Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

«Мүдделер қақтығысы туралы» Жадынама

10.07.2019

Қазақстан  Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына сәйкес, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ  болып табылады.

Жеке бас мүдделері деп тікелей немесе делдалдар арқылы өзі, семья

мүшелері немесе басқа да тұлғалар үшін ақшалай немесе натуралды түрде пайда табу (баю), мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алуды түсінуге болады.

Жоғарыда көрсетілген тұлғаларға мүдделер қақтығысы орын алған

жағдайда, лауазымдық міндеттерді жүзеге асыруға тыйым салынады.

Туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi

туралы белгiлi болған сәтте, ол жөнінде жазбаша түрде өзiнiң тiкелей басшысына, не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына хабарлап, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға  мiндеттi.

Тікелей басшысы не ұйымның басшылығы аталған адамдардың

өтініштері бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдауға міндетті:

1)  лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетуге және мүдделер

қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға;

2) лауазымдық міндеттерін өзгертуге;

3) мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар.

Мемлекеттiк қызметшi, оның тiкелей басшысы және мемлекеттiк

органның басшылығы өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершілікке, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамағаны үшін  әкімшілік  жауапкершілікке тартылады.

Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz