Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Жастар жұмысыздығының деңгейі

28.01.2016

Жастар арасындағы жұмыссыздық 2013 жылмен салыстырғанда  2014 жылғы бірінші тоқсанда 0,6 % - ға төмендеді және жұмыссыздықтың жалпы 5,2 % деңгейінде 4,9 % - ды құрайды.


 

№ р/с


 

Облыс


 

Жастар жұмысыздығының
  деңгейі


 

Республика

2013 жыл
 

5,5

2014 жылғы 1-тоқсан
 

4,9


 

1.


 

Маңғыстау


 

7,5


 

6,8

  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі - Бағдарлама) 2014 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге республика бойынша жастар қатарынан 18 439 жұмыссыз азамат (44,6% жалпы қол қойғандардың қатарынан – 40 319 адам), оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын 10 211 адам жұмыспен қамту органдарына өтініш білдірді. Өтініш білдірген жастардың қатарынан 16,7%-дан астамын (3 095 адамды) жұмысқа орналастыру мүмкін болды.

  Бағдарламаның бірінші бағыты әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары немесе орта қалалық және ауылдық елді мекендерде, саяжай кенттерінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған, жұмыс орындарын жедел құруға және жұмыссыздық деңгейін бақылауға  мүмкіндік бар.

  Осындай жұмыс орындарына 2014 жылдың 5 айында жастар қатарынан 719 адам жұмысқа орналастырылды.

  Жастардың белсенді өкілдеріне Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру шеңберінде, бірінші кезекте, ауылдық жерде жеке ісін құруға және кеңейтуге қолдау көрсетіледі. 2014 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 749 жас азамат оқытылды, 27 адам микрокредит алған, оның ішінде 24 адам өзерінің жеке ісін ашты. Қосымша құрылған жұмыс орындарына 35 адам жұмысқа орналастырылды.

  Кәсіби даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілікті арттырудың тегін курстарына жіберу, жергілікті оқу орнына  және тұратын жеріне  дейін жол жүруге субсидия беру үшінші бағыттың мемлекеттік қолдау шаралары болып табылады.

  2014 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Бағдарламаға сәйкес кәсіби оқуға 4 386 жас азамат жіберілді, оқуын аяқтағаннан кейін 1295 қатысушы тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

  Еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын арттыруға бағытталған үшінші бағыттың 2-құрамдас бөлігі аясында, жұмыс берушілердің қажеттілігі шеңберінде әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті түрде көшуін және жастардың бейімделуі үшін жағдай жасауға жәрдемдесу есебінен жүзеге асырылады. 449 адам, оның ішінде еңбекке қабілетті 387адам қоныстандырылды, оның ішінде жастар қатарынан 147 адам жұмысқа орналастырылды.

  Мемлекеттік қолдау шаралары қатарында жастар практикасын ұйымдастыру жүзеге асырылады, ол жастарға
алған кәсіптері бойынша алғашқы дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. Бұл оларды  еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Ағымдағы жыл басынан бері 6 792 адам жастар практикасына жіберілді, тұрақты жұмыс орындарына 3 834 адам жұмысқа орналастырылды.

Жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарына орналастыру туралы деректер

(2014 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша)


 

Облыс


 

2014 ж. қаражат
  бөлінді,


 

млн.тг


 

Жастар практикасынан өту үшін құрылған жұмыс орындарына орналастырылған
  тұлғалардың жалпы саны, адам


 

Жастар практикасын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмысқа орналастырылды


 

Республика


 

2320,9


 

6792


 

3834


 

Маңғыстау


 

38,3


 

127


 

52


  Бағдарлама шеңберінде қабылданатын шаралар жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады, ол өз кезегінде жастардың табысының артуына және олардың өмір сүру сапасына әсер етеді.

  Мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатарындағы жастарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлік қазіргі таңда мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік заңнаманы қатайту бөлігіне, оның ішінде жұмыс оындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамайтын жұмыс берушілер үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл белгілеу бөлігінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасына ұсыныс енгізді. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін жыл ішінде қайталанған сол әрекеттер (әрекетсіздік) жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтырады.


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz