Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Кіру Тіркелу

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Жетістіктер мен олқылықтар және серпін беретін салалар...

29.01.2016

Жетістіктер мен олқылықтар және серпін беретін салалар... Облыстық әкімдіктің кіші залында 2013 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша қалалар мен аудандар әкімдерімен селекторлық кеңес өткізілді. Кеңес жұмысын облыс әкімі А.Айдарбаев кіріспе сөз сөйлеп ашып, Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысы мен «Нұр Отан» партиясының xv съезінде берген тапсырмаларымен таныстырды.

– Баршаңызға белгілі, осы айдың басында Елбасымыз Үкіметтің кеңейтілген отырысына басшылық жасап, ағымдағы жылғы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 9 ай қорытындысын, сондай-ақ индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асырудың барысын талқыға салған болатын,-деді Алик Серікұлы. – Президент мемлекеттік органдардың жұмысына оң баға беріп, жарияланған «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыру бойынша
қажетті мақсаттарды айқындап берді. Толықтай алғанда, еліміз бен аймақтар дамуының жағымды өсімі атап өтілді.

Сонымен қатар жергілікті мемлекеттік органдардың атына сын-ескертпелер айтылды, олардың ішінде жекелеген көрсеткіштер бойынша біздің облысымыз дербес аталды. Кеңес қорытындылары бойынша нақты тапсырмалар берілді, олардың негізгі бөлігі аймақтық саясатты күшейтуге бағытталды. Оларды орындау үшін қазірдің өзінде тиісті іс-шаралар жоспары жасақталды.

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының xv съезінде де көптеген өзекті міндеттер белгіледі. Бірінші кезекте жаңа қазақстандық патриотизм мен жалпыұлттық бірлікті қалыптастырудың жалпыұлттық орталығы ретінде партияның маңызды миссиясына ерекше назар аударылды. Аймақаралық байланыстарды тереңдету мен нығайтудағы партияның шешуші рөлі айқындалды. Өздеріңізге белгілі, бүкіл еліміз бойынша ауылдар мен аудандық маңыздағы қалалар әкімдерінің сайлауы өтті, жергілікті билік түбегейлі жаңарды. Орталықтан аймақтарға әрекеттік өкілдіктер берілді. «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудың алғашқы қадамдарының бірі «А» жаңа басқару корпусын қалыптастыру болды. Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп,
алғашқы конкурс қорытындыларын талдауды ескере отырып, «А» корпусын дәйекті дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдайтын болады. Сонымен бірге «А» корпусының ішінде жүйелік ауыс-түйіс қамтамасыз етілетін болады.

Таяуда сайланған селолық округтердің әкімдеріне Мемлекеттік қызмет академиясы жанында қысқа мерзімді курстар ұйымдастыруға дейін қолдау көрсетуге айрықша назар аударылатын болады.

Президент «А» корпусына кіретін Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін жақсарту жүйесі арқылы олардың тиімді жұмысын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Сондықтан келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап аталмыш корпус басқарушыларының жалақысы 50 пайызға өсірілетін болады. Сонымен бірге ол жалақыны көтеру алда тұрған жұмыстарды орындауға алдын ала беріліп отырған төлемақы екендігін назарға берді.

Өңірлік саясаттың негізгі бағыттары мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Мен тиісті медиа-жоспар бекіттім.
Ай ішінде барлық мемлекеттік органдар басшылары, аудандар мен қалалар әкімдері, жұртшылық өкілдері Мемлекет басшысымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар мен қойылған міндеттерге сәйкес аймақтағы ағымдағы жағдайға түсініктеме беретін болады.
Кеңесте облыс әкімінің орынбасары Ш.Илмұханбетова 2013 жылғы 9 айдағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндама жасады.

–Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша ағымдағы жылдың 9 айына оң өсім сақталуда,-деді Шолпан Лазарқызы. – Үкіметтің тиісті кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша 8 негізгі көрсеткіштің негізінде республика өңірлеріне саралау жүргізетіні белгілі.

Үстіміздегі жылдың 9 айында біздің облысымыз 8 экономикалық көрсеткіш-тің төртеуі бойынша сыни жағдайда тұр, яғни бұл көрсеткіштердің деңгейі орта-ша республикалық көрсеткіштерден жоғары немесе төмен немесе 100 пайыздан аз.

Бұл жұмыссыздық деңгейі (5,5 пайыз, ҚР-5,2 пайыз), құрылыс жұмыстарының көлемі (96 пайыз, ҚР-102,5 пайыз), ауыл шаруашылығының жалпы көлемі (99,3 пайыз, ҚР-105,5 пайыз), шағын және орта бизнес субъектілерімен шығарылған өнімдердің көлемі (100,3 пайыз, ҚР-101,2 пайыз) сияқты көрсеткіштер.

Басқа барлық көрсеткіштер бойынша оң өзгерістер байқалуда. Мәселен, өнеркәсіптік өндірісте өсу қарқыны бар, оның көлемі 1,7 трлн. теңге немесе 101,2 пайыз құрады.

Бұл кезеңде 13,4 млн. тонна мұнай өн-дірілді, ол өткен жылмен салыстырғанда 101,8 пайыз болды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 20,7 пайызға ұлғайды.

Сонымен қатар Маңғыстау ауданы (438,6 млрд. теңге, 97,2 пайыз), Түпқара-ған ауданы (369,9 млрд. теңге, 96,1 пайыз) және Мұнайлы ауданы (19,9 млрд. теңге, 85,8 пайыз) бойынша өнеркәсіптік өнді-рістің көлемдері төмендеді.

Негізгі капиталға инвестициялар 290 млрд. құрады, олар 5,5 пайызға өс-ті. Бұл көрсеткіштің төмендеуі Ақтау (40,1 млрд. теңге немесе 75 пайыз) мен Жаңаөзен (16 млрд. теңге немесе 50,9 пайыз) қалаларында байқалады.

Өздеріңізге белгілі, инвестицияларды тарту, өнеркәсіп көлемдері мен көптеген басқа көрсеткіштерді өсіру жөніндегі негізгі құрал индустрияландыру Картасының жобалары болып табылады. Негізгі жобалар бұрынғыдай Ақтау қаласының аумағы мен маңында іске асырылады.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының кө-лемі 110,8 млрд. теңге құрады. Мұнда құрылыс-монтаж жұмыстары көлемдері 4 пайызға төмендеді, олардың ішінде құрылыс жұмыстары Қарақия ауданында 63 пайызға, Түпқараған ауданында 34 пайызға, Ақтау қаласында 30,5 пайызға, Жаңаөзен қаласында 25,5 пайызға дейін азайды.

Облыста 340,5 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдаланылуға берілді, бұл өткен жылғыдан 4 пайызға төмен. Өздеріңізге белгілі, құрылыс жұмыстарының негізгі көлемі жеке меншік тұрғын үйлерді пайдалануға беру есебінен іске асырылады. Сонымен бірге құрылыс жұмыстары Бейнеу ауданында 11,5 пайызға, Маңғыстау ауданында 37 пайызға, Түпқараған ауданында 3,7 пайызға, Ақтау қаласында 18,5 пайызға, Жаңаөзен қаласында 13 пайызға төмен-дегені байқалып отыр.
Жұмыспен қамту саласында 20,1 мың жұмыс орны құрылды (2012 жылы - 19,5 мың жұмыс орны), тіркелген жұмыссыз-дық деңгейі- 0,7 пайыз, жалпы ол облы-сымыз бойынша 5,5 пайыз құрады.
Көптеген аудандарда жұмыссыз азаматтар қатары ұлғайғандығы анықталып отыр. Мәселен, Бейнеу ауданында тіркелген жұмыссыздардың саны 157-ге дейін (2012 жылы – 112 адам) көбейді. Қарақия ауданы мен Ақтау қаласында да осындай жағдай қалыптасып отыр, оларда жұмыссыздардың саны тиісінше 145 және 435 адамға дейін өсті. Өткен жылмен салыстырғанда, Жаңаөзен қаласы бойынша құрылған жаңа жұмыс орындарының саны азайды. Үстіміздегі жылы мұнда 3,9 мың жұмыс орны құрылды (2012 жылы – 4,6 мың жұмыс орны).

Өткен жылмен салыстырғанда, кедейшілік деңгейінен төмен тұратын адамдар саны 1,5 есе азайды, олардың қатары 2643 адамнан 1749 адамға дейін төмендеді.

Бұдан кейін облыс басшысының орынбасары Ш.Илмұханбетова шағын және орта бизнесті дамыту, іскер қауым өкілдерін несиелеу, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру, кәсіпкерлердің несиелерін субсидиялау, салықтар мен түсімдердің бюджетке түсу, бюжетті орындау мен трансферттерді игеру, білім беру мен денсаулық сақтау салалары нысандарын өркендету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау және ауылдық елді мекендерді дамыту жөніндегі кемшіліктер мен оралымсыздықтарға тоқталып, барлық көрсеткіштер бойынша жақсы жетістіктерге қол жеткізу үшін іс-шаралар жасақтау мен жұмыстарды күшейту қажеттігін атап көрсетті.

Кеңесте облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқарма-сының басшысы Бақытжан Өтеғалиев жылу беру науқанына әзірлік және «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру, құрылыс басқармасының басшысы Орақ Аяпов «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асырудағы проблемалық мәселелер, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлмира Қалмұратова жұмыспен қамту саласындағы жағдай және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Руслан Бектубаев денсаулық сақтау саласындағы ағымдағы жағдай туралы баяндамалар жасап, атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Сонымен қатар Мұнайлы ауданы-ның әкімі Елубай Әбілов «Ауданның ағымдағы жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» есеп беріп, өнеркәсіптік өндірістер мен ауыл шаруашылығы нысандарын, елді мекендерді дамыту мәселелері жөнінде ег-жей-тегжейлі баяндады.

Облыс басшысы А.Айдарбаев кеңей-тілген кеңесті қорытындылай келіп, «Әріптестеріміздің сөйлеген сөздері-нен көрінгендей, есепті кезеңде әлеу-меттік-экономикалық дамудың бірқатар бағыттары бойынша аудандар мен қа-лалардың әкімдіктерінде төмен қарқын байқалады. Айтылған ескертпелерге әкімдердің түсініктеме беруін сұрай-мын, оларды жою бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

Мәселен, барлық аудандар мен Жаңаөзен қаласында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша іске асырылып жатқан жобалар санының аздығы байқалады, Сіздерден

Индустрияландыру картасына арналған жобалар жөнінде ұсыныстар келіп түскен жоқ, қылмыстардың саны өсуде, аудандардың кәсіпкерлері Қазагро желісінің жобаларын тіпті іске асырмайды» деп, аудандар мен қалалар әкімдерінің атына көптеген сындар айтты. Бұдан кейін облыс басшысы әрбір аудан мен қаланың кемшіліктеріне жеке-жеке тоқталды.

Алик Серікұлы:

Бейнеу ауданы. Сізде тұрғын үйді пайдалануға беру қарқынының төменде-гені байқалады, жұмыссыздардың саны артуда, жаңа оқу жылында үш ауысыммен оқитын мектептер бар, бала өлімінің жағдайы өскен.

Қарақия ауданы. Сіздің ауданда құ-рылыс жұмыстарының көлемі бойынша аса ауыр жағдай қалыптасқан. Барлық аудандардың ішінде мейлінше төмендеу (63 пайызға) Қарақия ауданында бай-қалады. Жұмыссыз азаматтар мен кедей-лік шегінен төмен өмір сүретін адамдар-дың саны шамамен 2 есеге артқан.

Даму әлеуеті төмен үш ауылды жабу үшін қандай шаралар әзірлеп жатырсыз?

Біз перспективасы жоқ ауылдарды жа-бу, тұрғындарды басқа елді мекендерге көшіру жұмыстарын қазірдің өзінде бастауымыз қажет.

Мұндай ауылдарда тұрып жатқан тұрғындар, онда жаңа мектептер мен ауруханалар салынбайтынын, инженерлік инфрақұрылым жүргізілмейтінін түсінуі керек, бұл – экономика жағынан мақсатқа сай емес.

Бұл, бірінші кезекте – ауылдық округтер әкімдерінің жұмысы.

Маңғыстау ауданы. Өткен жылмен салыстырғанда ауданда өнеркәсіптік өндіріс көлемі төмендеп, тұрғын үйді пайдалануға берудің төмендеуі ең жо-ғары пайызға ие болды (37 пайыз), шарттардың болмауына байланысты 12 бюджеттік жоба бойынша осыған дейін қаржыландыру басталған жоқ, шағын кредит алушылардың саны азайды.

Салынып жатқан 9 амбулаторияның 4-і Сіздің ауданда пайдалануға бері-леді. Олардың құрылысының жағдайы қалай?

Тек Маңғыстау ауданы бойынша ту-беркулезбен ауырудың артқаны бай-қалады. Сонымен бірге, Қарақия ауданына ұқсас перспективасы жоқ 2 елді мекен бар. Сіз оларды одан әрі дамыту үшін қандай шешімдер ұсынасыз?

Түпқараған ауданы. Аудан бойынша да өнеркәсіптік өндіріс, құрылыс-жинақтау жұмыстары, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің төменгі қарқыны байқалады, 13 конкурс өткі-зілмеген, үш ауысыммен оқитын бір мектеп бар.

Ақтау қаласы. Тұтастай алғанда, облыс бойынша негізгі капиталға ин-вестициялардың өскеніне қарамастан, қалада 25 пайызға төмендеу байқалады, құрылыс жұмыстарының, тұрғын үйді пайдалануға берудің көлемі төмендеп, жұмыссыздар мен кедейлік шегінен тыс өмір сүріп жатқан азаматтардың саны артқан.

Бюджеттік қаражаттың, оның ішінде конкурстық рәсімдер уақытылы өткізіл-мегендіктен, ең төменгі игерілуі облыс орталығына келеді (12 нысан).

Жаңаөзен қаласы. Қалада инвести-циялардың, құрылыс жұмыстарының, тұрғын үйді пайдалануға берудің кө-лемі шамамен 2 есеге төмендеген. Бұл – облыстағы құрылған жұмыс орын-дарының саны төмендеген жалғыз өңір, үш ауысыммен оқитын 3 мектеп бар, бала өлімінің көрсеткіші артуда,-деп, орын алған олқылықтарды атап-атап көрсетіп, кемшіліктерді тез арада жоюға тапсырма берді.

Облыс әкімінің шешімі бойынша ал-дағы уақытта аудандар мен қалалардың әкімдерін тыңдау тұрақты негізде іске асырылады. Үстіміздегі аптадан бастап аумақтарды дамыту бағдарламаларын орындау мен 2014 жылға арналған бюджеттер жобаларын тыңдау жөніндегі жұмыстар басталады.

Сонымен қатар облыс әкімі Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын мүлтіксіз орындау қажеттігіне ерекше назар аударды.

Кеңес қорытындылары бойынша нақ-ты міндеттер мен тапсырмалар белгіленді.

 "Маңғыстау". Әбдіғалым СӘРКЕНОВ.


 
Также в этом разделе:
  • В Мангистауской области до конца года создадут 27 тысяч рабочих мест
  • Untitled
  • Из Мангистау 68 семей решили переехать в другие регионы Казахстана
  • Жителям и оралманам предлагают переехать из Мангистау в другие регионы Казахстана
  • В Мангистау ветеранам обещают выплатить по 226 тысяч тенге к 9 мая
  • Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде
  • Қоғамдық тыңдаулар туралы
  • Маңызды мәселелерді талқылайды
  • Макалалар
  • Жергілікті мазмұн назарында
  • Ортақ күтім
  • Атқарылған жұмыс жайлы есеп
  • Әлеуметтік тұрақтылық компаниялар
  • ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУҒА қатысты
  • Жүйені жаңғырту – уақыт талабынан туындаған қажеттіліқ
  • Тұрғындарға түсінік берді
  • ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – ҚҰРЫЛЫСТАР...
  • Жетістіктер мен олқылықтар және серпін беретін салалар...
  • Өткен аптада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Саламат Аманбаев пен комитеттің бас сарапшысы Марат Тоқсамбаев өңірімізде болды.
  • ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 5,3 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАП ОТЫР...
  • Маңғыстау облысы әкімдігінің қыркүйекте 16 мемлекеттік қызметтердің облысы мен менеджерлердің әкімінің орынбасары қатысуымен апта сайын брифинг өткізді
  • Оралмандар жайлы брифинг
  • Оралмандар
  • Міндеттер тұрғысында
  • Жұмыссыз
  • Оралмандар комиссиясы
  • Оралмандардың орталығы
  • Шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы
  • Елге көші-қон тоқтатылмайды
  • Оралмандарға арналған « Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020»
  • Жастарды жұмыспен қамту
  • Мұнайлы ауданына сапармен бару
  • Жастарды жұмыспен қамту қолдау орталығының ашылуы
  • Жұмыспен қамту туралы брифинг
  • Бағдарламаның уақытында жетуі
  • Маңғыстаулықтар Елбасының Жолдауын қолдайды
  • Енжарлықтан түсіністікке бастар жол
  • Күн тәртібінде - жұмыссыздық
  • Колледждер мен университеттер Маңғыстау түлектерінің жұмыспен қамту мәселелері Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысында талқыланды
  • Жастар кеңесі
  • Бос орындар жәрмеңкесі
  • Жетібай а. тұрғындарының митингі
  • Митинг
  • Маңғыстау мүмкіндігі шектеулі балалар санын өсіп келеді
  • Ардагерлерге көмек берілді
  • Қазақстанда 9 мамырға Ұлы Отан соғысының ардагерлері түрлі төлеу алады
  • Маңғыстау облысы ең ірі орташа айлық жалақы көшбасшы болды
  • Сенаторлар Маңғыстау мемлекеттік бағдарламаларды іске асырлыумен танысты
  • Ақтауда 50 жылда жұмыспен қамту мәселесін талқылады
  • Мамандықтар
  • Екі мейрамды мерекелеу
  • Мұнайлы ауданында жаңа балабақша ашылды
  • Ираннан қоныс аударғандар Маңғыстау облысы әкімдігінен оралман мәртебесін талап етті
  • Маңғыстау 229 тұрғындары жыл басынан бері « Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы » бағдарламасына қатысты
  • Ақтауда , оралмандар орталығынан 35 отбасы аштық ұйымдастыруға уәде берд
  • 1778 маңғыстаулықтар « Жұмыспен қамту жол картасы - 2020 » бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты
  • Кедергісіз қоғамға қарай
  • Жұмыс іздеп немесе мен Мен ешқайда бармаймын, ештеме үйренбеймін !
  • Әлеуметтік маңызы 16 нысандарда мүгедектерге арналған пандустар мен қол жеткізу басқа да құралдар орнатылады
  • Әр адамның жұмысына сәйкес
  • Мүмкіндігі шектеулі адамдарға : төлемдер мен инфрақұрылымды ұлғайту
  • Бірінші Инватакси
  • Маңғыстаудың Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңістің 70 жылдығына алады
  • « Қарттар күніне» қайырымдылық іс-шара
  • Адамның Еңбек даңқы !
  • Ақтауда Қарттар күніне орай мерекелік ісөшаралар өтеді
  • "Балалар денсаулығы » қорының директоры Елена Дедов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің конкурсына қатысты
  • Біз олар туралы ұмытуға қақымыз жоқ
  • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселесін шешу уақыты келді ме?
  • «Эко Маңғыстау» жастарды жұмыспен қамту жөніндегі жобаны іске асырып жатыр
  • Ақтауда Көру қабілеті нашарларға арналған олар жеке көмекшісі қамтамасыз етпейдігі жайлы шағымданды
  • Жастар жұмыспен қамту
  • Гүлмира Kaлмуратова : Маңғыстау « Жан Серпін » білім беру мен жастарды жұмыспен қамту бағдарламасын басталды
  • Гүлмира Kaлмуратова : Форт-Шевченко 27 отбасы жаңа қонысты болды
  • Маңғыстауда Тәуелсіздік күніне мүмкіндігі шектеулі бір жолғы әлеуметтік көмек алады
  • Барлығы сенің қолыңда…
  • Нәтижелері , жоспарлар мен мараппатар
  • Әлеуметтік қамтамасыз ету - әлеуметтік алға басу
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері ауруханаларда жекелеген бағу мен қымбат азық-түлік жетіспеушілігіне шағымданды
  • Ардагерлерді қолдау
  • 2014 жылы Маңғыстауда 47 ғимараттың 15 мүгедектер үшін бейімделген
  • Гүлмира Kaлмуратова : ардагерлер 9 мамырға 200-ге жуық мың теңге алады
  • Оқшауланудан теңдікке
  • Қуаныш - шектелмеген ...
  • Тағдырдан жұда болғандар- Мемлекеттің назарынан тыс қалған жоқ
  • Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта құру
  • Кедергісіз орта құру
  • Гүлмира Kaлмуратовa : балалар үйінің түлектері мұнай-газ саласында жұмыс істегісі келеді , бізде ешқандай бос орындар жоқ
  • Шолпан Ильмуханбетова : аудан әкімдері жұмыс берушілермен меморандумдарға қол қою мүдделі емес
  • Маңғыстауда Наурыз айында мүмкіндігі шектеулі 14 мыңнан астам адамға бір реттік әлеуметтік көмек беріледі
  • Маңғыстаудың екі ардагерлері Қызыл Алаңда өтетін Жеңіске арналған шеруіне қатысады
  • Қарашаш Нурмамедов : Маңғыстау облысында барлық ардагерлері тұрғын үймен қамтамасыз
  • "Дабыл" түймешігі 60 Маңғыстау ардагерлерін қамтамасыз ету
  • Маңғыстау облысында жыл басынан бері астам 2,7 мың адамды жұмыспен қамтылды
  • ҰОС қатысушылардың отбасыларының кәбір бағытына бару бойынша Маңғыстау әкімдіг 3 миллионнан астам теңге бөлінеді
  • Маңғыстауда 9 мамыр мерекесі қарсанында соғыс ардагерлері 198 мың теңгеге ие болады
  • Маңғыстауда 9 мамыр 12 ардагерлерін үйлерін жөндеу жасауға уәде берілді
  • Гүлмира Kaлмуратовa : Астанада Жеңіс шеруіне Маңғыстаудан 12 ардагерлері барады
  • Индира Құрман : 2015 жылдың екі айы ішінде Маңғыстау жұмыс 3035 адамды қамтамасыз
  • Маңғыстау облысында жыл басынан бері 3802 жұмыссыздар жұмыспен қамтылды
  • Базаргүл Жылқыбаева : Маңғыстау облысында 400 жұмыс орындарын құру үшін 128 млн теңге бөлінген
  • Маңғыстау облысында 5431 адам жыл басынан бері жұмыспен қамтылды
  • Мүгедектер мен көзі нашар көретін есту бойынша құқықтық көмек
  • Шетелдің қатысуымен компанияларда
  • Жұмыссыз азаматтарға жәрдемақы
  • Мүгедектікті анықтайтын қызмет
  • Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау
  • Маңғыстау облыстық оңалту орталығының құрылыс жағдайы сапасыз санитарлық жағдайда
  • Маңғыстау облысындағы оралмандардың көші-қоны туралы
  • Для озеленения и благоустройства Актау привлечены бригады из Жетыбая и Жанаозена
  • Ақпараттық ресурстар
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы