Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының үшінші бағыты

28.01.2016

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының үшінші бағыты жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде
еңбек әлеуетін дамыту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының кәсіптік және аумақтық ұтқырлығын арттыру жолымен халықты жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.

  Бұл бағыт шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру құрауыш көзделген.

  Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын арттыру Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден өз еркімен қоныс аударуына жәрдемдесу және жастарды бейімдеу үшін жағдайларды қамтамасыз ету есебінен жүзеге асырылады.

  Еңбекші жастарға арналған қызметтік тұрғын үй және жатақханаларда бөлме беру мемлекеттік қолдау ұсынылады.

  Қызметтік тұрғын үйлер, көшіруді және жұмысқа орналастыруды жұмыс берушінің өзі жүзеге асырған Бағдарламаға қатысушыларға, сондай-ақ басқа облыстарға қоныс аударушыларға, олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада тұрғанына қарамастан беріледі.

  Берілетін қызметтік тұрғын үйдің ауданы отбасының құрамына қарай бірге тұратын отбасы мүшесінің біреуіне он сегіз шаршы метрден не отбасына жүз шаршы метрден аспауға және бір бөлмелі пәтерден не отбасылық үлгідегі жатақхананың бір бөлмесінен кем болмауға тиіс.

  Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылар ретінде қызметтік тұрғын үй берілген Бағдарламаға қатысушылар қызметтік тұрғын үйде кемінде бес жыл тұрған жағдайда, өздері тұратын қызметтік тұрғын үйді қалдық құны бойынша Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жекешелендіре алады.

  Тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарында көшуді және қызметтік тұрғын үй салуды, сатып алуды, салып бітіруді, сондай-ақ жастарға арналған жатақханалар салуды және сатып алуды субсидиялауға көзделген жалпы қаражат (жұмыс берушілер тарапынан қоса қаржыландыруды ескере отырып) көлемі негізінде айқындалады.

  Қызметтік тұрғын үйлер пәтерлерден, жеке тұрғын үйлерден және жатақханалардағы бөлмелерден тұрады.

  Жатақханадан бөлмелер жиырма тоғыз жасқа толмаған еңбекші жастарға (соның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айрылған балаларға) олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада тұрғанына қарамастан жүзеге асырылады.

  Мұндай адамдар әскери қызметке шақырылған кезде, жасы мерзімді әскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады.

  Жастарға арналған жатақханадағы бөлмелер 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі және жекешелендіруге жатпайды, сонымен бырге жасы 29-ға дейін, қолданыстағы еңбек шартының немесе әлеуметтік келісімшарттың болуы және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысуы тиіс шарттармен беріледі.

  Бағдарламаға қатысушылар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасына сәйкес жастарға арналған жатақханадан бөлме, қызметтік тұрғын үй алу құқығын бір рет қана іске асырады.

  Жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтік тұрғын үйді жалға алудың ай сайынғы төлемінің мөлшерін өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығы айқындайды.

  Коммуналдық және пайдалану қызметтерінің шығыстары жастарға арналған жатақханадан бөлмені, қызметтік
тұрғын үйді жалға алу төлемінің сомасына кірмейді және Бағдарламаға қатысушы оны өзі төлейді.

  Жастарға арналған жатақханадан бөлме, қызметтік тұрғын үй жалға берілген кезде қосалқы
жалға алуға жол берілмейді.

  Бағдарламаға қатысушының отбасы мүшесінің жастарға арналған жатақханадан жеке бөлме, қызметтік тұрғын үй беру не Бағдарламаның басқа қатысушысының отбасы құрамында қызметтік тұрғын үй беру туралы өтініші қаралмайды.

  Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері (2011 жылғы 1 шілде  – 2014 жылғы 1 маусым) республика бойынша 1 194 жеке және көппәтерлі тұрғын үй салынды, оның ішінде 4 318 бөлме. 205 бөлмеге 7жатақхана салынды. Қызметтік тұрғын үйге қоңыстандырылғанның жалпы саны 14 103 адамды, оның ішінде1356 адам 29 жасқа дейінгі отағалары. Жастар арасынан 329 адам жатақханаларға қоныстандырылды.

  2014 жылы республика бойынша 124 қызметтік тұрғын үй салу/сатып алу көзделген (396 пәтер),
оларға 227 отбасыны оның ішінде жастар, үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар қатарындағы 85отбасыны қоныстандыру жоспарланып отыр. Шығыс Қазақстан облысында 2014 жылы 154 бөлмеге 4жатақхана салу/сатып алу жоспарланған.


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz