушы органмен жасалған келісім шарт негізінде (тасымалдаушылардың міндеттемелеріне сәйкес) тегін тасымалданады.

  Облыстың барлық қалалары мен аудандарының орталықтарында Ардагерлер үйлері қызмет етеді, соның ішінде Жаңаөзен қаласындағы және Маңғыстау ауданының Шетпе селосындағы Ардагерлер үйі материалдық-техникалық базамен толық жабдықталған дербес ғимараттарда орналасқан.

  Ақтау қаласындағы, Қарақия ауданының Құрық, Жетібай селоларындағы, Бейнеу, Мұнайлы, Түпқараған аудандарындағы Ардагерлер үйлері әкімшілік ғимараттарының бір бөлігінде орналасқан.

  Аталған ғимараттарда ардагерлердің еркін демалуына, жастармен кездесуіне, өңірдегі саяси-қоғамдық іс-шараларға атсалысуына барлық мүмкіндіктер жасалған.

  Ұлы Жеңістің 70 жылдығының мерекеленуі аясында облыста Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне жан жақты әлеуметтік қолдау көрсету толық қамтамасыз етіледі.


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz