Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Маңғыстау облысының мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға біріктіру туралы

25.07.2018

Маңғыстау облысының мүмкіндігі шектеулі азаматтарды

қоғамға біріктіру туралы

(2018 жылдың бірінші жартыжылдықта жасалған жұмыстар туралы ақпарат)

Маңғыстау облысында қазіргі таңда 24725 мүгедек, оның ішінде  1 топтағы мүгедек – 1988 адам, 2 топтағы мүгедек – 11496, 3 топтағы мүгедек – 6376, 4865 мүгедек бала тұрады.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғауды жүзеге асыру мақсатында мемлекет және облыс әкімдігі тарапынан бір қатар әлеуметтік шаралары алынуда.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес мүгедектер, мүгедек балалар  жеке оңалту бағдарламасы негізінде протездік ортопедиялық көмекпен, қозғалыс құралдарымен, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдарымен, санаторлық-курорттық емдеумен тегін қамтамасыз ету көзделген. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедек баланы тәрбиелеушіге ең төменгі жалақы мөлшерінде жәрдемақы төленіп бастады, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелет жасына толған 1 топ бала кезінен мүгедектердің қамқоршыларына жәрдемақы тағайындау басталды.

Тұрақты бюджеттік қаржыландыруға байланысты ағымдағы жылға 1875 мүгедек 88765,0 мың теңгеге протездік-ортопедиялық құралдарға,  524 мүгедек 6180,1 мың теңгеге сурдотехникалық құралдарға,  886  мүгедек  52757,8 мың теңгеге тифлотехникалық құралдарға,  676 мүгедек 28728,0 мың теңгеге  қозғалыс құралдарға, 2835 азамат 108091,0 мың теңгеге санаторлық-курорттық емдеуге, 2345 мүгедек  208899,0 мың теңгеге  гигиеналық құралдарға, 63 естімейтін мүгедек 6367,2 мың теңгеге ымдау тілі мамандарына,  бірінші топтағы 391 мүгедек  88292,0 мың теңге  жеке көмекшілерге қарастырылды.

  Аудандық, қалалық мәслихаттардың шешіміне сәйкес барлық топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға мерекелік күндер мен атаулы даталарға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде материалдық көмек көзделген.

  Облыс бойынша 24386 мүгедектерге және мүгедек балаларға  641131,7 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек төленді.

Облыста 6 медициналық-әлеуметтік мекеме қызмет етеді: «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», «№5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» және «Оңалту және әлеуметтендіру орталығы».

Қазіргі таңда аталған мекемелерде барлығы 846 адамға стационарлық, жартылай стационар бөлімінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. Соның ішінде:

-  «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» - 268 мүгедекке;

-  «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» 139 қарттар мен мүгедектерге;

-  «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»- 116 мүгедек балаларға;

-  «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»- 204 мүгедек балаларға;

-  «№5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» - жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қызмет көрсетіледі;

-  «Оңалту және әлеуметтендіру орталығы» - 119 мүгедекке.

Сонымен бірге облыс бойынша үйден арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 7 бөлім арқылы 1458 қарттар мен мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер  көрсетіледі.

Ағымдағы жылы мемлекеттік  әлеуметтік тапсырыс аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатында төмендегі үкіметтік емес ұйымдармен келісім-шарт жасақталды:

- «Асер» қоғамдық бірлестігі мүгедектерге Әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығының қызметін ұйымдастыру;

- «Мойымайтын мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Мейірім» бисенсорлы бұзылған (соқыр-керең) мүгедектердің қайта қалпына келтіру және әлеуметтік қолдау» корпоративтік қоры «Инватакси» тасымалдау қызметі («Инватакси» қызметін дамыту);

  - «Өркениетті келешек» қоғамдық қоры үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

  - «Здоровье детям» қоғамдық қоры психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;

- «Алас» қоғамдық қоры мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына мониторинг  жүргізу.

  Мүгедектердің әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қаматамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Облыс бойынша  әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерінің жалпы саны 1590 бірлікті  құрайды.

Ағымдағы жылғы I жартыжылдықтың  қорытындысы бойынша паспортталған әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілері қатарынан мүгедектерге қолжетімділігі тұрғысынан бейімделген  объектілердің үлесі 83,3% құрайды.

Жыл сайын  облыс бойынша  объектілерді паспортттау және бейімдеу жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес ағымдағы жылы 134 объектіні паспорттау және  189 объектіні  бейімдеу көзделген.

2018 жылы Маңғыстау облысы бойынша мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде орнатылған жол белгілері мен сілтегіштердің саны 14, жалпы сомасы 561,6 мың теңге (Ақтау – 11, Маңғыстау ауданы – 4, Бейнеу – 4, Қарақия – 1, Түпқараған – 1, Жаңаөзен – 4).

Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлердегі жүргіншілер өтетін жолдар дыбыстайтын 19 құрылғымен жарақталды, жалпы сомасы 2087,0 мың теңге (Ақтау – 5, Жаңаөзен – 7, Маңғыстау ауданы – 1, Бейнеу – 10, Қарақия – 0, Түпқараған – 1).

2018 жылы «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне мақсатты ағымдағы трансферттер» республикалық бюджеттен – 1938,0 мың теңге қарастырылған. 2 дана жаяу жүргіншілер өткелдері дыбыстық аппараттармен жабдықталып (Жаңаөзен – 1, Бейнеу – 1), 1 дана жол белгісі мен сілтегіші орнатылды (Бейнеу – 1). Қалған аудандарда жыл соңына дейін орнату жоспарланған.

Мүгедектердің  ақпаратқа қолжетімділігін  қамтамасыз  ету мақсатында жергілікті телеарна арқылы жаңалықтар бағдарламаларын сурдоаудармалау жүзеге асырылды. Нәтижесінде екі тілді сюжеттегі жаналықтарды (мемлекеттік тілде  30 минут және орыс тілінде 30 минут) сурдоаудармамен күнделікті сүйемелдеу қамтамасыз етілді.

Мүгедектердің қоғамдық көлікке қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі шешімін таппаған проблемалардың бірі.  Көлік инфрақұрылымның  бейімделмеуі және төмен табалдырықпен жабдықталған мүгедектерді тасымалдауға арналған көліктердің жеткіліксіздігі мүгедектердің қоғамдық көлікке қолжетімділігін қамтамасыз етуде кері әсерін тигізуде. 

Сондықтан  жергілікті атқарушы органдар тарапынан  жыл сайын әлеуметтік такси қызметін көрсету ұйымдастырылады. 2018 жылда аудан мен қалаларда инватакси қызметін көрсету үшін 11735,0 мың теңге қаржы  бөлініп жарты жылдың қорытындысы бойынша 1316 мүгедектің өтінімі соммасы 7249,4 мың теңгеге қанағаттандырылды.


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz