Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2012 жылдың қызметі туралы есебі

09.02.2016

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 

2012 жылдың қызметі туралы есебі

Статистика басқармасының мәліметі бойынша 2012 жылдың 3 тоқсанында облыс бойынша экономикалық белсенді халықтың саны 271,9 мың адамды (122,7 %) құраса, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 256,5 мың адамды (122,8%), жалдамалы қызметкерлер 237,5 мың адамды (127,3%), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 19,1 мың адамды (86,0% немесе 22,2 мың адам), сондай-ақ еңбек рыногындағы жұмыссыздар саны 15,8 мың адамды (13,2 мың адам) құрап отыр.

Жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша - 5,6%, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі - 3,7% (бұл көрсеткіш 2009 жылы 5,8%-ды құрады).

Жыл басынан облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан 22190 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 358 жұмыс орнына артық.

Қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту мақсатында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының көрсеткіштерін қоса есептегенде 1651 әлеуметтік жұмыс орнын, жастар практикасы аясында 844 жұмыс орнын құрды.

2013 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыру жөніндегі өтінішпен 16372 адам хабарласты, 9750 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды.

2932 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды,   483 жұмыссыз кадрларды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілді, 1299 адам Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушылары құрамына енгізілді.

2013 жылдың 1 қантардағы есепте тұрған жұмыссыздардың саны 1645 адамды құрады, оның ішінде 16-29 жас аралығындағы жастардың саны - 729 адам.

2012 жылдың І жартыжылдығында қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралардың жоспарланған көрсеткіштерін орындауды қамтамасыз етті, соның нәтижесінде еңбек рыногындағы жұмыссыздық деңгейі 2009 жылғы 7,1%-дан ағымдағы жылғы І жартыжылдықта 5,6 %-ға дейін төмендеді.

Облыс дамуының оң серпіні халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.

Бүгінгі таңда атаулы әлеуметтік көмек халықтың осал санаттағы топтары арасында кедейшілік мәселесін жоюдың тиімді тетіктерінің бірі болып табылады. 

Атаулы әлеуметтік көмекпен жан басына шаққандағы табысы кедейшілік шегінен төмен аса мұқтаж халық қамтылып отыр.

 

Бұлар, бірінші кезекте, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар, ауылдық жерлерде тұратын көп балалы отбасылар.

2012 жылғы  7890 аз қамтылған азаматқа 181,5 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

18 жасқа дейінгі 4789 балаға 44,9 млн. теңге мемлекеттік балалар жәрдемақысы төленді, 9168 азамат тұрғын үй көмегімен қамтылды, 158,8 млн.теңге.

Барлық әлеуметтік төлемдер толық әрі мерзімінде жүзеге асырылды. Әлеуметтік төлемдер бойынша берешектер жоқ.

Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары, кәсіпкерлері тарапынан халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетілуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысына сәйкес облыста мүгедектерді әлеуметтік, медициналық және кәсіби оңалту жөніндегі шаралар іске асырылуда.

Ағымдағы жылдың  1105 мүгедек гигиеналық құралдармен, 258 мүгедек протездік-ортопедиялық құралдармен, 229  мүгедек арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтылды, 43 мүгедекке ымдау тілі мамандарының, І топтағы 89 мүгедекке жеке көмекшілердің қызметі көрсетілді, 408 мүгедекке, 410 мүгедек балаға санаторлық-курорттық сауықтыруға жолдама берілді.

4 медициналық-әлеуметтік мекемеде: «Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі», «Психоневрологиялық интернат-үйі» мемлекеттік мекемесі, «Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат-үйі», «Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығы» мемлекеттік мекемелерінде 701 адам арнайы әлеуметтік көмектермен қамтылған.

Мерекелік және атаулы даталар қарсаңында халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын 27486 азаматқа 163,3 млн. теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төленді.


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz