Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы

17.10.2018

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы

хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

     

D-О-3 санаты үшін: Жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

     2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

    4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

    5)жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

D-О-4 санаты үшін: Жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5,  C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5,  Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

    4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

    5) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақысы:

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-O-3 блок В

263 596

343 820

D-O-4 блок А

195 895

255 514

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі  130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 24 ш/а, 7 ғимарат, № 310 бөлме.  Анықтама телефондары:  8(7292) 60-52-53,  факс: 60-52-59  (эл.пошта:  t.syrlybaeva@mangystau.gov.kz)  «Б»  корпусының бос мемлекеттік  әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Әкімшілік бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты -  1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:Бөлімнің жұмысын жоспарлау және бөлімге жүктелген жұмыстарды үйлестіру, бөлім қызметкерлерінің құқығын, жауапкершілігі мен міндеттерін  айқындау, олардың орындалуын талап ету. Бөлімнің қызметіне қатысты өкімдік құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Басқарма қызметіне байланысты туындайтын құқықтық сипаттағы құжаттар мен актілердің әзірлеуін бақылау. Нормативтік құқықтық актілерінің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қарау, қажеттілігіне қарай олардың күшін жою, өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне мониторинг жүргізу. Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының жасақталуын және орындалысын бақылау. Басқармада кадр құрамын қалыптастыру, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау, мемлекеттік қызметшілерге  конкурстық іріктеуді ұйымдастыру бойынша жұмыстарды қадағалау. Басқармаға бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындау, босату, демалыстар беру, біліктілігін арттыру және т.б., құжаттарының ресімделуін қадағалау. Кадрлар жөніндегі айлық, тоқсандық есептіліктер мен ақпараттардың, мәліметтердің толық әзірленуін және белгіленген мерзімдерде тиісті органдарға ұсынылуын бақылау, жұмыс уақытын есепке алу тізімдіктерінің (табельдің) мерзімінде жасақталуын қамтамасыз ету. Кадрлардың кәсіби дамуын, оларды қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тағылымдаман өтуін қадағалау, тәлімгерлікті ұйымдастыруын бақылау. Еңбек стажын белгілеу, конкурстық, тәртіптік, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың отырыстарының ұйымдастырылуын бақылау. Мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерінің, жеке құрам, демалыстар, іссапарлар, тәртіптік жаза қолданулар және т.б. мәселелер жөніндегі бұйрықтарының «е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілуін бақылау. Бөлімде жаңа технологияларды пайдалану, бөлім қызметіне қатысты цифрландыруды енгізу шараларын жүзеге асыру. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес басқарма қызметін цифрландыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалысына мониторинг жүргізу. Басқарма қызметін цифрландыруға байланысты жаңа бағдарламаны игеру, қызметте тиімді қолдану практикасын жетілдіру үшін тұрақты негізде ұйымдастырылатын іс-шараларға, семинар-тренингтерге қызметкерлердің қатысуын қадағалау. «Paper-free» форматы - қағаз құжат айналымын жою жөніндегі іске асырылатын шаралар бойынша сатылы көшуді қадағадау. Басқарма басшысының, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған актілерін, тапсырмалары мен нұсқауларын, құжаттарын сапалы және мерзімінде орындау. Өтініштерді заңдарда белгiленген  тәртiппен  мерзiмінде қарау. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету. Орындауға түскен, бақылауға алынған жоғары тұрған органдардың құжаттары мен тапсырмаларының, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің бөлім қызметкерлері тарапынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес  қаралуын және орындалуын қадағалау. Қажеттілігіне қарай бөлімнің басқа құрылымдық бөлімдермен, басқармаға бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекемелермен, аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен, басқа да мүдделі органдар және ұйымдармен өзара іс-әрекеттестікте жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Өкілеттігін өзіне берілген құқықтар шегінде және қызметтік міндеттеріне сәйкес жүзеге асыру. Қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыру. Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтау және азаматтардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеу. Мүдделер қақтығысын болдырмау және оны реттеу бойынша тиісті шараларды қабылдау. Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру. Еңбек тәртібін, мемлекеттiк қызметте болумен байланысты шектеулердi, әдеп қағидаларының талаптары мен жұмыс регламентінсақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

  Жоғары білім: Білім. Гуманитарлық ғылымдар. Құқық. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Техникалық ғылымдар және технологиялар. Қызмет көрсету.

2. Әлеуметтік оңалту және қызметтер бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуды мониторингілеу жөніндегі бас маманы - D-O-4 санаты,  1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Өңірде арнаулы әлеуметтік қызметтердің ұйымдастырылу барысын, сапасын мониторингілеу. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті талдау, зерттеу, қажеттілігіне қарай арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелер желісін кеңейту, оңтайландыру туралы ұсыныстар енгізу. Басқарма бағынысындағы медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтің стандарттарға сәйкес көрсетілуін ұйымдастыру. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мұқтаждығы танылған адамдар мен балаларды медициналық-әлеуметтік мекемелерге  жолдау және жолдау кезектілігін қалыптастыру және жүргізу. Медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметін ұйымдастыру, әдістемелік, практикалық көмек көрсету. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет алушылардың жәрдемақы және зейнетақы төлемдерінің пайдаланылуын қадағалау. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет алушылардың қызмет сапасы туралы пікірлерін, ұсыныстарын зерттеу, талдау және шаралар алу. Пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылуын үйлестіру, есептілігін жүргізу. «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылғандар туралы мәліметтердің уақтылы және тиісінше енгізілуін қамтамасыз ету. Арнаулы әлеуметтік қызметпен стационар, жартылай стационар, үй жағдайында қамтылған, сондай-ақ үкіметтік емес секторда қамтылған қызмет алушылар туралы ведомстволық есептілікті қалыптастыру және уәкілетті органға ұсыну. Өңірлерді дамыту бағдарламасының іс-шаралар жоспарында арнаулы әлеуметтік қызметтерге қатысты бөлігінде белгіленген индикаторларға қол жеткізу шараларын қамтамасыз ету. Мүгедектерді кәсіптік оқыту шараларын алу. Жұмыста жаңа технологияларды пайдалану, мүгедектерді әлеуметтік оңалту  саласында цифрландыруды енгізу шараларын жүзеге асыру,  қажеттілігі қарай көрнекі материалдар, слайдтар, инфографикалар, диаграммалар әзірлеу. Өкілеттігін өзіне берілген құқықтар шегінде және қызметтік міндеттеріне сәйкес жүзеге асыру. Өтініштерді заңдарда белгіленген тәртіппен мерзімінде қарау. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеу. Қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару кезінде алынған азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтау және азаматтардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеу. Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру. Басқарма, бөлім басшыларының тапсырмаларын, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған актілерін, нұсқаулары мен тапсырмаларын сапалы, толық әрі мерзімінде орындау. Сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттiк тәртіп пен еңбек тәртібін, заңдарда белгiленген шектеулердi, әдеп қағидалары мен жұмыс регламентін қатаң сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

  Жоғары білім: Білім (педагогика және психология, құқық және экономика негіздері, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану). Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар). Құқық (құқықтану). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау). Техникалық ғылымдар және технологиялар (көлік, көліктік техника және технологиялар, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі). Қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттар Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі жұмыс күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады

Шағым жасау тәртiбi

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

  «Б» корпусының мемлекеттік

  әкімшілік лауазымына 
  орналасуға конкурс өткізу
  қағидаларына 2-қосымша 

________________________________________________
(мемлекеттік орган) 

Өтініш

 Мені___________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.


  Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын. 
 Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

  Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

  Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________
________________________________________________________________________________

__________   ____________________________________
  (қолы)   (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«_____»_______________ 20____ ж.

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / 
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz