Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Есеп 2014 жылдың 1 жартыжылдығына

28.01.2016

Статистика басқармасының мәліметі бойынша 2014 жылдың 1 жартыжылдығында облыс бойынша экономикалық белсенді халықтың саны 280,4 мың адамды (102,5 %) құраса, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 265,2 мың адамды (102,6%), жалдамалы қызметкерлер 245,9 мың адамды (101,6%), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 19,3 мың адамды,  сондай-ақ еңбек рыногындағы жұмыссыздар саны 15,2 мың адамды.

  Жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша - 5,4%, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі -
6,8%.

  Жыл басынан облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан 12233 жаңа жұмыс орны құрылды.

  Қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту мақсатында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының көрсеткіштерін қоса есептегенде 309 әлеуметтік жұмыс орнын, жастар практикасы
аясында 152 жұмыс орнын құрды.

  2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыру жөніндегі өтінішпен 7303 адам хабарласты, 4993 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды.

  1572 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды,  157 жұмыссыз кадрларды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілді, 1311 адам Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушылары құрамына енгізілді. 

  2014 жылдың 1 шілдедегі есепте тұрған жұмыссыздардың саны 2394 адамды құрады, оның ішінде 16-29 жас аралығындағы жастардың саны - 1108 адам.

  2014 жылдың І жартыжылдығында қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықты жұмыспен қамту жөніндегі
іс-шаралардың жоспарланған көрсеткіштерін орындауды қамтамасыз етті, соның нәтижесінде еңбек рыногындағы жұмыссыздық деңгейі 2009 жылғы 7,1%-дан ағымдағы жылғы 1 тоқсанында 5,4 %-ға
дейін төмендеді.

  Облыс дамуының оң серпіні халықтың әл-ауқатын арттыруға  ықпал етеді.

  Бүгінгі таңда атаулы әлеуметтік көмек халықтың осал санаттағы топтары арасында кедейшілік мәселесін
жоюдың тиімді тетіктерінің бірі болып табылады.

  Атаулы әлеуметтік көмекпен жан басына шаққандағы табысы кедейшілік шегінен төмен аса мұқтаж халық
қамтылып отыр.

  Бұлар, бірінші кезекте, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар, ауылдық жерлерде тұратын көп балалы
отбасылар.

  2014 жылғы 1 жартыжылдығында 2754 аз қамтылған азаматқа 48,9 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

  18 жасқа дейінгі 2778 балаға 22,0 млн. теңге мемлекеттік балалар жәрдемақысы төленді, 679 азамат тұрғын үй көмегімен қамтылды, 11,1 млн.теңге.

  Барлық әлеуметтік төлемдер толық әрі мерзімінде жүзеге асырылды. Әлеуметтік төлемдер бойынша берешектер жоқ.

  Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары, кәсіпкерлері тарапынан халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау
көрсетілуде.

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» 2005 жылғы 20
шілдедегі №754 қаулысына сәйкес облыста мүгедектерді әлеуметтік, медициналық және кәсіби оңалту жөніндегі шаралар іске асырылуда.

  Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 1236 мүгедек гигиеналық құралдармен, 22 мүгедек протездік-ортопедиялық құралдармен, 30 мүгедек арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтылды, 35мүгедекке ымдау
тілі мамандарының, І топтағы 71 мүгедекке жеке көмекшілердің қызметі көрсетілді.
  4 медициналық-әлеуметтік мекемеде: «Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі» (122), «Психоневрологиялық интернат-үйі» мемлекеттік мекемесі (211), «Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат-үйі» (144), «Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығы» (204) мемлекеттік мекемелерінде 681 адам арнайы әлеуметтік көмектермен қамтылған.

  Мерекелік және атаулы даталар қарсаңында халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын 16655 азаматқа 150,3 млн. теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төленді.


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz