Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 386 «Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 1 «Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» қаулысында:
12-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2005 жылғы 21 ақпандағы № 66 «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» қаулысында:
«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Психоневрологиялық интернат-үй» мемлекеттік мекемесінің атауы «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын;
1-қосымшасы осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарттар мен мүгедегтерге арналған интернат-үйі» мемлекеттік мекемесінің атауы «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын;
2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2009 жылғы 29 мамырдағы № 2055 «Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат-үйі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысында:
«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат-үйі» мемлекеттік мекемесінің атауы «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын;
қосымшасы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 427 «Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысында:
«Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесінің атауы «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы (оңалту орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын;
қосымшасы осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 352 «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығының кейбір мәселелері туралы» қаулысында:
«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Әлеуметтік жатақханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын;
қосымшасы осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (Г.М. Қалмұратова) заңнамамен белгіленген тәртіппен:
Ережеге және Жарғыларға енгізілген өзгерістерді Маңғыстау облысының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Маңғыстау облысының қаржы басқармасы (М.Б. Әлібекова) облыстың коммуналдық меншік объектілерінің Тізіліміне тиісті өзгерістер енгізсін.
4.Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.
Облыс әкімі А. Айдарбаев