Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

27.09.2018

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы

хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

     

D-О-3 санаты үшін: Жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

     2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

    4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

    5)жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

D-О-4 санаты үшін: Жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5,  C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5,  Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

    4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

    5) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақысы:

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-O-3 блок А

305 771

398 831

D-O-3 блок С

263 596

343 820

D-O-4 блок А

195 895

255 514

D-O-4 блок В

168 875

220 271

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі  130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 24 ш/а, 7 ғимарат, № 310 бөлме.  Анықтама телефондары:  8(7292) 60-52-53,  факс: 60-52-59  (эл.пошта:  t.syrlybaeva@mangystau.gov.kz)  «Б»  корпусының бос мемлекеттік  әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Жұмыспен қамтуды үйлестіру, еңбек нарығын талдау және мониторингілеу бөлімінің басшысы (бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына уақытша 11.09.2019ж. дейін), D-О-3 санаты -  1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын жоспарлау және бөлімге жүктелген жұмыстарды үйлестіру, бөлім қызметкерлерінің құқығын, жауапкершілігі мен міндеттерін  айқындау, олардың орындалуын талап ету. Бөлімнің қызметіне қатысты өкімдік құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Бөлімге жұмыспен қамтуды үйлестіру, еңбек нарығын талдау және мониторингілеу мәселелері бойынша жүктелген жұмыстарды үйлестіру. «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламаларының және Маңғыстау облысы әкімінің іс-қимыл жоспарының орындалысын үйлестіру. «Жаңа Серпін» орталығы», жұмыспен қамту орталықтарының қызметін үйлестіру, мониторингілеу және  әдістемелік көмек көрсету. Жұмыспен қамту және білім беру органдарының кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру бағытындағы өзара іс-әрекеттестігін үйлестіру. Облыстың еңбек нарығын мониторингілеу. Бекітілген нысандағы ведомстволық және статистикалық есептердің, ақпараттардың әзірленуін, тиісті органдарға тапсырылуын қадағалау және ұйымдастыру. Бөлім қызметіндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жұмысын қадағалау. Басқарма басшысының, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған актілерін, тапсырмалары мен нұсқауларын, құжаттарын сапалы және мерзімінде орындау. Өтініштерді заңдарда белгіленген тәртіппен мерзімінде қарау, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеу. Орындауға түскен және бақылауға алынған жоғары тұрған органдардың құжаттары мен тапсырмаларының, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің бөлім қызметкерлері тарапынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес  қаралуын және орындалуын қадағалау. Қажеттілігіне бөлімнің басқа құрылымдық бөлімдермен, аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен, басқа да мүдделі органдар және ұйымдармен өзара іс-әрекеттестікте жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Өкілеттігін өзіне берілген құқықтар шегінде және қызметтік міндеттеріне сәйкес жүзеге асыру. Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтау және азаматтардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеу. Мүдделер қақтығысын болдырмау және оны реттеу бойынша тиісті шараларды қабылдау. Қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыру. Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

  Жоғары білім: Білім (педагогика және психология, информатика, құқық және экономика негіздері, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану). Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар). Құқық (құқықтану). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау). Техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі). Қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

  2. Құжат айналымын қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы (бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына уақытша 18.02.2021ж.дейін), D-О-3 санаты -  1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын жоспарлау және бөлімге жүктелген жұмыстарды үйлестіру, бөлім қызметкерлерінің құқығын, жауапкершілігі мен міндеттерін  айқындау, олардың орындалуын талап ету. Бөлімнің қызметіне қатысты өкімдік құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Басқарманың қызметінде құжат айналымын қамтамасыз ету және  бақылау мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру. Бақылауға алынған құжаттардың, тапсырмалардың сапалы және мерзімінде орындалуын бақылау.Статистикалық есептіліктердің, ақпараттар мен мәліметтердің толық әзірленуін және белгіленген мерзімдерде тиісті мемлекеттік органдарға ұсынылуын қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің басқарманың мемлекеттік қызметшілері тарапынан сапалы және мерзімінде орындалысын бақылау. Өтініштердің орындалу барысын тиісті мерзімдерде тексеру және олар бойынша әзірленген жауаптардың мерзімінде жолдануын қадағалау. Басқарма қызметі аясында өткізілетін іс-шараларды, оның ішінде бейнебайланыс режиміндегі алқа отырыстарын, мәжілістерді өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалысы жөніндегі мәселелер бойынша басқарманың құрылымдық бөлімдерімен, басқармаға бағынысты мемлекеттік мекемелермен, аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен, басқа да ұйымдармен жұмыс жүргізу, қажеттілігіне қарай әдістемелік көмек көрсету. Басқарманың қызметі жөніндегі ақпараттардың басқарманың ресми сайтында және қажеттілігіне қарай бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз ету. Басқармада мұрағат ісін жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру, мұрағатқа түскен құжаттардың сақталуын қадағалау. Басқарма басшысының, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған актілерін, тапсырмалары мен нұсқауларын, құжаттарын сапалы әрі мерзімінде орындау. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеу. Орындауға түскен және бақылауға алынған жоғары тұрған органдардың құжаттары мен тапсырмаларының, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің бөлім қызметкерлері тарапынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралуын және орындалуын қадағалау. Бөлім қызметкерлері тарапынан басқарманың құжаттаманы жасау және құжаттаманы басқару жөніндегі ережесі талаптарының орындалуын, оның ішінде бөлімнің іс жүргізу аяқталған құжаттарын ведомстволық мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету. Тиісті жағдайларда бөлімнің басқа құрылымдық бөлімдермен, басқармаға бағынысты мемлекеттік мекемелермен, аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен, басқа да мүдделі органдар және ұйымдармен өзара іс-әрекеттестікте жұмыс жасауын қамтамасыз ету, қажеттілігіне қарай әдістемелік көмек көрсету. Өкілеттігін өзіне берілген құқықтар шегінде және қызметтік міндеттеріне сәйкес жүзеге асыру. Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтау және азаматтардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеу. Мүдделер қақтығысын болдырмау және оны реттеу бойынша тиісті шараларды қабылдау. Қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыру. Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру. Еңбек тәртібін, мемлекеттiк қызметте болумен байланысты шектеулердi, әдеп қағидаларының талаптары мен жұмыс регламентінсақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

  Жоғары білім: Білім. Гуманитарлық ғылымдар. Құқық. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Техникалық ғылымдар және технологиялар. Қызмет көрсету.

  3. Жұмыспен қамтуды үйлестіру, еңбек нарығын талдау және мониторингілеу бөлімінің «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесімен жұмыс жөніндегі бас маманы (бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына уақытша 13.12.2019ж.дейін)  D-О-4 санаты -  1 бірлік.

Фунционалдық міндеттері: «Жұмыспен қамту», «Еңбек рыногы», «Электронды еңбек биржасы»автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің жұмысын мониторингілеу, аталған жүйелер арқылы сәйкес есептілікті қалыптастыру және белгіленген мерзімде есеп тапсыруды қамтамасыз ету. Басқарма, бөлім басшыларының тапсырмаларын,  жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған актілерін, нұсқаулары мен тапсырмаларын сапалы, толық әрі мерзімінде орындау. Облыс бойынша «Жұмыспен қамту», «Еңбек рыногы», «Электронды еңбек биржасы»автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің қалыпты деңгейде жұмыс жасауын, тиісті ақпараттардың жүйеге енгізілуін мониторингілеу және ұйымдастыру. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелеріндегі техникалық ақауларды уәкілетті органмен бірге жоюдың шұғыл шараларын алу, жұмыспен қамту орталықтарына әдістемелік, практикалық көмек көрсету. Артық және жетіспейтін жұмысшылар мен мамандықтарды мониторингілеу,  есептілікті қалыптастыру. Өкілеттігін өзіне берілген құқықтар шегінде және қызметтік міндеттеріне сәйкес жүзеге асыру. Өтініштерді заңдарда белгіленген тәртіппен мерзімінде қарау, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеу. Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алынған азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтау және азаматтардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеу. Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру. Сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттiк тәртіп пен еңбек тәртібін, заңдарда белгiленген шектеулердi, әдеп қағидалары мен жұмыс регламентінқатаң сақтау. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Жоғары білім: Білім (педагогика және психология, информатика, құқық және экономика негіздері, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану). Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар). Құқық (құқықтану). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау). Техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі). Қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

  4. Әкімшілік бөлімінің бас маман-заңгері (бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына уақытша 02.08.2019ж.дейін) D-О-4 санаты -  1 бірлік.

Фунционалдық міндеттері: Облыс әкімдігінің басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерінің, туынды және негізгі акт түрінде қабылданатын құжаттардың жобасын әзірлеу. Нормативтік құқықтық актілердің ішкі есебін жүргізу, олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру, қажеттілігіне қарай күшін жою, өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар жасау, мүліктік-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актілерді ресімдеуге көмек көрсету. Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің ережелерінің жобасын келісу, басқармаға ұсынылған бағынысты мемлекеттік мекемелердің жарғысының заңға сәйкестігін қарау және ресімдеу, мемлекеттік тіркеуге ұсыну. Әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша соттарда басқарманың мүддесін қорғау үшін өкілдік ету. Құқықтық мониторинг бойынша есептіліктердің, ақпараттар мен мәліметтердің толық әзірленуін және белгіленген мерзімдерде құзырлы органдарға ұсынылуын қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын жасақтау және дөңгелек үстелдер өткізу. Басқармаға бағынысты мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының орындалысына және жай-күйіне қатысты талдау жұмыстарын жүргізу. Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін әзірлеу, мемлекеттік тіркеуге ұсыну. Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлеріне байланысты нормативтік құқықтық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша мониторинг жүргізу. Басқарма қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін заңдармен, нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету бойынша, нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру. Басқарма басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелер мен басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды заңнамаға сәйкестігін тексеру. Мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының басқармаға жүргізген тексерістері кезінде тексерушілердің процессуалды әрекеттерінің сақталуын, негізділігін және тексерушілер шығарған қорытындылардың дұрыстығын, процессуалды құжаттарды құрастырылуы мен нәтижелерін тексеруді ресімдеуді құқықтық бақылау мақсатында басқарманың мүддесін білдіру. Өтініштерді заңдарда белгіленген тәртіппен мерзімінде қарау, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеу. Өкілеттігін өзіне берілген құқықтар шегінде және қызметтік міндеттеріне сәйкес жүзеге асыру. Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру. Қызметте жаңа технологияларды пайдалану, бөлім қызметіне қатысты цифрландыруды енгізу шараларын жүзеге асыру. Қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару кезінде алынған азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтау және азаматтардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеуге. Мүдделер қақтығысын болдырмау және оны реттеу бойынша тиісті шараларды қабылдау. Басқарма, бөлім басшыларының тапсырмаларын, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған актілерін, нұсқаулары мен тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындау. Сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттiк қызметте болумен байланысты шектеулердi, әдеп қағидаларының талаптары мен жұмыс регламентінқатаң сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

  Жоғары білім: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық).

5. Әкімшілік бөлімінің кадрларға мониторинг жүргізу және кадрлық іс жүргізу жөніндегі бас маманы (бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына уақытша 05.09.2019ж.дейін), D-О-4 санаты -  1 бірлік.

Фунционалдық міндеттері:Басқарманың негізгі қызмет, жеке құрам, демалыстар, іссапарлар, тәртіптік жаза қолданулар және әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі бұйрықтарын әзірлеу. Еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссияның, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау комиссиясының отырыстарын өткізу. Таза ауысымдық, бос лауазымдар, конкурстар, оқуға қатысуы  жөніндегі айлық есептіліктерді және кадр мәселелері бағытында алынған шаралар туралы мәліметтерді әзірлеу және белгіленген мерзімдерде тиісті органдарға ұсыну. Қызметкерлердің ішкі есебін жүргізу, олардың жеке істерін, еңбек кітапшаларын, еңбек шарттарын ресімдеу, сақтау және оларға жасалатын өзгерістер мен толықтыруларды мерзімінде енгізу. Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің жұмысын жүргізу, қажетті мәліметтерді мерзімінде енгізу. Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына қатысуын ұйымдастыру. Жұмыс уақытын есепке алу тізімдіктерін (табельдерін) әзірлеу. Басқарманың, басқармаға бағынысты мемлекеттік мекемелердің, аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, аудандық, қалалық жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлерін марапаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу. Кадрлық мәселелер бойынша басқарманың құрылымдық бөлімдерімен, басқармаға бағынысты мемлекеттік мекемелермен, аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен, басқа да ұйымдармен жұмыс жүргізу, қажеттілігіне қарай әдістемелік көмек көрсету. Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттiк қызметте болумен байланысты қойылған шектеулердi, жұмыс регламентін және әдеп кодексінің талаптарын сақтауын бақылау. Өкілеттігін өзіне берілген құқықтар шегінде және қызметтік міндеттеріне сәйкес жүзеге асыру. Өтініштерді заңдарда белгіленген тәртіппен мерзімінде қарау. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеу. Қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару кезінде алынған азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтау және азаматтардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеу. Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру. Бөлім басшысының тапсырмаларын, басқарма басшысының, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған актілерін, нұсқаулары мен тапсырмаларын мерзімінде орындау. Сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттік ызметшілердің мемлекеттiк қызметте болумен байланысты шектеулердi, әдеп қағидаларының талаптары мен жұмыс регламентінқатаң сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Жоғары білім: Білім. Гуманитарлық ғылымдар. Құқық. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Техникалық ғылымдар және технологиялар. Қызмет көрсету.

6.  Әкімшілік бөлімінің цифрландыру мәселелері жөніндегі бас маманы (бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына уақытша 13.12.2019ж. дейін),  D-О-4 санаты – 1 бірлік. 

Фунционалдық міндеттері: «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау. «Paper-free» форматы - қағаз құжат айналымын жою, «бір өтініш» қағидатына ауысу бойынша өзара іс-қимылды іске асыру шараларын ұйымдастыру. Басқарманың ішкі қызметін цифрландыру, басқа мемлекеттік органдармен хат алмасу және басқа операцияларды орындаумен байланысты процестерді автоматтандыру бағдарламаларын тиімді іске асыру. Басқарманың цифрландыру бойынша атқарып жатқан жұмысымен халықты ақпараттандыруды ұйымдастыру. Жоғары тұрған органдарға жіберілетін жинақ есептерді, талдамалық ақпараттарды сапалы  және мерзімінде дайындау. Басқарма басшысының, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған актілерін, тапсырмалары мен нұсқауларын, құжаттарын сапалы әрі мерзімінде орындау. Қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыру. Сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттiк тәртіп пен еңбек тәртібін, заңдарда белгiленген шектеулердi, әдеп қағидалары мен жұмыс регламентін қатаң сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: 

  Жоғары білім: Білім. Гуманитарлық ғылымдар. Құқық. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Техникалық ғылымдар және технологиялар. Қызмет көрсету.

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттар Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі жұмыс күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады

Шағым жасау тәртiбi

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

  «Б» корпусының мемлекеттік

  әкімшілік лауазымына 
  орналасуға конкурс өткізу
  қағидаларына 2-қосымша 

________________________________________________
(мемлекеттік орган) 

Өтініш

 Мені___________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.


  Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын. 
 Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

  Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

  Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________
________________________________________________________________________________

__________   ____________________________________
  (қолы)   (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«_____»_______________ 20____ ж.

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / 
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz