Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУҒА қатысты

29.01.2016

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУҒА қатысты мән-жайды түсіндіру үшін...

Елімізде биылғы жылдан бастап енгізу көзделіп отырған зейнетақы жүйесін реформалау мәселесі барша қоғам мүшелерін толғандыратын және қазіргі таңда қызу талқыланатын тақырыпқа айналды. Мемлекетіміздің басшысы Н.Назарбаев жаңа зейнетақы жүйесі «ел азаматтарының жинақтаған қорын барынша тиімді және қауіпсіз етіп басқаруға» мүмкіндік беруі тиіс екендігін атап өтті.

Облыс әкімдігінде ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен еліміздегі зейнетақы жүйесін жаңғырту жөніндегі оқыту семинарына барлық қалалар мен аудандар әкімдерінің әлеуметтік мәселелерге жауапты орынбасарлары, салаға қатысты басқармалар мен бөлімдер басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесін реттейтін жаңа ережелер қандай болады? Қазірде Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 11 Жинақтаушы зейнетақы қорларын (әрі қарай –ЖЗҚ) қосып, Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорын құру жоспарының тиімділігі неде, қарапайым еңбекші халық үшін ол не береді? Еліміздегі ерлер мен әйелдердің зейнетақы жасын бірдейлендірудің қажеті бар ма?..

Міне, өткізілген семинардың мақсаты да осы тектес туындайтын сан сауалдарға жауап табу, түсінбеген тұстарын сұрап білу үшін жиналғандарға жаңалықтың мән-жайы туралы мол мағлұматтар мен нұсқаулар беру еді.

Қазірде әлемдік тәжірибеде жинақталған зейнетақы қорларын тиімді пайдаланудың жетілдірілген небір үлгілері бар. Соның бір түрі Жекелей жинақтау – зейнетақы салығы (жарнасы) арқылы бойынша жеке шотқа қаражат қорын жинау болса, екіншісі бөлу (ынтымақтасу) – «бір буын ұрпақтың бірлесуі» принципі бойынша: жұмыс істеп жүрген азаматтардан зейнетақы салықтарын жинамақтамай, зейнеткерлерге зейнетақы ретінде төленетін жүйе.

2013 жылдың басындағы есеп бойынша еліміздегі 11 ЖЗҚ-да қор жинақтаушы салымшылар саны 8 42 2512 бірлікке өсіп, олардың барлық жиған-терген қаражат қорының жиынтық сомасы 3 трлн. 183,2 млрд. теңгеге жеткен. Бұл мемлекетіміз үшін үлкен инвестиция көзін құрайтын мол қаржы. Алайда, жас тәуелсіз мемлекетіміздегі құнды қағаздар нарығының жеткілікті деңгейде дами алмауы себепті сол қаржыны тиімді пайдалануда біраз кедергілер болып келген. Жержиһандағы тәжірибелер көрсеткендей, жекелеген компаниялардың көп пайда табу ниетімен халықтың жинаған қаржысын шетелдік құнды қағаздар сатып алуға, күмәнді компаниялардың облигацияларын алуға жұмсауының соңы үлкен тәуекел мен тоқырауға ұрындыратын қауіпі күшейіп тұр. Сондықтан, әлемдік экономикалық дағдарыс пен ауытқымалы ахуал жағдайында халықтың жинаған қорын сақтап қалу, оны стратегиялық маңызды мақсаттарға, пайдалы жобаларға жұмсау тек мемлекет қана мойнына ала алатын өте жауапты іс екендігі мойындалды. Себебі, қандай жағдай болмасын түбінде еңбекші ел азаматтарының жинақ қорының сақталуы мен қайтарылуына мемлекет жеке жауап береді. Әсіресе, инфляцияның, яғни тұтыну бағаларының тоқтаусыз өсімі жинақ мөлшерінен асып түсетін қазіргідей жағдай ЖЗҚ-лардың ең осал тұсы, олардың қызметінің жеткіліксіздігі екендігін көрсетіп отыр. Қызмет сапасын өсіріп, сауатты менеджмент қалыптастыру арқылы өздерінің де, салымшылардың да қорын молайтудың орнына оңай жолмен ақша табуға және өз мүдделеріне ғана жұмыс істеуге әуес қаржы құрылымдарының әрекеттері халықтың қаржысын желге ұшырып жібермесіне кім кепіл?!.

Сондай-ақ, ерлер сияқты әйелдердің зейнеткерлік жасын да 63-ке өсіріп, бірдейлендіру мәселесі күн тәртібінде тұр. Қалың бұқара халық арасында, еңбек ұжымдарында осы мәселелерге байланысты мәселенің мәнісін ашып түсіндіру, жұртшылыққа жаңа жүйе туралы жеткілікті ақпараттар беру негізгі міндеттер екендігін атап өткен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Г.Қалмұратова аудан, қалалардан келген өкілдерге ұсыныстарын жеткізіп, тиянақты тапсырмалар берді. Ал, облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының міндетін атқарушы Р.Жұмағалиева мемлекеттік деңгейде ерекше мән беріліп отырған саяси-экономикалық маңызды шараны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, қоғамдық ұйымдарда көбірек насихаттауға назар аударып, жоспарлы түрде жолға қойылатын науқандық жұмыстың жемісті нәтижесін көруге жан-жақты күш жұмылдыру қажеттігі жөнінде айтты.

Ақпарат көзі: "Маңғыстау" газеті. М.Жетекбай.

18-04-2013 ● 2201


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz