Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Кіру Тіркелу

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 5,3 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАП ОТЫР...

29.01.2016

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 5,3 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАП ОТЫР...

Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы халықты жұмыспен қамтамасыз етуде, жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындарына тартуда және оларды кәсіби даярлауда бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Осындай игілікті істерге ұйтқы болып отырған еңбек ұжымының еліміз жұмыссыздар армиясының қатарын азайту үшін жүргізіп жатқан жұмыстары аз емес. Біздің тілшіміз осыған орай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Г.ҚАЛМҰРАТОВАМЕН жүздесіп, Маңғыстау аймағындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мен оларға кәсіптік білім беру мәселелері туралы әңгіме өрбіткен еді.

– Гүлмира Мұратқызы, алдымен жергілікті жердегі жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарыңызбен таныстырып өтсеңіз.

– Жергілікті атқарушы органдармен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын қолдану, оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге көмек көрсету жөніндегі көптеген іс-шаралар қабылдануда. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен және бизнес-қауымдастықпен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджеттен де, республикалық бюджеттен де дер кезінде және толық көлемде іске асырылады.

Үстіміздегі жылдың басынан бастап жұмыспен қамту органдарына 13064 жұмыссыз хабарласты. Олардың ішінде 2750 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 1997 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 286 жұмыссыз кәсіби даярлауға жолданды, 586 адам әлеуметтік жұмыс  орындарымен қамтамасыз етілді, 643 оқу орындарының түлегі жастар практикасынан өтуде.

2014 жылдың 1 қазанына 3424 жұмыссыз тіркелді. Есепке алынған жұмыссыздықтың деңгейі 1,2 пайыз құрайды.

Жыл басынан бері 20392 жаңа жұмыс орны құрылды, олардың ішінде өнеркәсіпте 2973 жұмыс орны, құрылыста 3753 жұмыс орны, транспортта 1124 жұмыс орны, білім саласында 858 жұмыс орны, ауыл шаруашылығында 136 жұмыс орны, экономикалық қызметтің өзге түрлерінде 5586 жұмыс орны ашылды.

– «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруда қандай жұмыстар жүргізілуде?

– Жұмыспен қамту орталықтарына хабарласқан 2316 адам әлеуметтік келісімшарттарға қол қойып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының қатысушыларына айналды, бұл осы орталыққа хабарласқан адамдардың 79 пайызын құрайды. Мұнда жұмыссыздардың үлесі 82,6 пайыз (1913 адам), өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен адамдардың саны 15,4 пайыз (356 адам) болды. Әлеуметтік келісімшарттарға қол қойған адамдардың арасында 21 оралман, 69 мүгедек, зейнетақы жасына жетпеген 50 жастан асқан 178 адам бар. Салыстыру үшін айтатын болсақ, 2013 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылған бұл санаттағы адамдардың саны 20 адамнан сәл-ақ асты. Осы бағдарламаға қатысушы жастардың үлесі 1278 адам немесе 55,2 пайыз, әйелдердің саны 1572 адам немесе 67,9 пайыз құрады.

Үстіміздегі жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірінші хабарласқан кезінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілмей-ақ 520 адам жұмысқа орналастырылды.

Жоспарланған 131 инвестициялық жобаның 101 жобасы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде, олардың ішінде 77 жоба бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл жобаларға 849 адам, оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол  картасы-2020» бағдарламасына қатысушы 494 адам (58,2 пайыз) жұмысқа орналастырылды.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарының бағыттары бойынша жұмысқа орналастыру үшін бағдарламаға қатысушыларға жұмыс орындарының 50 пайызынан кем емес орын беру жөніндегі Жол картасының шарттары барлық жергілікті атқарушы органдармен сақталуда. 

Мақсатты трансферттерді игеру 1468,3 млн. теңге, оның ішінде жергілікті бюджетті  игеру 152,4 млн. теңге немесе 62,1 пайызқұрады. Айта кететін болсақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» деген бірінші бағыты бойынша қаржыландыру көлемі 2232,1 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 1986,7 млн. теңге, жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыру 245,5 млн. теңге құрады. Мұнда 1034 жұмыс орындарын құру жоспарлануда, олардың 517 жұмыс орны бағдарламаға қатысушылар үшін ашылады.

Мал шаруашылығын дамыту, халыққа қызмет көрсету және мектепке дейінгі білім беру салаларында өз ісін ашу мен бизнесін кеңейтуге 259,4 млн. теңге сомаға 91 бағдарламаға қатысушыға шағын несиелер берілді. 101 бағдарламаға қатысушы тегін курстарда кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өткізілді.

– Жұмыссыздарды жаңа мамандықтарға даярлау қалай жүзеге асырылуда?

– Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша оқыту ұзақтығы 1 жыл мерзімді кәсіптік даярлау басталды. Мәселен, технологиялық колледждің базасында облысымызда тұңғыш рет «Жамал-ай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тапсырысы бойынша есту қабілеті төмен 8 мүгедекті сурдо-аудармашының көмегімен кәсіптік оқыту қолға алынды.

2014 жылы жоспар бойынша жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша ұзақтығы 1 жыл кәсіби оқытумен 100 адам, 6 айға дейінгі қайта даярлаумен 220 адам, 3 айға дейінгі біліктілігін арттырумен 100 адам қамтылады. Үстіміздегі жылы кәсіптік оқытуға 540,1 млн. теңге, қайта даярлауға 34,9 млн. теңге, біліктілігін көтеруге 8,1 млн. теңге бөлінді.

Облыс колледждерінде 330 адам кәсіби оқуын жалғастыруда, үстіміздегі жылы 630 адам кәсіптік оқуды аяқтады. Қазіргі уақытта осы оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға көмектесу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда жұмыс берушілер тапсырыстарының негізінде 395 адамды қысқа мерзімді курстарда оқыту ұйымдастырылды, олардың ішінде 273 адам кадрларды қайта даярлаудан, 122 адам біліктілігін арттырудан өткізілуде.

Биыл жылдық жоспар бойынша 355 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 200 оқу орнының түлегі жастар практикасына орналастырылуға тиіс. Жыл басынан бері 364 бағдарламаға қатысушы облысымыздың  113 кәсіпорны мен ұйымында, шағын және орта бизнес субъектісінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды және 128 кәсіпорын мен ұйым оқу орындарының 295 түлегіне жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын берді.

Үстіміздегі жылы Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында 2 сегіз пәтерлік және 8 екі пәтерлік тұрғын үйлер пайдаланылуға берілді, бұл үйлерге 90 адамы бар 27 отбасы орналастырылды, балалар үйі жетімдері мен түлектерінің 17 отбасы, оралмандардың 8 отбасы және экономикалық әлеуеті төмен ауылдардың 2 отбасы бар.

Ауданның жұмыспен қамту орталығымен 28 адам жұмысқа орналастырылды, 1 адам кәсіби даярлауға жіберілді.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен еңбек нарығындағы шиеленісті төмен дету мақсатында облыс әкімдігімен қосымша шаралар қабылдануда. Жастарды жұмыспен қамту, оның ішінде алдын ала оқытуды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған шаралар алынды, Жаңаөзен қаласында, Қарақия ауданының Жетібай мен Мұнайшы селоларында және Ақтау қаласының кәсіпорындарында кәсіби оқыту мен қосымша кәсіптік білім алуға, жастарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік жасалды.

Тамыз айында Жаңаөзен қаласының жұмыссыз тұрғындарының ішінен 7 адам «Каспий Битум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, осы кәсіпорын іске кіріскеннен бері мұнайшылар қаласының жұмыссыз жастары арасынан 15 адам жұмысқа орналастырылды.

Жаңаөзен қаласында тұратын және тиісті кәсіптік даярлығы жоқ жұмыссыз жастар  «Кейін жұмысқа орналастыру жолымен оқыту» бағдарламасына тартылатын болады. Мәселен, Ақтау тренингтік орталығында 20 жұмыссыз оқытылуда, оларға жатақханадан орындар берілді және стипендиялар төленуде. Бұл оқуға жергілікті бюджеттен бөлінген шығындар 70 млн. теңгеден астам, 1 адамға шығын 300-380 мың теңге құрайды. 

Үстіміздегі жылдың 22 қыркүйегінен бастап 25 адамнан құралған тағы бір топ оқуға кірісті. Жыл аяғына дейін 60 адам оқумен қамтылатын болады, олар оқуын аяқтағаннан кейін жастар жатақханасы беріле отырылып, «АқтауОйлМАШ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмысқа орналастырылады. Сондай-ақ жыл аяғына дейін 75 адамды Ақтау қаласының кәсіпорындарына орналастыру жоспарлануда.

Білікті кадрларға қажеттілікке байланысты  Қашаған жобасының 2 фазасындағы бұрғылау мен барлау бағдарламасының шеңберінде Маңғыстау облысының жастарын кейіннен жұмысқа орналастыру үшін кәсіби оқытуды ұйымдастыруға «Теңізшевройл» компаниясымен қаржылар бөлу жөнінде келісім бар. Осыған орай 2014 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде қайта даярлау бағдарламасын қосымша қаржыландыру жөнінде шаралар қабылданды, бұл біздің тапсырысқа Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен 260 млн. теңге көлемінде қолдау білдірілді.

Жетібай мен Мұнайшы селоларының жұмыссыз жастары ішінен тағы бір топ «Ерсай КК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін оқу орталығының базасында оқу бағдарламасы бойынша оқуға кірісті.

Облыс әкімдігімен жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау жөніндегі шараларды қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 48 млн. теңге, 160 орынға арналған жастар жатақханасының ғимаратын сатып алуға 450 млн. теңге бөлінді.

Аймақта іске асырылып жатқан жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 10 пайызын квоталау, ашылып жатқан жаңа өндірістер үшін кадрларды даярлау жөніндегі шараларды әкімдікпен қосымша қаржыландыру, кәсіптік-техникалық білім беру оқу орындарын жаңғырту, оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу орталығын құру жөнінде бастамашылармен келісімге қол жеткізілді.

Бұл іс-шаралар еңбек нарығындағы шиеленісті төмендетуге мүмкіндік беріп, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге кең жол ашады.

– Жұмыссыздық деңгейі қандай дәрежеге дейін төмендеді?

– Біздің облысымызда 596,8 мың халық бар. Өткен жылмен салыстырғанда, халықтың өсу көрсеткіші 103,5 пайыз құрады.  Аймағымызда жұмыс істейтін адамдардың қатары жылдан-жылға артып келеді. Қазір еңбек ететін халықтың саны 266,3 мың адамды құрайды, бір жылдың ішінде жұмыс істейтін адамдардың саны 7,3 мың адамға ұлғайды. Олардың ішінде тұрақты жалақы алатын 247,1 мың жалдамалы қызметкер (92,8 пайыз) бар, жалдамалы қызметкерлердің өсу көлемі 102,3 пайызға тең. 19,3 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отыр, олардың үлесі экономикалық белсенді халықтың 6,9 пайызын, жұмыспен қамтылған халықтың 7,2 пайызын (Қазақстан Республикасында – 29,9 пайыз) құрайды.

Бүгінгі таңда облысымызда жұмыссыз халықтың саны – 14,8 мың адам, өткен жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіштің 0,4 мың адамға төмендегені байқалады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайыз (2013 жылы – 5,5 пайыз) құрайды. Жұмыссыздық көрсеткіштеріне көз салсақ, олардың бірте-бірте азайып келе жатқанын көреміз. Бұл жақсы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын таба береді деп сенемін.

– Әңгімеңізге рахмет!

Ақпарат көзі: "Маңғыстау" газеті. Әбдіғалым СӘРКЕНОВ.


 
Также в этом разделе:
  • Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде
  • Қоғамдық тыңдаулар туралы
  • Маңызды мәселелерді талқылайды
  • Макалалар
  • Жергілікті мазмұн назарында
  • Ортақ күтім
  • Атқарылған жұмыс жайлы есеп
  • Әлеуметтік тұрақтылық компаниялар
  • ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУҒА қатысты
  • Жүйені жаңғырту – уақыт талабынан туындаған қажеттіліқ
  • Тұрғындарға түсінік берді
  • ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – ҚҰРЫЛЫСТАР...
  • Жетістіктер мен олқылықтар және серпін беретін салалар...
  • Өткен аптада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Саламат Аманбаев пен комитеттің бас сарапшысы Марат Тоқсамбаев өңірімізде болды.
  • ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 5,3 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАП ОТЫР...
  • Маңғыстау облысы әкімдігінің қыркүйекте 16 мемлекеттік қызметтердің облысы мен менеджерлердің әкімінің орынбасары қатысуымен апта сайын брифинг өткізді
  • Оралмандар жайлы брифинг
  • Оралмандар
  • Міндеттер тұрғысында
  • Жұмыссыз
  • Оралмандар комиссиясы
  • Оралмандардың орталығы
  • Шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы
  • Елге көші-қон тоқтатылмайды
  • Оралмандарға арналған « Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020»
  • Жастарды жұмыспен қамту
  • Мұнайлы ауданына сапармен бару
  • Жастарды жұмыспен қамту қолдау орталығының ашылуы
  • Жұмыспен қамту туралы брифинг
  • Бағдарламаның уақытында жетуі
  • Маңғыстаулықтар Елбасының Жолдауын қолдайды
  • Енжарлықтан түсіністікке бастар жол
  • Күн тәртібінде - жұмыссыздық
  • Колледждер мен университеттер Маңғыстау түлектерінің жұмыспен қамту мәселелері Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысында талқыланды
  • Жастар кеңесі
  • Бос орындар жәрмеңкесі
  • Жетібай а. тұрғындарының митингі
  • Митинг
  • Маңғыстау мүмкіндігі шектеулі балалар санын өсіп келеді
  • Ардагерлерге көмек берілді
  • Қазақстанда 9 мамырға Ұлы Отан соғысының ардагерлері түрлі төлеу алады
  • Маңғыстау облысы ең ірі орташа айлық жалақы көшбасшы болды
  • Сенаторлар Маңғыстау мемлекеттік бағдарламаларды іске асырлыумен танысты
  • Ақтауда 50 жылда жұмыспен қамту мәселесін талқылады
  • Мамандықтар
  • Екі мейрамды мерекелеу
  • Мұнайлы ауданында жаңа балабақша ашылды
  • Ираннан қоныс аударғандар Маңғыстау облысы әкімдігінен оралман мәртебесін талап етті
  • Маңғыстау 229 тұрғындары жыл басынан бері « Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы » бағдарламасына қатысты
  • Ақтауда , оралмандар орталығынан 35 отбасы аштық ұйымдастыруға уәде берд
  • 1778 маңғыстаулықтар « Жұмыспен қамту жол картасы - 2020 » бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты
  • Кедергісіз қоғамға қарай
  • Жұмыс іздеп немесе мен Мен ешқайда бармаймын, ештеме үйренбеймін !
  • Әлеуметтік маңызы 16 нысандарда мүгедектерге арналған пандустар мен қол жеткізу басқа да құралдар орнатылады
  • Әр адамның жұмысына сәйкес
  • Мүмкіндігі шектеулі адамдарға : төлемдер мен инфрақұрылымды ұлғайту
  • Бірінші Инватакси
  • Маңғыстаудың Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңістің 70 жылдығына алады
  • « Қарттар күніне» қайырымдылық іс-шара
  • Адамның Еңбек даңқы !
  • Ақтауда Қарттар күніне орай мерекелік ісөшаралар өтеді
  • "Балалар денсаулығы » қорының директоры Елена Дедов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің конкурсына қатысты
  • Біз олар туралы ұмытуға қақымыз жоқ
  • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселесін шешу уақыты келді ме?
  • «Эко Маңғыстау» жастарды жұмыспен қамту жөніндегі жобаны іске асырып жатыр
  • Ақтауда Көру қабілеті нашарларға арналған олар жеке көмекшісі қамтамасыз етпейдігі жайлы шағымданды
  • Жастар жұмыспен қамту
  • Гүлмира Kaлмуратова : Маңғыстау « Жан Серпін » білім беру мен жастарды жұмыспен қамту бағдарламасын басталды
  • Гүлмира Kaлмуратова : Форт-Шевченко 27 отбасы жаңа қонысты болды
  • Маңғыстауда Тәуелсіздік күніне мүмкіндігі шектеулі бір жолғы әлеуметтік көмек алады
  • Барлығы сенің қолыңда…
  • Нәтижелері , жоспарлар мен мараппатар
  • Әлеуметтік қамтамасыз ету - әлеуметтік алға басу
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері ауруханаларда жекелеген бағу мен қымбат азық-түлік жетіспеушілігіне шағымданды
  • Ардагерлерді қолдау
  • 2014 жылы Маңғыстауда 47 ғимараттың 15 мүгедектер үшін бейімделген
  • Гүлмира Kaлмуратова : ардагерлер 9 мамырға 200-ге жуық мың теңге алады
  • Оқшауланудан теңдікке
  • Қуаныш - шектелмеген ...
  • Тағдырдан жұда болғандар- Мемлекеттің назарынан тыс қалған жоқ
  • Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта құру
  • Кедергісіз орта құру
  • Гүлмира Kaлмуратовa : балалар үйінің түлектері мұнай-газ саласында жұмыс істегісі келеді , бізде ешқандай бос орындар жоқ
  • Шолпан Ильмуханбетова : аудан әкімдері жұмыс берушілермен меморандумдарға қол қою мүдделі емес
  • Маңғыстауда Наурыз айында мүмкіндігі шектеулі 14 мыңнан астам адамға бір реттік әлеуметтік көмек беріледі
  • Маңғыстаудың екі ардагерлері Қызыл Алаңда өтетін Жеңіске арналған шеруіне қатысады
  • Қарашаш Нурмамедов : Маңғыстау облысында барлық ардагерлері тұрғын үймен қамтамасыз
  • "Дабыл" түймешігі 60 Маңғыстау ардагерлерін қамтамасыз ету
  • Маңғыстау облысында жыл басынан бері астам 2,7 мың адамды жұмыспен қамтылды
  • ҰОС қатысушылардың отбасыларының кәбір бағытына бару бойынша Маңғыстау әкімдіг 3 миллионнан астам теңге бөлінеді
  • Маңғыстауда 9 мамыр мерекесі қарсанында соғыс ардагерлері 198 мың теңгеге ие болады
  • Маңғыстауда 9 мамыр 12 ардагерлерін үйлерін жөндеу жасауға уәде берілді
  • Гүлмира Kaлмуратовa : Астанада Жеңіс шеруіне Маңғыстаудан 12 ардагерлері барады
  • Индира Құрман : 2015 жылдың екі айы ішінде Маңғыстау жұмыс 3035 адамды қамтамасыз
  • Маңғыстау облысында жыл басынан бері 3802 жұмыссыздар жұмыспен қамтылды
  • Базаргүл Жылқыбаева : Маңғыстау облысында 400 жұмыс орындарын құру үшін 128 млн теңге бөлінген
  • Маңғыстау облысында 5431 адам жыл басынан бері жұмыспен қамтылды
  • Мүгедектер мен көзі нашар көретін есту бойынша құқықтық көмек
  • Шетелдің қатысуымен компанияларда
  • Жұмыссыз азаматтарға жәрдемақы
  • Мүгедектікті анықтайтын қызмет
  • Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау
  • Маңғыстау облыстық оңалту орталығының құрылыс жағдайы сапасыз санитарлық жағдайда
  • Маңғыстау облысындағы оралмандардың көші-қоны туралы
  • Ақпараттық ресурстар
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы
    Пайдалы