Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы

15.07.2016

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ  «Б» корпусының бос мемлекеттік  әкімшілік  лауазымдарына орналасуға  жалпы конкурс туралы хабарландыруы

Барлық конкурс қатысушыларына арналған жалпы біліктілік талаптары:

D-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;


Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
  1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жарым жылдан кем емес;
  4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5) ғылыми дәрежесінің болуы.

    D-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Д-О-4

83282

112430

Д-О-5

74954

101604

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі  130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 24 ш/а, 7 ғимарат, № 410 бөлме   Анықтама телефондары:  8(7292) 60-52-57,  факс: 60-52-59  (эл.пошта:  t.syrlybaeva@mangystau.gov.kz)  «Б»  корпусының бос мемлекеттік  әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің жоғары тұрған органдардан түскен құжаттардың, тапсырмалардың орындалысын бақылау жөніндегі бас маманы (бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына уақытша),  Д-О-4 санаты - 1 бірлік.

Фунционалдық міндеттері:Басқармаға жоғары тұрған органдардан түскен өкімдік құжаттардың, тапсырмалардың сапалы және уақтылы орындалуын бақылау. Бақылауға алынатын құжаттармен электрондық құжатайналымның бірыңғай жүйесінде жұмыс жасау, тіркеу, есепке алу, бақылаудан алу, жүйеге енгізілген мәліметтер негізінде есептіліктер қалыптастыру. Құжаттардың орындалу барысын тиісті мерзімдерде тексеру және олар бойынша әзірленген жауаптардың мерзімінде жолдануын қадағалау. Құжаттардың, тапсырмалардың орындалысы туралы берілетін мәліметті әзірлеу және оны жоғары тұрған органдарға уақтылы жолдауды қамтамасыз ету. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары :

Жоғары білім - Білім (бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология,  информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, кәсіптік оқыту, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану). Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, филология). Құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (психология, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика). Жаратылыстану ғылымдары (информатика, экология). Техникалық ғылымдар және  технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамсыз ету, мұнай-газ ісі, көлік, көліктік техника және технологиялар, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, құрылыс, қоршаған ортаны құрғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі). Қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс).

2. Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің ұйымдастыру мәселелері және ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі бас маманы (бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына уақытша),  Д-О-4 санаты – 1 бірлік. 

  Фунционалдық міндеттері: Басқарманың құрылымдық бөлімдерімен, басқармаға қарасты медициналық-әлеуметтік мекемелермен, аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жұртшылықпен негізгі қызмет жөніндегі байланысты қамтамасыз ету,  олар бойынша  ақпараттар, мәліметтер берілуін  ұйымдастыру. Басқарманың қызметі туралы әзірленген ақпараттардың ресми сайтқа тапсырылуын қамтамасыз ету. Басқарма тарапынан өткізілетін  іс-шараларды ұйымдастыруды  және өткізуді қамтамасыз ету. 

  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:  

  Жоғары білім -  Білім (бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология,  информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, кәсіптік оқыту, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану). Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, филология). Құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (психология, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика). Жаратылыстану ғылымдары (информатика, экология). Техникалық ғылымдар және  технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамсыз ету, мұнай-газ ісі, көлік, көліктік техника және технологиялар, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, құрылыс, қоршаған ортаны құрғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі). Қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс).

3. Әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру және мүгедектерді оңалту бөлімінің әлеуметтік төлемдерді мониторингілеу жөніндегі бас маманы (бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына уақытша), Д-О-4 санаты – 1 бірлік. 

  Функционалдық міндеттері:Әлеуметтік төлемдердің тағайындалуы және төленуі жөніндегі қызметтерді үйлестіру, мониторингілеу, есептіліктерді қалыптастыру және талдау.

Әлеуметтік осал топтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларын мониторингілеу, есептіліктерді қалыптастыру.

Семей ядролық сынақ полигоны салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу жұмысын ұйымдастыру.

Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін, оларға теңестірілгендерді, тыл ардагерлерін, дербес зейнеткерлер мен мүгедектерді санаторлық-курорттық қамтамасыз ету қызметін  ұйымдастыру. Бөлімге келіп түскен хаттармен және өтініштермен жұмыс жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары :

Жоғары білім -  Білім (бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология,  информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, кәсіптік оқыту, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану). Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, филология). Құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (психология, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика). Жаратылыстану ғылымдары (информатика, экология). Техникалық ғылымдар және  технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамсыз ету, мұнай-газ ісі, көлік, көліктік техника және технологиялар, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, құрылыс, қоршаған ортаны құрғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі). Қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс).

4. Әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру және мүгедектерді оңалту бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуды мониторингілеу жөніндегі бас маманы (бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына уақытша),  Д-О-4 санаты – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынуды, азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдауды мониторингілеу және статистикалық есептіліктерді қалыптастыру.

Медициналық - әлеуметтік мекемелердің қызметтерін үйлестіру. Мұқтаж азаматтарды қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйіне, психоневрологиялық интернат-үйіне, облыстық балалар психоневрологиялық интернат-үйіне, мүгедектерді оңалту орталығына орналастыру үшін қажетті құжаттарды ресімдеу.  Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында өңірге қажет мамандықтар бойынша білім алушы студенттерге оқу ақысы үшін төленетін әлеуметтік төлемдердің есептілігін қалыптастыру. Бөлімге келіп түскен хаттармен және өтініштермен жұмыс жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары :

Жоғары білім -  Білім (бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология,  информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, кәсіптік оқыту, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану). Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, филология). Құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (психология, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика). Жаратылыстану ғылымдары (информатика, экология). Техникалық ғылымдар және  технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамсыз ету, мұнай-газ ісі, көлік, көліктік техника және технологиялар, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, құрылыс, қоршаған ортаны құрғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі). Қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс).

5. Әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру және мүгедектерді оңалту бөлімінің   «Әлеуметтік көмек», «МОДҚ»,  «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйелерімен  жұмыс жөніндегі бас  маманы (бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына уақытша), Д-О-4 санаты –  1 бірлік. 

Функционалдық міндеттері: «Әлеуметтік көмек: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, он сегіз жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, тұрғын үй көмегі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жұмысын жүргізу, статистикалық  есептіліктерді қалыптастыру, мерзімінде жоғары тұрған органдарға ұсыну.  «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жұмысын жүргізу,  есептіліктерді жоғары тұрған органдарға ұсыну. «Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қоры» жүйесінің жұмысын жүргізу. «МОДҚ» бағдарламасына мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларының орындалысын енгізу.  Бөлімге келіп түскен хаттармен және өтініштермен жұмыс жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары :

Жоғары білім - Білім (бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология,  информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, кәсіптік оқыту, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану). Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, филология). Құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (психология, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика). Жаратылыстану ғылымдары (информатика, экология). Техникалық ғылымдар және  технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамсыз ету, мұнай-газ ісі, көлік, көліктік техника және технологиялар, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, құрылыс, қоршаған ортаны құрғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі). Қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс).

  6. Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімнің шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі құжаттарды қарау және ерекше шарттардың орындалысын мониторингілеу жөніндегі бас маманы (бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына уақытша),  Д-О-4 санаты – 1 бірлік. 

  Функционалдық міндеттері: Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін тапсырған құжаттарын қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру. Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың мерзімін ұзарту үшін тапсырған құжаттарын қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру. Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттарды қайта ресімдеу үшін тапсырған тапсырған құжаттарын қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру. Ерекше шарттардың орындалуын мониторингілеу бойынша жұмыстарды атқару. Қазақстан Республикасына әкелінген шетелдік жұмыс күші жөніндегі айлық есепті әзірлеу. Берілген рұқсаттардың негізінде тартылатын шетелдік жұмыс күші жөніндегі мәліметті әзірлеу және оны тиісті мемлекеттік органдарға ұсыну. Кепілдік жарнаны қайтаруға рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру. 

  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:  

  Жоғары білім -  Білім (бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология,  информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, кәсіптік оқыту, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану). Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, филология). Құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (психология, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика). Жаратылыстану ғылымдары (информатика, экология). Техникалық ғылымдар және  технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамсыз ету, мұнай-газ ісі, көлік, көліктік техника және технологиялар, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, құрылыс, қоршаған ортаны құрғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі). Қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс).

7. Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімнің оралмандар көші-қонына мониторинг жүргізу және есептілікті қалыптастыру жөніндегі бас маманы,  Д-О-4 санаты-1 бірлік.

  Фунционалдық міндеттері: Оралмандар көші-қонына мониторинг жүргізу. Шетелдерден келген оралмандардың саны жөніндегі тоқсан сайынғы есептілікті және оралмандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі жалпы мәліметтерді әзірлеу және тиісті органдарға ұсыну. Оралман мәртебесін беру және бас тарту жөніндегі басқарма бұйрықтарының жобасын әзірлеу. Жоғары тұрған органдардың актілері мен тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қолданыстағы  заңнама талаптарына сәйкес тиісті мерзімде орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары :

Жоғары білім - Білім (бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология,  информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, кәсіптік оқыту, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану). Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, филология). Құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (психология, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика). Жаратылыстану ғылымдары (информатика, экология). Техникалық ғылымдар және  технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамсыз ету, мұнай-газ ісі, көлік, көліктік техника және технологиялар, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, құрылыс, қоршаған ортаны құрғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі). Қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс).

8. Экономика және мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру бөлімінің бюджеттік жоспарлау жөніндегі бас маманы, Д-О-4 санаты -  1 бірлік.

  Фунционалдық міндеттері:Шығындар бойынша бюджеттің орындалуын сипаттайтын анықтамалар, кестелер және басқа да есептік мәліметтерді дайындау. Басқарма басшысының бекітуіне есептеулер мен шығындар сметасын  жасау және мерзімінде құзырлы мекемелерге жеткізу. «Парус» бағдарламасының жұмысын үйлестіру, бюджеттік бағдарламалардың тапсырыстарын және бюджеттік бағдарламалардың жоспарын  жасақтау,  айлық  мониторинг есебін дайындау және жоғары  тұрған органдарға ұсыну. Республикалық  бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттерді аудан, қала бюджеттеріне бөлу және олардың орындалысын қадағалау. Басқармаға бағынысты мемлекеттік мекемелердің бюджеттік тапсырыстары мен  есептерін  жинақтау  және жоғары  тұрған  органдарға ұсыну. Бөлімге келіп түскен хаттармен және өтініштермен жұмыс жасау.

  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары :

  Жоғары білім - Құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы).

  9. Көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімнің оралман мәртебесін беру үшін өтініштер мен құжаттарды қарау, Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығының қызметін үйлестіру жөніндегі жетекші  маманы,  Д-О-5 санаты- 1 бірлік. 

  Фунционалдық міндеттері: Оралман мәртебесін беру үшін өтініштер мен құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарау. Оралман мәртебесін алғандарды Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығына орналастыруға жолдама беруді қамтамасыз ету. Жоғары тұрған органдардың актілері мен тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қолданыстағы  заңнама талаптарына сәйкес тиісті мерзімде орындау.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:  Жоғары білім - Білім (бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология,  информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, кәсіптік оқыту, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану). Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, филология). Құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (психология, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика). Жаратылыстану ғылымдары (информатика, экология). Техникалық ғылымдар және  технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамсыз ету, мұнай-газ ісі, көлік, көліктік техника және технологиялар, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, құрылыс, қоршаған ортаны құрғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі). Қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс).

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)  «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2)  3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларарының  3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3)  бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4)  еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)  құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)  конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру жәнге әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның  интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру сонғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күннің ішінде құжаттарын тапсыруы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «www.еgov.kz» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «www.еgov.kz» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды уйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражататары есебінен жүргізеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы  мен обьективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде  Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарлату  бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталағанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжататрдың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

    Шағым жасау тәртібі:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе аның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.   


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz