Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2012 жылы іске асырылуы және 2013 жылға арналған міндеттер туралы

09.02.2016

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2012 жылы

іске асырылуы және 2013 жылға арналған міндеттер туралы

2012  жылы жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға ықпал ету жөніндегі өтінішпен 16372 адам, оның ішінде Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысуға 1591 адам хабарласты. 1707 әлеуметтік келісімшартқа қол қойылды, оның ішінде:

- өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 17,8%;

- жұмыссыздардың үлесі – 81%;

- аз қамтылғандардың үлесі – 1,2%.

Бағдарлама қатысушылары ішіндегі жастардың үлесі - 66,7% (1139 адам), әйелдер - 58,3% (995 адам).

Бағдарламаның бірінші бағыты аясындажұмыссыздар,өз бетінше жұмыспен қамтылғандар мен аз қамтылғандарды кәсіптік оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру шараларымен 2303 адам қамтылды. 

Бүгінгі таңда оқытуды аяқтаған 1034 адамның 524-і жұмысқа орналастырылды. Объективті себептер бойынша 65 адамды жұмысқа орналастыру мүмкін болмай отыр (оның ішінде, 12 адам әскер қатарына шақыртылған, 2 адам басқа облысқа көшкен, 1 адам қайтыс болған, 2 әйел - бала күтіміне байланысты). 

Ағымдағы бос орындарға 327 адам жұмысқа орналастырылды.

Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына 850 адам жұмысқа орналастырылды (ӘЖО – 343, ЖП - 507). Өткен жылы бұл көрсеткіш тек 410 адам ғана құрады. 

Осылайша есептік кезеңде жоғарыда аталған жұмыс орындарын құрушы Бағдарлама қатысушыларының саны 4 есеге дейін артты (94-тен 261-ге дейін).

Екінші бағыт бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 200 адам оқытылды және 224 адамға микрокредит берілді. Микрокредиттің орташа мөлшері - 2,0 млн. теңге.  

Аталған бағыттағы проблемалардың бірі кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріндегі теңгерімсіздік болып табылады. Мәселен,  микрокредиттер мал шаруашылығын дамытуға ғана беріледі де,  мал өнімін одан әрі өңдеу және өткізу жөніндегі мәселелер қарастырылмайды.

Соған байланысты осы мақсатқа бөлінген қаржының тиімділігін арттыру мақсатында әрбір ауданның деңгейінде кәсіпкерлікті дамыту картасы жасақталады.  

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша Форт-Шевченко қаласында 8 пәтерлік 2 тұрғын үйдің және 2 пәтерлік 7 тұрғын үйдің құрылысы жалғастырылуда.

Бағдарламаға қатысуға және Форт-Шевченко қаласына көшуге  7 отбасы (отбасы мүшелерінің барлық саны 23 адам) ниет білдірді.

2014 жылдан бастап Бағдарлама аясында тұрғын үй, оның ішінде жастарға арналған жатақхана құрылысын қаржыландыру қаралды, сонымен қатар Бағдарлама қатысушыларын тұрақты жұмыспен қамту жөнінде шарт жасаса отырып, жұмыс берушілердің аталған құрылыс жұмыстарын қоса қаржыландыруы (10 %-дан кем емес) қамтамасыз етіледі. 

Төртінші бағыт бойынша іс-шаралар ауылдық елді мекендерде халықты жұмыспен қамтуға бағытталды. 

Ауылдардағы әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын күрделі жөндеуден өткізу және ауылдарды абаттандыру бойынша 15 жоба іске асырылды. 165 адам уақытша жұмыспен қамтылды, оның ішінде 109 адам - Бағдарлама қатысушылары.

Облыста тұрғындар арасында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Ай сайын бос орындар жәрмеңкелері өткізіледі. Өткен жылы барлығы 35 жәрмеңке ұйымдастырылды. Жұмыс берушілер 2530 бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңке жұмыстарына барлығы 4590 адам қатысты, оның ішінде әйелдердің саны - 2505. Нәтижесінде 742 адам жұмысқа орналастырылды, 3612 адам жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларымен қамтылды.

2012 жылдың 22 қарашасында облыстық басқарманың ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі және Бағдарламаның екінші бағыты қатысушылары тауарларының жәрмеңкесі өткізілді.

Облыс телеарналарында, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында Бағдарламаға қатысудың арқасында мақсатқа қол жеткізген азаматтар туралы арнайы сюжеттер көрсетілді, сондай-ақ «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Литер», «Маңғыстау», «Огни Мангистау», «Лада», «Ақтау-Ақпарат», «Жаңаөзен», «Мұнайлы», «Қарақия», «Рауан», т.б. республикалық және жергілікті басылымдарда материалдар жариялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz