Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Кәсіпкер болғысы келгендердің саны 50 адаммен толықты

16.11.2017

Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тамыз айында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында мамандар даярлауды қолға алған болатын. Жұмыссыздар тізіміне тұрған тұрғындар мен әлеуметтік сала қызметкерлері бір ай уақыттың ішінде «Training academy» оқыту орталығынан дәріс алып, білімдерін жетілдірді.

Өткен сейсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Шолпан Илмұханбетова Ақтау қаласы және Мұнайлы, Түпқараған аудандарынан оқыған 50 маманды құттықтап, сертификат табыстады. Мемлекеттің әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асқан жобаның жемісін көрген мамандар нәтижелі жұмыс жүргізетініне сенімділік білдірді.

– Қазіргі таңда әлеуметтік қызметкерлердің қызметі қоғамда сұранысқа ие болып отыр. Даярлықтан өткен мамандар кез келген нысаналы топтармен жұмыс жасауды, оларға жан-жақты көмек көрсетуді, қолдауды үйреніп, әлеуметтік саланың қыр-сырын меңгерді. Тегін оқу кезінде шетелде оқыған магистр дәрежесіндегі, біліктілігі жоғары мамандар, әлеуметтік бизнесте танымал кәсіпкерлер дәріс оқыды. Жоба қатысушылары тәжірибе мен теорияны қатар меңгеріп, түрлі жаттығуылар мен сынақтардан өтті. Мамандар келешекте біздің басқарманың жұмысын атқарумен қатар өзінің әлеуметтік жобаларын да жүзеге асыра алады, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлмира Қалмұратова.
Оның айтуынша бұл жоба басқа да аудандарды қамтып, жылдың аяғына дейін жалғасын табады.

Тағы оқыңыздар: Расул АБДУЛЛАЕВ: Ақтаулықтар тік мінезді екен

–Мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыздар есебіне тіркелер уақытта мамандар маған осы оқуды ұсынды. Алған білімім орташа, байланыс мамандығы болатын. Мамандығыма сай жұмыс табылмады. Қайта оқуға бекініп, еңбек нарығында сұранысқа ие әлеуметтік саланы таңдап, кеңесші мамандығын меңгердім. Алдағы уақытта осы саладағы әртүрлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына атсалысамын, – деді Тұрсынай Жұмабай.

Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz