Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Кіру Тіркелу

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

09.01.2017

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын

жалпы біліктілік талаптары:

D-О-3 санаты үшін: жоғары білім;

    мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

  2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

  3) А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

  4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

   5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

     

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақысы:

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Д-О-3

109 932

148 242

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі  130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 24 ш/а, 7 ғимарат, № 309 бөлме.  Анықтама телефондары:  8(7292) 60-52-53, факс: 60-52-59  (эл.пошта:  t.syrlybaeva@mangystau.gov.kz)  «Б»  корпусының бос мемлекеттік  әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімнің басшысы - D-O-3  -  1 бірлік. 

Фунционалдық міндеттері:Бөлімге жалпы басшылық жасау. Бөлім қызметкерлерінің арасында қызметтік міндеттерді бөлу, олардың лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орындауын қадағалау. Бөлімнің жұмысын жоспарлау және оның орындалысын қадағалау. Бөлімнің қызметіне қатысты өкімдік құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, рұқсат мерзімін ұзарту, рұқсатты қайта ресімдеу, рұқсатты тоқтату және қайтарып алу, кепілдік жарнаны қайтарып алу үшін ұсынылған құжаттардың бөлім қызметкерлерімен заңнама талаптарына сәйкестігін тексерілуін қадағалау. Статистикалық есептіліктерді, мәліметтер мен ақпараттардың сапалы әзірленуін  және  белгіленген мерзімдерде тиісті органдарға ұсынылуын қадағалау. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырыстарын ұйымдастыру. Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттың ерекше шарттарының жұмыс берушілер тарапынан орындалуын талдау және  мониторингісін жүргізуді қадағалау. «Әлеуметтік еңбек аясының біртұтас ақпараттық жүйесімен» жұмыс жасауды қадағалау. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөнінде хабарласқан жұмыс  берушілерге әдістемелік көмек көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары :

Жоғары білім: Білім (бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология,  информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, кәсіптік оқыту, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану). Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, филология). Құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (психология, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау). Жаратылыстану ғылымдары (информатика, экология). Техникалық ғылымдар және  технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамсыз ету, мұнай-газ ісі, көлік, көліктік техника және технологиялар, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, құрылыс, қоршаған ортаны құрғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі). Қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.Уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;

2.Тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру жәнге әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру сонғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдерген азаматтар құжаттарын  қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «е-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «E-gov»  электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды уйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын  (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру,байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздеріініің жеке қаражататары есебінен жүргізеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы  мен обьективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде  Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарлату  бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталағанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

  Шағым жасау тәртібі

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе аның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады. 


 
Ақпараттық ресурстар
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы
Пайдалы