Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – ҚҰРЫЛЫСТАР...

29.01.2016

Дүйсенбі күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашев және облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Гүлмира Қалмұратова журналистермен брифинг өткізді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында ауылдарда дəрігерлік амбулаториялар салуға 1 миллиард 123 миллион теңге бөлінді. Қазір Мұнайлы, Бейнеу, Маңғыстау аудандарында құрылысы жүріп жатқан 9 дəрігерлік амбулатория биыл пайдалануға берілмек.

Облыстық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Гүлмира Қалмұратова өңіріміздегі еңбек нарығынан хабардар етті. Оның айтуынша, жыл басынан бері 9 мың жарым адам жұмыспен қамту органдарына тіркелген. Олардың 6 мың алпысы жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ оқу орнын бітірген жас мамандар жастар тəжірибесі бағдарламасы бойынша орналасты. Жыл басынан бері өңір кəсіпорындарында кəсіпкерлік субъектілерінде 16 мың 90 жаңа жұмыс орындары құрылды. Олардың ішінде уақытша жұмыс орындары да бар. Ал өткен жылы 14420 жұмыс орны ашылған болатын. Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау жəне Мұнайлы аудандарында ашылған жұмыс орындары саны жағынан өткен жылғыдан көп, ал Түпқараған ауданында керісінше, жұмыс орыны 800-ге азайған. Дегенмен, Қашаған жобасы іске қосылысымен бұл жағдай қалпына келеді деген сенім бар.

Бүгінгі күнге жұмыссыздық деңгейі 6 пайызды құрап отыр. Облыста жұмыс сұраушылардың, тіркелушілердің азаю тенденциясы байқалады. Бұл бүгінде адамдардың жұмыспен қамту органдарының көмегінсіз-ақ жұмысқа тұра алатындығын көрсетсе керек. Көпшілігі тұрғын үй кезегіне тұру үшін аз қамтылған отбасы ретінде тіркеледі. Кейбірі түрлі анықтамалар алу үшін тіркеледі. Қалай тіркелсе де, əр он күн сайын қайта тіркеліп тұруы тиіс. Ал байланыссыз алғандар есептен шығарылады.

Биыл «Жол картасы-2020» жүзеге асырылып жатыр. Бұл «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жалғасы. Негізінен ауылдық жерлерді кешенді дамытуға арналған бағдарлама. Бүгінгі таңда «Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 87 жоба жүзеге асырылуда. Олар - автокөлік жолдарының құрылысы, фельдшерлік-акушерлік пункттер құрылысы, клубтар мен балабақшаларды күрделі жөндеуден өткізуге бағытталған жобалар. Бұл жұмыстардың барлығы белсенді жүргізілуде. Алдағы қараша-желтоқсан айларында бөлінген қаржыны толық игеруге тиіспіз. Өткен жылы мемлекеттік сатып алу бойынша 45 миллион теңге үнемделіп қалған. Биыл бұл қаржыны ауылдар мен қалалар əкімдіктері толық игеріп, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы қажет.

Əлеуметтік жəне мəдени-тұрмыстық нысандарды жөндеуден өткізуге 2 миллардтан астам теңге бөлінген жəне оған барлық аудандар мен қалалар əкімдіктері тартылған.

Ағымдағы жылы 200 миллион теңге микронесиелеудің екінші бағыты бойынша қарастырылған. Басқарманың серіктесі «ҚР ауыл шаруашылығын қолдау қоры»АҚ өңіріміздегі өкілдігі 80 адамға 200 миллион теңге несие берді. Несие алған бұл 80 адам қосымша 177 жұмыс орнын ашады. 118,9 миллион теңге тұратын 48 жоба агроөнеркəсіптік кешенді дамытуға жұмсалады. 14 жоба жеңіл өнеркəсіпке – ателье, ұлттық киімдер салонына жəне басқа бағыттарға бөлінді. Өкінішке орай, Түпқараған ауданында бағдарлама аясында өткен жылы қаржы уақытында жеткізілмеуі салдарынан 30 отбасын көшіру үшін салынып жатқан тұрғын үй құрылысы бітпей қалды. Биыл ол жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылды, енді қазан айында бұл тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жыл басынан бері облысқа 2830 оралман немесе 614 отбасы келді. Бейнеуге 181 отбасы немесе 771 адам, Мұнайлы ауданына 358 отбасы немесе 1697 адам, 6 отбасы Түпқараған ауданына, Маңғыстау ауданына 1 отбасы, Ақтауға 38 отбасы орналасты.

Ақпарат көзі: "Маңғыстау". Валентина ҚОЗЫБАҚОВА.


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz