Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясын өткізудің тұжырымдамасы

10.02.2016

1. Ұйымдастырушылар:

·  «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмесі, Инновация комитеті және «Жас Отан» ЖҚ;

·  «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелері;

·  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;

·  «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының аймақтық филиалдары.

2. Мақсаты:

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын» және «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалды-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруды қамтамасыз етуші мемлекеттік органдарға халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын түсіндіріп, оған жастарды, жұмыссыздар мен аз қамсыздандырылғандарды, өздігінен жұмыс істейтін тұлғаларды тарту жөніндегі бірлестіктегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін келісім алаңын ұсыну.

3. Міндеттері:

·  «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы», «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалды-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру туралы, сондай-ақ Қазақстанды дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясында ел Президенті белгілеген міндеттерге сәйкес Бағдарламаға енгізілген өзгертулер туралы акция қатысушыларын кеңінен ақпараттандыру;

·  Осы бағдарламаларды жүзеге асыру барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жолдарын іздеу;

·  Акция барысында келіп түскен өтініштерге талдау және мониторинг жасау.

4. Мазмұны:

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты»  Жолдауында тұтастай даму кешенінің бірінші бағыты етіп  қазақстандықтарды жұмыспен қамтуды белгіледі. Бұл – тиімді оқыту жүйесін құру және жұмысқа орналастыруға көмек көрсету, ауылда  кәсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарының жинақылығын арттыру, еліміздің белсенді экономикалық орталықтарында  жұмысқа орналасу басымдылығы.

Жалпы, бұл бағдарлама  халықтың еңбек белсенділігін арттыруды, нақты экономика секторына жұмысқа орналастыруға ықпал жасауды қарастырады.

Ел азаматтарының өмір сүру жағдайын жақсарту және деңгейін көтеруді әлеуметтік тұрақтылықты және азаматтарды қорғауды нығайтуды көздейтін әлеуметтік саясаттың көптеген мәселелері «Нұр Отан» ХДП-ның сайлауалды тұғырнамасында – «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспарында» да қарастырылған. Онда елімізді индустриалды-инновациялық дамыту ісіне халықтың белсенді қатысуы қарастырылған. Сайлауалды тұғырнамадағы «Қолжетімді еңбек және лайықты жалақы» бөліміне сәйкес партия болашақта да «Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасын» жүзеге асыруды қамтамасыз етуге ниет білдіреді.

«Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасы», бірінші кезекте, азаматтардың мәселелерін шешуге бағытталғанын ескере отырып, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы ағымдағы жылдың 03 қазанда  аймақтық филиалдардың Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Мұндай  тақырыптық акцияны  өткізудің өзектілігі – «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы азаматтарға «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын іске асырушы операторлар болып табылатын мемлекеттік органдармен тікелей жүздесуге мүмкіндік туғызуында.

5. Сценарийі:

·  «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының аймақтық филиалдарының Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде мемлекеттік органдар өкілдерінің және партия басшылығының қатысуымен азаматтарды көшпелі қабылдауды ұйымдастырып, өткізу.

·  «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының аймақтық филиалдарының Қоғамдық қабылдау бөлмелерін «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы туралы ақпараттарды мазмұндай отырып, безендіру.

·  Акцияға жұмыс берушілерді шақыру, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру.

·  Аталмыш іс-шараның өткізілуі туралы БАҚ-та хабарлап, партия сайтында, жүгіртпе жолдарда анонс беру жұмысын ұйымдастыру.

·  Аймақтық партия филиалдарындағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің  акцияны ұйымдастырып, өткізуін Партия орталық аппаратындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің үйлестіруі.

·  «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін» өткізудің нәтижесі бойынша  ақпарат дайындау.

6. Қатысушылар:

·   Аталған бағдарламаларды жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың өкілдері.

·   «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшылары мен өкілдері.

·   «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының аймақтық филиалдарының басшылары.

·   Облыс әкімдерінің орынбасарлары мен «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы және «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалды-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мәселелеріне жетекшілік жасаушы облыстық басқармалардың басшылары.

·   Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, орта және шағын бизнестің аймақтық қауымдастықтарының,  шағын несие ұйымдарының өкілдері.

7. Медиа-сүйемелдеу:

·   «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының басшылары мен өкілдерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің және жергілікті атқарушы органдар басшыларының сөйлеген  сөздері мен сұхбат берулері.

Республикалық деңгейдегі БАҚ:

Баспа: «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Страна и мир», «Дала мен қала», «Айқын», «Литер» және т.б.

Телеарналар: «Хабар», «Казахстан», «СТВ», «Астана» және т.б.

Аймақтар:

республикалық және жергілікті БАҚ

8. Өту күні мен уақыты: 2013 жылғы 03 қазан , 10.00 - 18.00 сағ.

9. Өту орны«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы аймақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелері


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz