Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Ресми интернет - ресурсы

Басқарма ұжымы мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығыстарын талқылады

11.07.2019

Кез келген мемлекеттік органның қызметінде мүдделер қақтығысын анықтау сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды тәсілдерінің бірі болып табылады.

Осы мақсатта, 2019 жылғы 12 маусымда Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұжымы  мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы туралы бойынша  жиналыс өткізді.

Іс-шараның модераторы ретінде басқарма басшысы Қ.Берішбаев  сөз сөйлеп, мүдделер қақтығысы – мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық екендігін айта кетті.

Басқарманың әкімшілік бөлімінің басшысы Ш.Қонарбаева  тақырыптық баяндама жасады. Ол мүдделер қақтығысының болу себептері,  салдары және болдырмау жолдары туралы айтты, сондай -ақ  мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы мәселесі бойынша мемлекеттік  қызметшілерді  дайындалған  Жадынамамен таныстырды.

Сонымен қатар жиналыс барысында  Ш.Қонарбаева  басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне  2016 жылы әзірленген ҚР қызмет істері министрлігінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде мүдделер қақтығысы сұрақтары бойынша әдістемелік Нұсқаулығы» және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің 2019 жылғы 10 маусымдағы №03-1-6/3119 хатына сәйкес, «Мемлекеттік органдарда және ұйымдарда мүдделер қақтығысын басқару бойынша әдістемелік құралын» мәлімет үшін таныстырып өтті.

Басқарма  қызметкерлері талқылауға белсене қатысып, көтерілген мәселелер бойынша  тәжірибелі қызметкерлермен қатар,  жас мамандар да өз пікірлерімен бөлісті.

Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
ҚР электронды үкіметі http://www.egov.kz
ҚР Үкіметі http://government.kz
Орталық атқарушы және мемлекеттік органдар http://government.kz/structure/org
ҚР Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы http://personal.akorda.kz
ҚР электронды лицензиялау http://elicense.kz
ҚР мемлекеттік сатып-алулары http://www.goszakup.gov.kz
ҚР Премьер-министрінің ресми сайты http://www.primeminister.kz/
ҚР ақпараттық-құқықтық және заңдық анықтамалық жүйесі http://www.zakon.kz
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz