Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Басқарма туралы жалпы ақпарат

13.11.2018

1.«Маңғыстау облысының  жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» (одан әрi мәтiн бойынша — Басқарма) мемлекеттік  мекемесi облыс бюджетiнен қаржыландырылатын және жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың Маңғыстау облысы аумағында әлеуметтiк-еңбек қатынастары, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтiк бағдарламалар саласындағы функцияларды жүзеге асыруға облыс әкiмдiгiмен өкiлдiк берiлген атқарушы орган болып табылады.

2.Басқарма өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, орталық және жергiлiктi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Ережеге толықтырулар мен өзгерiстер заңнамаға сәйкес енгiзiледi.

3.Басқарманың құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкiмдiгi болып табылады.

4.Басқарма мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы бар мөрi және мөртабандары белгiленген үлгiдегi бланктерi, сондай-ақ белгiленген тәртiпте қазынашылық органдарында ашылған шоттары болады. Басқарманың филиалдары мен өкiлдiктерi жоқ.

5.Басқарма өз атынан азаматтық - құқықтық қатынаста болады, заңнамаға сәйкес оған ол өкiлеттiк берiлген жағдайда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың  тарабы  болу  құқығы бар.

6.Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша белгiленген тәртiпте облыс аумағында күшi бар, бұйрықтар түрiндегi актiлер шығарады.

7.Басқараманың штат санының лимитi облыс әкiмдiгiмен бекiтiледi.

8.Басқарманың толық атауы:

мемлекеттiк тiлде: «Маңғыстау облысының  жұмыспен қамтуды

үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

орыс тiлiнде: Государственное учреждение «Управление координации занятости  и  социальных  программ  Мангистауской  области».

9.Басқарманың заңды мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 24 шағын ауданы, 15 ғимарат, индексi 130000.

10.Басқармаға оның функциялары болып табылатын мiндеттерiн орындау мазмұнында кәсiпкерлермен шарттық қатынастарда болуға тыйым салынады.

11.Басқарма заңнама актiлерiмен рұқсат берiлген, табыс беретiн қызметтi атқарған кезде олар облыс бюджетiне жiберiледi.

12.Басқарманың құрылтайшы құжаты «Маңғыстау облысының  жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже болып табылады.

13.Байланыс телефондары

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» ММ

Сенiм телефоны: 8 (7292)605057

Қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (7292)605253

Индексi: 1300000

Мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 24 шағын ауданы, 15 ғимарат

E-mail:ukzsp@mangystau.gov.kz

Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz