Регистрация
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Вперед
Назад
Регистрация
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Личный кабинет

Управление координации занятости и социальных программ Мангистауской области

Официальный интернет-ресурс

Управление координации занятости и социальных программ по Мангистауской области

02.08.2019

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

1.  Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу:

1. Тұңғыш Президент - Елбасының тапсырмасына сәйкес 2019 жылғы  1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмектің көлемі мен тағайындау тетігінің жаңа форматы қолданысқа енгізілді.

  Маңғыстау облысы бойынша ағымдағы жылдың 1 сәуірден бастап жаңа критерийлерге сәйкес 8 707 өтініш қабылданды. 

  Соның ішінде 7825 отбасы (42 382 адам) комиссиядан өтіп, 382 отбасы 2056 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан объективті себептермен бас тартылған, ол 4,9% құрайды (табысының асуып кетуі, табысының  жасыру фактілері, отбасы толық бір мекен жайда немесе көрсетілген мекен-жайда тұрмауы және т.б. себептер).

  Барлығы ағымдағы жылдың 1 шілдесіне атаулы әлеуметтік көмек  7223 отбасыға (40 477 адам) тағайындалған, 7175 отбасы немесе 39 744 адамға 1,8 млрд теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді.

 

  2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек:

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жекелеген санаттағы азаматтарға, соның ішінде мүгедектерге жыл сайын мерекелер мен атаулы даталарға – Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі күні, Конституция күні, Халықаралық мүгедектер күні, Тәуелсіздік күні құрметіне 5 (бес) айлык есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде әлеуметтік көмек төленеді.

  Мерекелік күндерге және атаулы даталарға 983158,2 мың теңге көлемінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 37711  азамат біржолғы материалдық көмек алды.

  Соның ішінде 25140 мүгедек және мүгедек балаларға мерекелік күндерге 697140,2 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

  Жыл сайын 9-мамыр Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, сондай-ақ  Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген тұлғаларға  бір жолғы материалдық  көмек қарастырылған. 2019 жылдың 1 жартыжылдықта 1867 адам 210249,9 мың теңгеге көмек көрсетілді.

  Мүгедек  балаларға үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек ай сайын  5 АЕК мөлшерінде беріледі. Бүгінгі күні 411 мүгедек 30895,0 мың теңге төленді.

  Әлеуметтік жағдайы төмен және халықтың осал топтары үшін өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы материалдық көмек көрсету көзделген, есепті кезеңге 3693 отбасыға 264296,4 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

3. Мүгедектерді оңалту бағдарламасы:

Маңғыстау облысы бойынша 2019 жылы жергілікті бюджеттен аталған бағытқа  367228,0 мың теңге қаржы қарастырылған. Нақты қажеттілік 1087214,0 мың теңге. Ағымдағы жылдың шілде айындағы жағдай бойынша мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының орындалысы  32,8% құрап отыр.

Бөлінген қаржы шегінде  мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп, нәтижесінде:

-санаторлық-курорттық емделуге 1312 адамға жолдама  сатып алынып, 16 сәуірден бастап «Самал» пансионатында санаторлық курорттық емделу қызметтері көрсетілуде.

- протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету қызметі бойынша «Республикалық протездік-ортопедиялық  орталық» АҚ-мы 02 сәуірден бастап қызмет көрсетуде. Аталған мекемеден 2 рет мамандар шақыртылып, протездік-ортопедиялық бұйымдарға өлшем алынды;

  - 1229дана -  протездік-ортопедиялық бұйымдардар сатып алынды;

- 1229дана -  тифлотехникалық, сурдотехникалық құралдар да сатып алынып, аудандық, қалалық бөлімдер қамтамасыз етілуде;

-625 дана -  жүріп-тұру құралдары бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазымен  сот процесі өтуде. Соған байланысты, бүгінгі таңда жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмай отыр.

2019 жылға қарастырылған қаржы шегінде мемлекеттік сатып алулар өткізіліп, 6 айдың қорытындысы бойынша:

- тифлотехникалық құралдармен қамту  - 35 % (қажеттілік 1555/ орындалысы 548),

- сурдотехникалық құралдармен қамту - 29% (қажеттілік 876/орындалысы 232),

- арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамту - 0% (қажеттілік 868/ орындалысы 4),

- протездік – ортопедиядық бұйымдармен қамту - 16% (қажеттілік 3077 /орындалысы 490),

- санаторлық-курорттық емделумен қамту - 9% (қажеттілік 5243/ орындалысы 459),

- жеке көмекші қызметімен қамту - 75% (қажеттілік 699 /орындалысы 527),

- ымдау тілі маманының қызметімен қамту - 89% (қажеттілік 62 /орындалысы 55),

- міндетті гигиеналық құралдармен қамтамсыз ету - 81% (қажеттілік 3568 / орындалысы 2888).

01.07.2019 жылғы жағдай бойынша 2849 адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды.

Стационарлық жағдайда : 510 қызмет алушы

Қарттар мен мүгедектер- 118,

Психоневрология – 283,

Балалар психоневрологиялық - 109

Жартылай стационарлық жағдайда : 90 қызмет алушы

Қарттар мен мүгедектер - 21,

Психоневрология – 2,

Балалар психоневрологиялық -6742,

Оңалту орталықтары арқылы - 311

Балалар оңалту бөлімшесінде – 198

Ересектер оңалту бөлімшесінде  –113

Үйден қызмет алу стандарты бойынша аудан, қалаларда -  1462,

Белгілі тұрағы жоқ азаматтар – стационарлық жағдайда – 74,

түнгі бөлімшеде – 117,

Әлеуметтік патруль бөлімшесінде – 220,

Зорлық зомбылық құрбандарына

мемлекеттік мекеме арқылы қызмет көрсету – 23

МӘТ арқылы барлығы 42 адам, оның ішінде:

Зорлық зомбылық құрбандары – 10

Психоневрологиялық ауытқушылығы балаларға

жартылай стационарлық қызмет көрсету -  32

Кезектілікте 309 адам бар (ересектер оңалту орталығына).

4. Тұрғын үй көмегі:

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес облыс бойынша коммуналдық қызмет ақысының шығындары  жергілікті өкілетті органмен белгіленген  шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артық болған жағдайда тұрғындарға тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін алуға өтініш білдіретіндердің басты бөлігі халықтың әлеуметтік осал тобына жататын, аз қамтылған отбасылар.  2019 жылдың 1 шілдесіне 61066,1 мың теңгеге  895 отбасына (2792 азаматқа) тұрғын үй көмегі төленді.

5.Көші-қон туралы ақпарат

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы  көші-қон мәселелері жөніндегі бөлім ағымдағы жылдың жеті айында төмендегі жұмыстарды атқарды.

1.  Ел Басының (2019 жылғы 16 наурыздағы № 20-173қ-8) этникалық қазақтардың проблемалық мәселелерін шешу бойынша тапсырмасына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдарға оралман мәртебесінің мерзімі өткен этникалық қазақтарға жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын беру жөнінде жұмыстар жүргізу тапсырмасына және Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2019 жылғы  27  наурыздағы  № 2487  хатына  сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға құжат тапсыру 314 адамға шешім берілді.

2.  "Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде 1348 адамға оралман мәртебесі берілді.

3.  Ерікті қоныс аудару бағдарламасына сәйкес Ақтау қаласынан 14 адам, Мұнайлы ауданынан 7 адам, Түпқараған ауданынан 1 адам, яғни барлығы 22 адамның  Солтүстік өңірлерге қоныс аударуына мүмкіндік жасады. Бұл бағытта үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.


Социальная реклама

Информационные ресурсы
Электронное правительство Республики Казахстан http://www.egov.kz
Правительство Республики Казахстан http://ru.government.kz
Центральные исполнительные и государственные органы http://ru.government.kz/structure/org
Официальный сайт Президента Республики Казахстан http://www.akorda.kz
Персональная страница Президента Республики Казахстан http://personal.akorda.kz
Электронное лицензирование Республики Казахстан http://elicense.kz
Государственные закупки Республики Казахстан http://www.goszakup.gov.kz
Официальный сайт Премьер министра Республики Казахстан http://www.primeminister.kz/
Информационно-правовая и юридическая справочная система Республики Казахстан http://www.zakon.kz
Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан http://www.enbek.gov.kz