Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Облысқа шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмысберушілердің назарына!!!

19.03.2019

Облысқа шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмысберушілердің назарына!!!

  Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту»  мемлекеттік қызметті бүгінгі таңда электрондық форматта жүзеге асыру қолайлы екенін қаперіңізге береді.

  Өтінішті және керекті құжаттарды  жалғап электронды түрде тапсыру/ұсыну келесі:

-  біріншіден, сіздің қызметкерлеріңіздің уақытын үнемдейді – өтінішті

кеңседен шықпай-ақ «е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының  www.elicense.kz  сайты арқылы ұсынуға мүмкіндік бар;

-  екіншіден, шығындарды үнемдейді – қағаз, көлікті және т.б.

-  үшіншіден, жемқорлыққа жол бермеу;

-  төртіншіден, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасын

ақпараттандыру жөніндегі тапсырмасының орындалуына өз үлесіңізді қосасыз.

  Мемлекеттік қызметті электрондық форматта алу үшін басшының ЭЦҚ (электронды-цифрлық қолтаңба) алу, өтінішті мұқият және ұқыпты толтыру, ПДФ форматында қосымша құжаттарды сканерлеп өтінішке жалғау керектігін ескертеміз.

  Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат  алу барысында ұсынылатын қажетті құжаттардың тізілімі:

1.  Тартылатын шетелдік жұмыскердің біліктілігін растайтын құжаттар:

1)  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырылған көшірмелері мен  аудармалары.

2)  Жұмыскер бұрын істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау және жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат.

2.  Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат.

3.  Шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

4.  Тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәлімет.

  Берілген рұқсаттың қолдану мерзімін ұзарту үшін ұсынылатын қажетті құжаттардың тізілімі:

1.  Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат.

2.  Шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

3.  Тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәлімет.


Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz