Регистрация
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Вперед
Назад
Регистрация
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Личный кабинет

Управление координации занятости и социальных программ Мангистауской области

Официальный интернет-ресурс

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

07.08.2019

Атаулы әлеуметтік көмек  (АӘК)

Атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) ауылдық жерде құжат қабылдауды, отбасы  (адам) туралы деректерді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен сұрау салуды (оның ішінде отбасының табысы туралы) АУЫЛ ӘКІМІ жүзеге асырады. Егер ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда АУЫЛ ӘКІМІ  тиісті мемлекеттік органдарға жазбаша сұрау салады. АУЫЛ ӘКІМІ ұсынылған немесе ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, құжаттардың электрондық макетін қалыптастырады және оны өзінің электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырады. АӘК-ке өтінішті тиісінше қабылдағаннан кейін құжаттар топтамасын АУЫЛ әкімінің өкімімен құрылған учаскелік комиссияға жолдайды. Учаскелік комиссияның оң қорытындысын алғаннан кейін құжаттарды АУДАНДЫҚ жұмыспен қамту орталығына жолдайды. Әлеуметтік көмектің түрін (шартты, шартсыз), отбасының жиынтық табысының, сәйкесінше, АӘК мөлшерін АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ  анықтайды. Содан кейін АӘК тағайындау туралы шешім қабылдау үшін құжаттар  уәкілетті мемелекеттік орган АУДАНДЫҚ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар БӨЛІМІНЕ келіп түседі. Құжаттардың дұрыс рәсімделгенін тексеріп көзін жеткізген АУДАНДЫҚ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар БӨЛІМІнің басшысы АӘК тағайындау туралы шешім қабылдап, көмек төлеуді жүзеге асырады. Көріп отырғаныңыздай,  АӘК тағайындау және төлеу мемлкеттік көрсетілетін қызметін көрсету тізілімінде ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ жоқ. АӘК тағайындау мен төлеуде БАСҚАРМАНЫҢ негізгі қызметі көмек төлеуді үйлестіру, яғни тиісті қаражатпен, оның ішінде республикалық бюджеттен қамту шараларын алу, АӘК төлеуді мониторингілеу және әдістемелік көмек  көрсету. Сондықтан АӘК төлеуде орын алған қателіктер үшін БАСҚАРМАНЫ кіналау, басқарма басшылығы жіберген бұзушылық деп халық арасында пікір қалыптастыру дұрыс болмайды. Жоғарыда көрсетілгендей АӘК тағайындауқызметін көрсетудің бекітілген стандарты мен регламентіне сәйкес әрбір органның міндеті белгіленеген. Ал түсінік жұмыстарын жүргізуге келетін болсақ, бұл жұмыс күнделікті, үзіліссіз жүріп келеді. Басқарма өз деңгейінде түсінік жұмыстарын БАҚ, әлеуметтік желілерде, халықпен кездесулерде, азаматтарды жеке қабылдаулар барысында, «Нұр Отан» партиясының алаңқайында жүзеге асырып отыр. Сонымен бірге 111 қысқа номері арқылы АӘК туралы облыстан түскен сұрақтарға БАСҚАРМА басшылығы тәулігіне 24 сағат қоңырау қабылдап, ватсап желісі арқылы келіп түскен сұрақтарға толық, нақты жауаптарды ұсынып келеді. Көпшіліктің арасында АӘК алмағандардың наразылығы болатынын түсінеміз. Бірақ бұл наразылық ақпарат немесе түсінік жұмыстарының жеткіліксіздігінен емес, әр түрлі себептерге байланысыты АӘК тағайындалмаған адамдардың наразылығы деп санаймыз. Қате тағайындалған

АӘК-ті қайта тексеру, заңсыз тағайындалған қаржыны кері қайтарудың барлық тетіктері бар. Заңсыз төленген қаржы бір тиынына дейін бюджетке кері қайтарылатынына сендіреміз. Және аталған жұмыстың, яғни заңсыз төленген қаржыны кері қайтару барысын әлеуметтік желіде жариялап отыратын боламыз.  

Социальная реклама

Информационные ресурсы
Электронное правительство Республики Казахстан http://www.egov.kz
Правительство Республики Казахстан http://ru.government.kz
Центральные исполнительные и государственные органы http://ru.government.kz/structure/org
Официальный сайт Президента Республики Казахстан http://www.akorda.kz
Персональная страница Президента Республики Казахстан http://personal.akorda.kz
Электронное лицензирование Республики Казахстан http://elicense.kz
Государственные закупки Республики Казахстан http://www.goszakup.gov.kz
Официальный сайт Премьер министра Республики Казахстан http://www.primeminister.kz/
Информационно-правовая и юридическая справочная система Республики Казахстан http://www.zakon.kz
Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан http://www.enbek.gov.kz